1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары. Жауабы


Шалкиіз жыраудың толғауларындағы ел-жұрттың бірлігі, адамның өмірі мен тағдыры, ерлік, адамгершілік мәселелері



бет35/63
Дата12.05.2023
өлшемі148.51 Kb.
#473599
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
1. Ежелгі са тарды д ниетанымды станымдары мен рухани ндылы

42. Шалкиіз жыраудың толғауларындағы ел-жұрттың бірлігі, адамның өмірі мен тағдыры, ерлік, адамгершілік мәселелері.
ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ ЕЛДІК МҰРАТТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада Шалкиіз жырау толғауларындағы реалистік, философиялық, дидактикалық көзқарастардың тоғыса көрінуі кеңінен қарастырылады. Осы орайда жыраудың дәуір бейнесін сипаттаған шығармаларына нақты талдаулар жасала отырып, тұжырымдар жасалады.
Қазақтың төл әдебиетінің бастапқы дәуірінде өмір сүріп, жыраулар поэзиясының мазмұндық жағынан тереңдей өрістеуіне, дүние сырына дендей үңілу тұрғысынан кемелдене түсуіне зор ықпал еткен жырау – Шалкиіз Тіленшіұлы. Жыраудың өмір жолын зерделеген белгілі әдебиеттанушы М.Мағауин оны 1465 жылдар шамасында Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келіп, 1560 жылдар мұғдарында дүниеден озуы ықтималдығын айтады . Өзге әдебиет зерттеушілері де осы пікірден бұра тартпайды. Ал жыраудың өз туындыларына үңілсек, оның өз дәуірінде қазақ пен ноғайлы жұрттарын жайлаған елмен етене араласқаны, екі елдің де билік басындағы хандары мен билерін, батыр-бағландарын жақсы білгені, ел тағдыры сынға түскен сәттерде ақылы мен айбарын алға сала, ой-пікірін олардың қай-қайсына да еркін айта білгені аңдалады. Сондай- ақ, жыраудың жыр-толғауларында мұсылманшылық қағидаларын қажетті тұстарда ой жеткізуге ұтымды пайдаланылуы, сонымен бірге көшпелі елдің жөн-жоралғысына, дәстүр- салтына қатысты көріністердің де орайымен алға тартылып отыруы Шалкиіз жыраудың мұсылманшылық жолын да, халықтың өмір салтын да жетік білгенін көрсетеді. Шалкиіз жырау өз заманындағы қазақ пен ноғайлы хандарының бәрімен дерлік таныстықта болғанымен, солардың ішінде ноғайлы билеушісі Би Темірмен етене жақын араласқаны, оған ой-пікірін еркін айта алатын ақылман кеңесшіге айналғаны, жорық- жортуылдарда үзеңгілес серігі болғаны анық.
Шалкиіз туындылары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан беріде хатқа түсе бастады. Шалкиіз шығармашылығының басты сипаттарының бірі – жыраудың өмірлік жәйттерді жинақтай суреттеп, философиялық ой түйіндерін ұсынуға да, нақты құбылысты яки қаһарманды даралай бейнелеп, оның өзіндік қасиеттерін айқындай көрсетуге де аса шеберлігі. Сондай-ақ, ол қажетті тұстарда аталған тәсілдерді бірімен бірін ұштастыра, бірінен бірін өрістете қолдануға да қабілетті.Жыраудың нақты бейнелер жасалған жыр-толғауларына зерделей зер салсақ, оның өзі тірлік кешіп, қалың оқиғаларының белортасында жүрген тарихи кезеңнің, сонымен бірге оның өзі етене араласқан тарихи тұлғалардың шынайы бейнелерін танимыз. Бұл жағдай қазақ халқының жеке ел болып, тарих сахнасына шыққан алғашқы кезеңіндегі өмір салтын, халықтың арман-мұратын, қастерлісі мен қасиеттісін, мадақтағаны мен мансұқтағанын жете танып-білуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет