15. Орталық Азия жеріндегі орта ғасырлық ислам мәдениетінің ескерткіштері.
15.Ислам тек сенімді білдіретін дін емес, сонымен қатар, өркениеттің де қайнар бұлағы. Қазақстанға территориясына ислам дінімен бірге мәдениеті де келді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңірлерінде қалалар бой көтере бастады. Ал, қалалар кешенді құрылыстарымен ерекшеленеді. Сол құрылыстарға мешіт, медресе, рабат, кесене, кітапхана, монша құрылыстарын жатқызуға болады.
Мешіттер құлшылық орны болумен қатар, сәулет өнерінің туындысына да жатады. Мешіттер сәнді кескіндемемен, мозаикалық керамикамен, бедер суреттермен безендірілген. Ислам әдебіне сай адам және жануарлардың орнына ою-өрнектер мен араб көркем жазу өнерінің стильдері де кеңінен қолданылған. Жалпы алғанда, мешіттердегі безендірулер Ислам дінін насихаттаудың бір түрі ретінде есептелген.Ислам архитектурасының ең бір ғажайып туындысы Меккедегі үлкен мешіт (Мәсжидул харам). Ол - ашық алаң ортасына Қағба орналасқан, төрт жағынан бірнеше қабат ашық галереямен қоршалған, оған тарихи Сафа, Маруа төбелерін галереямен жалғастырып қосқан үлкен кешен.Әлемнің басқа жерлеріндегі сәулеттілік тәжірбиесінде кездеспейтінмұнаралы тұрғын үйлер тұрғызу. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 11 қабатты үйдің биіктіғіне тең. Алғашында олар тастан қаланған іргетастарға отырғызылып, шикі кірпіштерден тұрғызылды.Дамаск (Шам) Мұсылман халифатының орталығына айналып, билікке Омейя әулеті келген кезде Сирия мен оның төңірегіндегі елді мекендерде аса ірі қамалдар тұргызылып, көптеген мешіттер мен сарайлар салынды (мысалы, Каср әл-Хаир әл-Ғабри, Уалид Кусейр-Амра, т.б.).Арабтар 711 ж.Пиреней түбегін жаулап алып, кейін Кордова халифат кұрылған кезде осы өлкеде де ғажайып Ислам архитектурасы ескерткіштері тұрғызылды. Атап айтқанда, Кордовадағы үлкен мешіт, Гранада әмірлерінің сарайы, т.б.
X - XIII ғасырлары Ислам діні қанатың кеңге жайып, Орталық Азияға, Үндістанға, Кавказға тарала бастады. Ислам дінімен катар, аталған елдерде Ислам архитектурасы да өркендеді. Мысалы, XIII ғасыры Делиде салынған әйгілі Кутб-Минар мұнарасының биіктігі 70 м-ге, табанының диаметрі 16 м-ге жетті. Бұл мұнараның өне бойы ою өрнекті 24 шығыңқы кернеумен безендірілген. Бұған қоса Делиде мешіт ауласында тұрғызылған Темір мұнарасы бар.Ахмадабақтағы 1427 жылы салынған Джамми-Мадджид мешіті 70х30 м-ге алаңды алып,онда 260 бағана 15 күмбезді ұстап тұр. Ұлы моғолдар билігі тұсында Үндістанда атақты Тәж-Маһал (1630 - 1652) салынады. Оның сырты әлемде теңдесі жоқ ою-өрнектермен, алтын-күміс мозаикалармен көмкерілген, жақтаулары Құран мәтіндері- мен нақышталған.X - XII ғасырлар Иран, Ауғанстан. Орта Азия мен Қазақстанда көптеген Ислам архитектурасы ескерткіштері салынды.
Достарыңызбен бөлісу: |