1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы түсінігі, мәні және міндеттерін сипаттаңыз. Əлеуметтік камсыздандыру құқығы


Атаулы әлеуметтік көмек түсінігін сипаттап жазыңыз



бет12/23
Дата26.11.2023
өлшемі62.83 Kb.
#484469
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҚ СЕССИЯ

Атаулы әлеуметтік көмек түсінігін сипаттап жазыңыз
Атаулы әлеуметтік көмек – тұрмысы төмен азаматтарға және табысы төмен отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.


Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға:
1) табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);
2) осы баптың 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;
3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;
5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
Билет 28
Ең төменгі күнкөріс деңгейін түсіндіріңіз

  1. Ең төмен күнкөрiс деңгейi - мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс.
    Ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкiлеттi орган мен халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ең қажеттi азық-түлiк емес тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгiленген үлесi қосылған ең төмен азық-түлiк себетiнiң құнын негiзге ала отырып есептеп шығарады.

Ең төмен күнкөрiс деңгейi республика бойынша және аймақ бойынша орта есеппен:
1) жан басына;
2) халықтың жыныстық-жас топтары бойынша тоқсан сайын есептеп шығарылады.
Билет29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет