1. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы түсінігі, мәні және міндеттерін сипаттаңыз. Əлеуметтік камсыздандыру құқығы


Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты жәрдемақы түсінігін атап көрсетіңіз



бет9/23
Дата26.11.2023
өлшемі62.83 Kb.
#484469
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
ӘЛЕУМЕТТІК ҚҚ СЕССИЯ

19.Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты жәрдемақы түсінігін атап көрсетіңіз.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы заңына сәйкес тағайындалады.
20.Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты жәрдемақы тағайындау шартын атап көрсетіңіз.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңының 2-тармағының 3) тармақшасында аталған балалар мен адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болғандығына қарамастан тағайындалады.
2. Отбасының еңбекке жарамсыз мүшелерi болып:
1) Егер он сегіз жасқа толғанға дейiн мүгедек болып қалса, он сегіз жасқа толмаған және осы жастан асқан балалары (оның iшiнде асырап алған балалары, өгей ұлдары мен өгей қыздары), аға-iнiлерi, апа-сiңлілерi және немерелерi есептеледi, бұл орайда аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi және немерелерi - егер олардың еңбекке жарамды ата-аналары болмаса, өгей ұлдары мен қыздары - егер олар ата-аналарынан алимент алмаса есептеледi.
Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздерiн асырап алған кезде де сақтайды;
2) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе, әкесi, шешесi (оның iшiнде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;
3) егер қайтыс болған асыраушысының 8 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысса және жұмыс iстемейтiн болса, жасы мен еңбекке жарамдылығына қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың бiреуi не атасы, әжесi, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi;
4) егер зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес зейнеткерлiк жасына жетсе және заң бойынша асырауға мiндеттi адамдары болмаса және өмiр сүру үшiн басқа қаражат көздерi жоқ болса, атасы мен әжесi есептеледi.
3. Он сегіз жастан асқан білім алушы азаматтардың асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша күндізгі оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәрдемақы алуға құқығы бар.
4. Қайтыс болған адамның асырауындағы отбасы мүшелерi, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздерi үшiн өмiр сүрудiң тұрақты және негiзгi қаражат көзi болған көмек алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледi.
5. Ата-анасының екеуiнен де айырылған балаларға (тұлдыр жетiмдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкiлiне төленедi.
Билет 21




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет