1 емтихан билеті «Ғылым философиясы мен тарихы»



бет69/75
Дата26.06.2023
өлшемі321.33 Kb.
#475383
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   75
Фил емтихан

Неопозитивистер барлықтарына ортақ жалпы жағдайларды (интерсубъективтілік) хаттамалық тілде құрастыруға тырысты. Және сол тілдің орнына физиканы жатқызуға ұсыныс жасады. Олар ғылым мен философияны эмпирикалық білімнен теориялық білімдерді бөлетін айқын шекаралық сызықты өткізуге талаптанды. Және де білімді а) әлем туралы деректерді қамтитын синтетикалы-эмпирикалық, және ә) конвенсальдық табиғаты бар және әлем туралы мазмұнды деректері болмайтын аналитикалы-теориялық деп бөлді.
Логикалық позитивизм. Аналитикалық тұжырымдардан құралатын ғылымды логикалық позитивистер формалды деп атады және оларға логиканы, математиканы философияаны жатқызады. Барлық практикадағы тәжірибелік ғылымдар негізінде тұжырымдарды жинақтаудан түзеледі. Сонымен бірге эмпирикалық білімдерді жоғарырақ санады, олар гипотетикалы-дедуктивтік әдіс арқылы бір білімдерден, басқа білімдерді шығару жолымен тероиялық білімдердің тағдырын шешті. Сондықтан логикалық позитивистерде гипотетикалы-дедуктивтік әдіс схемасы негізінен мына тұрғыда болды: әлем құрылымы туралы алғашқы болжамдар болып физиканың зандарын шығарды. Содан соң бұл болжамдардан логиканың, математикалық теңдеулердің көмегімен, кейін эмпирикалық тексеруден табыла алынатын жеке салдар-нәтиже жасалынады.
Лингвистік позитивизм. ХХ ғасырдың ғылым философиясының атақты ойшылдары Л. Витгенштейн және К. Поппер позитивистік философияның «лингвистік позитивизм», немесе «неопозивитизм» деп атаоатын үшінші кезеңіне жатады. 
Постпозитивизм. Постпозитивизм танымның идеалды моделін жасаудың орнына таным үдерісінің қоғамға және танушы адамға байланыстылығын көрсетіп ғылымның дамуының нақты тарихи деректерін пайдаланды. Постпозитивизмде ғылымдағы ауытқулықтарға және лажсыз жағдайларға, теориялардың бәсекелесіне еркеше назар аудара бастады. Осының салдары ретінде ғылыми зерттеулерде философиялық, мәдениеттілі – тарихи аясын еске алу талаптары көрінді.



  1. Ғылым және билік: ғылымды басқару мәселелері.



Әртүрлі ғылымдардың өздерінің арнайы міндеттерін шешу үшін қолданатын сан-алуан тәсілдерінен өзге ғылыми білімнің өзін даярлайтын және құрылымын реттейтін барлық ғылымдарға ортақ кейбір ережелер мен процедуралар да бар. Олар жалпы ғылыми методтарды құрайды. Оның ішіндегі ең маңыздыларын қарастырайық. 1. Абстракциялықтан нақтылыққа көшу методы. Әрбір теорияның негізгі тұжырымдары, яғни оның постулаттары, принциптері мен аксиомалары білімнің қалған өзгелері осылардан туындайтын іргетасты құрайды. Сондықтан да бұл тұжырымдарға енген абстракцияларды фундаменталды (іргелі) деп атайды. Әрбір ғылыми теорияның абыройы түпкі фундаменталдық абстракциялардың қаншалықты дұрыс қалыптасқанына, олардың зерттелетін объектілердің арасындағы терең ішкі байланыстарын қаншалықты дұрыс бейнелейтініне байланысты. Ең алдымен, принциптердің, постулаттардың және аксиомалардың зерттеліп отырған пәндік саланың түпкі, неғұрлым универсалды және терең байланыстары мен қатынастарын білдіретінін ескерейік. Оларға енген ұғымдар аз нәрсені ғана бейнелегенімен, объекттің неғұрлым мәнді, неғұрлым маңызды қасиеттері мен ерекшеліктерін бейнелеуі тиіс. Ең болмағанда, мұндай ұғымдар (абстракциялар) оның тек бір ғана қырын немесе кейбір жекелеген қасиеттерін білдіре алады. Мұндай қасиеттер мен қырларсыз берілген құбылыстың өмір сүруі, қызмет етуі мен дамуы мүмкін болмаған жағдайда ғана олар маңызды деп саналады. Олар құбылыстың негізін құраса, ал соларға сәйкес ұғымдар теорияның фундаменталды абстракциясын білдіреді. Мұндай абстракциялардың танымдық функциясы (қызметі) салдарларын қостауға немесе терістеуге болатын ғылымның негізгі заңдарын қалыптастырумен сипатталады. Егер қосталған жағдайда абстракциялар дұрыс, ғылыми, ал терістелгенде - жалған, ғылыми емес деп есептеледі. Теорияның дамуы барысында жаңа заңдарды құрастыру үшін жаңа құбылыстарды түсіндіру немесе болжау үшін енгізілген әрбір жаңа ұғым алдыңғы ұғымдармен жымдаса отырып, олармен байланысады. Мұндай жаңа ұғымдар енді заттардың жекелеген қырларын ғана бейнелемей өзара байланысқан қасиеттер мен қатынастардың, қырлардың бірнешеуін, көпшілігін бейнелейді. Бұларды нақты ұғымдар деп атайды. Fалым неғұрлым дамыған сайын, оның ұғымдары соғұрлым нақтыланып, объективті құбылыстар мен процестерді дәлірек, толығырақ, жан-жақты сипаттай отырып, бейнелейді. "Абстрактылы" және "нақтылы" деген 14 қарама-қарсы категориялардың терең диалектикалық бірлігін айқындай отырып, К.Маркс былай деп жазды: "Нақтылық көптеген анықтамалардың синтезі болғандықтан, "алуан түрліліктің тұтастығының" жалғасы болғандықтан ғана нақтылық". Нақты ұғымдар мен нақты заттардың, ахуалдардың, құбылыстардың жән т.б. айырмашылығын айыра білу қажет. Нақты зат немесе оқиға - бұл өзінің барлық көрінісі мен байланыстарында біздің сезім органдарымызбен тікелей қабылданып, тікелей санамен сараланатын нәрселер. Ұғымдар болса, мейлі ол ең нақты ұғымдар болсын берілген құбылысты бейнелейтін немесе оларды бейнелеу үшін қолданылатын қандай да бір белгілік конструкциялар, тілдік белгілер болып табылады. Қазіргі физиканың ұғымдарын құрастырудағы жағдай да осындай. Ең алдымен айталық "электрон" және "протон" ұғымдары енгізіледі. Кейінірек өзге бөлшектер мен әртүрлі физикалық өрістердің ұғымдары пайда болады. Онан кейін бұл бөлшектер мен өрістердің физикалық қасиеттерінің ұғымдары нақтыланады, олардың өзара әрекеті мен өзара алмасулары сипатталады. Бұл жағдайда "бөлшектің массасы", "ықпалдың кванты", "магниттік сәт", "спин" және т.б. ұғымдар алдыңғы физикалық теориялардағы абстракциялық ұғымдардың үстіне мінгеседі, өздерінің құрамына кіргізеді, ал кейде оларды түпкілікті түрде қайта өңдейді. Абстрактылықтан нақтылыққа көшу - ғылыми теориялар құрастырудың логикалық жалғастығын реттейтін жалпы метод. Fалымдар көбіне оның барлық бөлшектері мен мүмкіншіліктерін аңғармай, стихиялы түрде қолданады. Бұл методты философиялық талдау және пайымдау оның қолданысын неғұрлым адекватты етуге ықпал етеді. Кез келген ғылыми теория өз объектісін белгілі деңгейге дейін сипаттайды. Бұл оған тән қызмет ету және даму заңдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда, сол объектті сипаттаудың өзге де мүмкіндіктері бар. Егер біз капитализмнің пайда болу тарихын бөлшектеп, әрбір қадамын сипаттайтын болсақ, біз оның мәнін, оның негізгі заңдарын тани алар едік. Капитализмнің дамуы жағдайында мұндай тарихи сипаттаудың болуы мүмкін, бірақ іс жүзінде өте қиын. Тарих тура жолмен емес, бұралаң жолдармен жүреді. Онда бізді қызықтырған процесті тұмшалайтын, ал кейде, тіпті, тура бұрмалайтын да миллиондаған оқиғалар болып жатады. Шындығында, тарихи сипаттау, әдетте, бізді қызықтырушы объект - берілген жағдайда капитализм - өзінің дамыған күйінде қалыптасқаннан кейін ғана мүмкін болады. Тек сонда ғана оған логикалық талдау жасап және оның фундаменталдық абстракцияларымен қоса теориясын қалыптастыруға болады. Ол ғасырлар қойнауынан жеткен сан-алуан оқиғалардың ішіндегі ең маңызды процестер мен құбылыстарға жарық беріп, олардың жалғастығын анықтайтын заңдылықтарын бекітеді. Осылайша, абстракциялықтан нақтылыққа көшу зерттеу объектісіндегі ең маңызды сәттерді бөліп алып, тарихи зерттеудің логикалық қаңқасын қалыптастырады. Сонымен қатар, тарихи талдау ғылыми теориядағы фундаменталдық абстракциялар мен заңдылықтардың дұрыстығын 15 бекітеді. Жаратылыстанымда мұны әсіресе космология тарихы жақсы бейнелейді. Астрономдар Fаламды әуел бастан мәңгіге құрылған жетілген, дайын объект ретінде қарастыра отырып, бұл объекттің дамуы туралы мәселені қойған жоқ. Жинақталған эмпирикалық материал мен теорияның дамуы Fаламға тарихи тұрғыдан қарауға мүмкіндік берген тұста астрономиялық теориялардың аса маңызды логикалық тораптары Fаламның қалыптасуының ең маңызды сәттерін бөліп, тарихи сипаттамасын жоғары деңгейде ұйымдастыруға жағдай жасады. Мұнан шығатын қорытынды зерттеудің тарихи және логикалық методтары неокантшыл философтар Риккерт пен Виндельбанд және сыншыл рационализмнің көсемі Поппер айтқандай бірін-бірі теріске шығармайды, керісінше бір-бірін өзара толықтырады. Осылайша, дамушы және қызмет етуші жүйелерді зерттеудегі тұтастықты бекіту үшін және жүйелерді функционалдық және тарихи-генетикалық көзқарас тұрғысынан сипаттайтын теорияларды келісімге келтіру үшін негіз қалыптасады. 2. Үлгілеу методы және жүйелілік принципі. Танымдық әрекетте және әсіресе ғылыми зерттеуде ең кеңінен таралған тәсілдің

29 емтихан билеті


1.Ғылыми танымның ерекшеліктері: ғылым және философия, ғылым және өнер.
Қазіргі уақытта танымның әртүрлі салалары бір-бірінен едәуір алыстап кетті, ал ғылым жоғары сараланған білім саласына айналды және философия мен ғылым бір-біріне ғылым мен өнер, ғылым мен мифология сияқты әртүрлі және ұқсамайтын сияқты.
Өйткені, философия шешімі жоқ қиындықтарды қарастырады. Ол жауап беруден гөрі сұрақтар қояды. Философия, шын мәнінде, әрқашан бірдей сұрақтар қояды: жалпы әлем туралы, адамның өмірі туралы, оның мәні мен мақсаты туралы, ар - ождан мен парыз туралы және т.б. және бұлар мәңгілік сұрақтар деп аталады және негізсіз емес. Өйткені, бұл сұрақтарға нақты және түпкілікті жауаптар жоқ. Әр түрлі дәуірлерде және әртүрлі қоғамдарда оларға әртүрлі жауаптар беріледі.
Кез-келген ғылым, философиядан айырмашылығы, нақты жауаптар беруге болатын нақты мәселелермен айналысады. Мысалы, биология тірі заттарды сипаттайды және жіктейді, олардың таралуын, өмір салтын, мінез-құлқын, әртүрлі организмдер мен олардың қауымдастықтарының қарым-қатынасын, олардың өмірлік белсенділігінің "механизмдерін", жеке және тарихи даму заңдылықтарын зерттейді.
Алайда, бір қарағанда, философия мен нақты ғылымдар (теориялық және қолданбалы) арасында ортақ нәрсе жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, философия болу мен танымның шекті негіздері туралы ілім бола отырып, сонымен бірге бұл негіздерді ғылыми білімнің негізі ретінде қарастырады. Ғалымдардың нақты ғылыми мәселелерді шешуі оның философиялық идеялардың әсерінен қалыптасатын бастапқы дүниетанымдық және әдіснамалық көзқарастарына байланысты.
Философия мен ғылымның бірлігі екі жолмен көрінеді: тарихи және өзекті (әр уақытта). Бұл бірліктің тарихи көріністері ежелгі әлемде және ежелгі мәдениетте мифология, философия және ғылымның басталуы болып табылатын ежелгі уақытта бөлінбеген (синкретикалық) білімнің болуы. Мәдениет тарихынан көптеген көрнекті философтар бір уақытта көрнекті ғалымдар болған көптеген жағдайлар бұған дәлел бола алады. Керісінше, көрнекті ғалымдар өздерінің ашылуларымен философияның дамуына үлкен әсер етті.
Сонымен қатар, қазіргі жаратылыстану, математика, гуманитарлық және әлеуметтік білім, техникалық ғылымдарда проблемалар көбінесе жеке ғылыми емес, жалпы ғылыми мәнге ие. Олардың көпшілігінің тұжырымы мен шешімі, яғни ғылыми нәтижелер белгілі бір ғылыми қызметкер мен техникте қалыптасқан әлемнің жалпы бейнесімен, адамның әлемді танудағы және өзгертудегі орны мен рөлін түсінумен тығыз байланысты, ал философия осы мәселелердің барлығын шешумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет