№1 емтихан билеті


Медициналық қалдықтар қауіптілік деңгейі



бет39/47
Дата12.05.2023
өлшемі0.69 Mb.
#473629
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Управление отходами

Медициналық қалдықтар қауіптілік деңгейі



Медициналық қалдықтар – медициналық көмек көрсету кезінде пайда болатын қалдықтар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 1979 жылы көрсетілген типтегі қалдықтарды адам үшін қауіпті топқа енгізіп, және оларды қайта өңдеумен айналысатын арнайы қызметті жедел құру қажет екендігін көрсетті. 1992 жылы Базель конвенциясында қауіпті қалдықтардың 45 түрі алынып, олардың тізімі медициналық қалдықтармен басталған болатын.
Медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру - механикалық, физикалық, химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы медициналық қалдықтардың қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою.
Медициналық қалдықтар қауіптілік деңгейі бойынша 5 қауіптілік кластарына бөлінеді:

  • А класы – медициналық ұйымдардың қауіпті емес қалдықтары жатады. Бір сөзбен айтқанда, бұл қалдықтар науқастар мен жұқпалы аурулар науқастарының биологиялық сұйықтарымен ластанған. А класы қалдықтарын бірнеше ретті сыйымдылықтарға және бір рет қолданылатын пакеттерге жинайды, содан соң жинау және шығаруға арналған контейнерлерге салынады. А классы қалдықтары қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.

  • Б класы – медициналық ұйымдардың эпидемиологиялық қауіпті қалдықтары.Бұл типтегі қалдықтар бір реттік жұмсақ (пакеттер) немесе қатты (шаншылмайтын) сары түсті немесе сары маркировкалы контейнерлерге жиналады.

  • В класы – медициналық ұйымдардың төтенше қауіпті қалдықтары. Бұл типтегі қалдықтар бір реттік жұмсақ (пакеттер) немесе қатты (шаншылмайтын) қызыл түсті немесе қызыл маркировкалы контейнерлерге жиналады.

  • Г класы – өндірістік құрамына жақын медициналық қалдықтар;

  • Д класы – радиобелсенді медициналық қалдықтар. Осыған байланысты, эпидемиялық қауіпті медициналық қалдықтарды олардың қауіп-қатер деңгейіне байланысты бір рет қолданылатын пакеттерге немесе контейнерлерге жинайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет