4. ЕҢбек қОРҒау және тіршілік қауіпсіздігі



бет1/51
Дата30.06.2022
өлшемі7.41 Mb.
#459562
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Кланица Автомобиль-көлігіндегі-еңбекті-қорғау.-Оқу-құралы


4.ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

Автомобиль көлігі адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін жоғары қауіптілік көзі болып табылады. Бұл проблема автомобильдер санының артуы мен оларды пайдалану қарқындығы салдарынан тіпті арта түседі. Автомобиль көлігінде өндірістің күрт өсуі жүреді, қызметтері автомобильдерді пайдаланумен байланысты жұмыскерлердің саны артуда. Сонымен бірге еңбектің энергиямен жарақталуы артуда, автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету жəне жөндеудің жана технологиялары кең түрде қолданылуда. Осыған байланысты автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын пайдалану, техникалық қызмет көрсету жəне жөндеумен байланысты жағымсыз өндірістік факторлардың адамға ықпалын төмендету жəне ескерту қажеттілігі бар.


Нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс берушілер (өндірісті ұйымдастырушылар) мен жұмыскерлер арасында осы қатынастардың құқықтық негіздерін, сонымен бірге жұмыс берушілер мен жұмысшылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігін білу маңыздылығы артуда. Бұл еңбекті қорғауды дұрыс ұйымдастыру, жұмысшылардың өмірін, денсаулығын жəне жұмысқа қабілеттілігін сақтау үшін жəне нəтижесінде олардың еңбегінің тиімділігін арттыру үшін қажет.
Еңбекті қорғау саласында автомобиль көлігі кəсіпорындарының қызметін реттейтін негізгі заңнамалық актілер Ресей Федерациясының Еңбек Кодексі
(РФ ЕҚ), Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексі (РФ АК), Ресей Федерациясының Әкімшілік бұзушылық туралы Кодексі (РФ ӘБтК) жəне басқалар болып табылады.
Еңбекті қорғау қызметінің жұмысы ұйымдарда Еңбекті қорғау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Қаулысымен №14 08.02.2000 жылы бекітілген Еңбекті қорғау қызметінің жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныстарға сəйкес құрылуы қажет. Басшының (жұмыс берушінің) жəне басқа тұлғалардың еңбекті қорғау саласындағы функционалдық құқықтары мен міндеттері Еңбекті қорғау жəне əлеуметтік даму министрлігінің Қаулысымен №28 12.05.2003 жылы бекітілген Автомобиль көлігіндегі еңбекті қорғау бойынша салааралық ережелерде берілген.
Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу жəне ескеру РФ ЕҚ 227-231 баптарымен, РФ Еңбек Министрлігінің 24.10.2002 жылғы №73 «Жеке сала жəне ұйымдар өндірісіндегі жазатайым оқиғаларды тергеу ерекшеліктері туралы ереже» қаулысымен жəне басқа құжаттармен анықталады. Оқыту мен нұсқамалық 30.08.1995 жылы РФ Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі департаментімен бекітілген МЕМСТ 12.0.004—90 «ЕҚСЖ. Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру. Жалпы ережелер» жəне Автомобиль көлігі басшылары мен мамандарын еңбекті қорғау бойынша оқыту жəне білімін тексеру тəртібі туралы ережеге сəйкес өткізіледі.
Микроклиматтың оңтайлы көрсеткіштері жəне жұмыс аймағының ауасында зиянды заттектердің шекті рұқсат етілетін шоғырлануы МЕМСТ 12.1.005—88 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының ауасына жалпы санитарлық-гигиеналық талаптары» белгіленген.
Бұл ережелерден жəне заңнамалық актілерден басқа оқу құралында келесі мəселелер қаралған:
■ автомобиль көлігінде жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру; автомобиль көлігі жұмыскерлерінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі; жазатайым оқиғаларды тергеу жəне ескеру тəртібі;
■ өндірістік микроклиматтың тозаңдылығының, жарықтануының жəне өндірістік шуылының жұмысшылардың жұмыс қабілетіне жəне денсаулығына ықпалы;
■ жұмысшылардың өздерінің өндірістік қызметтерін орындау барысында олардың денсаулығына зиянды өндірістік факторлардың жағымсыз əсерін төмендету бойынша шаралар;
■ электр жəне өрт қауіпсіздігі, сонымен бірге автомобиль көліктері құралдарының экологиялық қауіпсіздігінің бірқатар аспектілері.
Оқу құралында автомобильдердің техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу жеке операцияларын орындау барысында қауіпсіздік техникасының бірқатар мəселелері толық қарастырылмайды, себебі бұл мəселелер жұмыс орнындағы нұсқаулықтың негізгі мазмұны жəне нақты жағдайда əрбір жұмыс орнында осы жұмыстарды орындау бойынша тиісті нұсқаулары мен ережелері болып табылады. Одан басқа, оқу құралына мұндай тəсіл «қауіпсіздік техникасынан қауіпсіз техникаға» қағидасының тəжірибеге енгізілуімен шартталған.
Оқу құралында жүргізушілердің еңбегін жəне демалысын ұйымдастыруды қарастыру жүргізуші қазіргі таңда автокөлік саласындағы негізгі тұлға болып табылатынымен шартталған, сондықтан жүргізушілердің еңбегін жəне демалысын тиімді ұйымдастыру – қозғалыс қауіпсіздігіне ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Сондай-ақ, көлік құралының жүргізушісі – бұл ең көп тараған мамандық.
Көлік құралдарының жəне автомобиль көліктері кəсіпорындарының экологиялық қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаға жəне адамның өмір тіршілігіне олардың ықпалы мəселелері қазіргі таңда өзекті болғаны соншалық, оларды арнайы курстарда толық жəне мұқият оқып-үйрену қажет.
Оқу құралында қолданыстағы заңнамамен жəне МЕМСТ 12.1.033—81 «Өрт қауіпсіздігі. Терминдер мен анықтамалар», МЕМСТ 12.0.002—80 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Терминдер мен анықтамалар» жəне еңбекті қорғау саласындағы басқа да нормативті актілермен бекітілген еңбек қауіпсіздігі саласындағы негізгі ұғымдардың терминдері мен анықтамалары пайдаланылады:
Еңбекті қорғау – мемлекеттің экономикалық жəне əлеуметтік саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. Еңбекті қорғау, кең мағынада, еңбек заңнамасы, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, өндірістік санитария жəне еңбек гигиенасы мəселелерін қамтиды.
Автомобиль көлігі кəсіпорындары үшін көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын ұйымдастыру ерекшелігі болып табылады.
Автомобиль көлігі кəсіпорындарында еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі талаптары еңбекті қорғау саласында жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қатынастарды реттеудің құқықтық негіздерін белгілейтін жəне еңбек қызметі үдерісі барысында жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтау талаптарына сəйкестелетін еңбек шарттарын құруға бағытталған Ресей Федерациясының Еңбек Кодексінің ережелері болып табылады.
Еңбекті қорғау туралы заңнамада еңбек үдерісінің еңбекті қорғауды басқаруды ұйымдастыру туралы; қауіпсіздік талаптары туралы; лауазымды тұлғалардың еңбек шарттарының жағдайына жауапкершілігі туралы; соның ішінде ауыр жұмыстарда жəне еңбек шарттары зиянды немесе қауіпті жұмыстарда еңбекті нормалау туралы ережелер бар.
Заңнама əйелдердің, кəмелетке толмағандардың жəне еңбек қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін реттейді. Сонымен бірге, заңнамада мемлекеттік қадағалау жəне қоғамдық бақылау органдарының қызметін іске асыру жəне реттеу тəртібі белгіленген; еңбекті қорғау ережелері мен талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік белгіленген.
Ресей Федерациясы заңнамасының еңбекті қорғау туралы əрекеті жұмыс берушілерге; жұмыс берушілермен еңбек қатынасында тұратын
жұмыскерлерге; жеке еңбек қатысуларына негізделген бірлескен өңдірістік жəне басқа да шаруашылық қызметтерге қатысатын кооператив мүшелеріне, ұйымдарға жұмыстарға бағытталатын əскери қызметкерлерге, жоғары жəне орта кəсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне; сонымен бірге өндірістік тəжірибеден өтетін басқа да білім беру мекемелерінің оқушыларына; ұйымдарда жұмыс істеп жүрген кезеңде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтарға таралады. Еңбекті қорғау туралы Ресей Федерациясының заңнамасы Ресей Федерациясының юрисдикциясында болатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетел азаматтарына жəне азаматтығы жоқ тұлғаларға таралады.
Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттары келесілер болып табылады:
■ жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басымдығы;
■ еңбекті қорғау туралы Ресей Федерациясының федералдық заңдары мен басқа да нормативтік актілерін, сонымен бірге еңбек шарттарын жəне еңбекті қорғауды жақсартудың федералдық мақсатты, салалық, мақсатты жəне аумақтық мақсатты бағдарламаларын қабылдау жəне іске асыру;
■ еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару;
■ еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау жəне бақылау;
■ қоғамдық бақылауға еңбекті қорғау саласындағы жұмыскерлердің құқықтарының жəне заңды мүдделерінің сақталуына көмектесу;
■ өндірісте жазатайым оқиғаларды жəне кəсіби ауруларды зерттеу;
■ өндірістегі жазатайым оқиғадан жəне кəсіби аурулардан зардап шеккен жұмыскерлердің, сонымен бірге өндірістегі жазатайым оқиғалардан жəне кəсіби аурулардан жұмыскерлерді міндетті əлеуметтік сақтандыру негізінде олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғау;
■ өңдірістің жəне еңбекті қорғаудың заманауи техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмысқа жəне зиянды жəне қауіпті еңбек шарттары бар жұмысқа өтемақы белгілеу;
■ еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жəне экономикалық жəне əлеуметтік қызметтің басқа түрлеріндегі қызметті үйлестіру;
■ еңбекті қорғау жəне шарттарын жақсарту бойынша озық отандық жəне шетелдік тəжірибені тарату;
■ еңбекті қорғау бойынша шараларды қаржыландыруында мемлекеттің қатысуы;
■ еңбекті қорғау бойынша мамандарды дайындау жəне біліктілігін арттыру;
■ еңбекті қорғау, өңдірістік жарақат, кəсби аурушаңдық жəне олардың материалдық салдарлары туралы мемлекеттік статистикалық есепті ұйымдастыру; еңбекті қорғау бірегей ақпараттық жүйесінің қызметін қамтамасыз ету;
■ еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
■ қауіпсіз еңбек шарттарын ынталандыратын тиімді салық саясатын жүргізу; қауіпсіз техника мен технологияларды əзірлеу жəне енгізу; жұмыскерлердің жеке жəне ұжымдық қорғау құралдарын өндіру;
■ жұмыс берушілінің қаражаты есебінен жұмыскерлерді жеке жəне ұжымдық қорғау құралдарымен, сонымен бірге санитарлықтұрмыстық бөлмелермен жəне құрылғылармен қамтамасыз ету тəртібін белгілеу.
Еңбекті қорғау мəселелері бойынша еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру мемлекеттік биліктің федералдық органдарының, Ресей Федерациясы субъектілерінің мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, жұмыс берушілердің, жұмыс берушілер бірлестіктерінің, сонымен бірге кəсіподақтардың, олардың бірлестіктері мен өкілетті органдардың жұмысшыларының келісілген əрекеттерімен қамтамасыз етіледі.
Ресей Еңбек министрлігінің 24.10.2002 жылғы №73 Қаулысымен өндірісте жазатайым оқиғаларды зерттеу жəне есепке алу құжаттардың түрлері жəне еңбекті қорғау мемлекеттік нормативтік талаптары бар нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу жəне қабылдау тəртібімен байланысты Жеке салаларда жəне ұйымдарда өндірісте жазатайым оқиғаларды зерттеу ерекшеліктері туралы ереже бекітілген.

Басқару нысандарына басқару субъектілерінің əсері кəсіпорында келіп түсетін еңбекті қорғау жағдайы жəне басқару механизмінің жұмыс істеуі туралы ақпараттың талдауынан туындайтын нақты міндеттерді шешуге бағытталған белгілі қызметтерді орындау арқылы іске асырылады (1.1-сурет). Еңбекті қорғауды басқару жүйесі басқарудың келесі негізгі қызметтерін орындауды қарастырады:


■ еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды жоспарлау;
■ еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жəне үйлестіру;
■ еңбекті қорғау талаптарына сəйкестікке жұмыс орындарының аттестациясы;
■ еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды сертификаттау;
■ еңбекті қорғау жағдайын жəне еңбекті қорғауды бақылау жүйесінің жұмысының тиімділігін бақылау;
■ еңбекті қорғау жағдайын есепке алу, талдау жəне бағалау;
■ еңбекті қорғау бойынша жұмыстың жақсаруына ынталандыру;
■ еңбекті қорғау қызметтері жəне құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді əзірлеу;
■ еңбекті қорғау талаптарын бұзуға ықпал ету шараларын қабылдау.
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқаруды тікелей Ресей Федерациясының Үкіметі немесе оның тапсырмасы бойынша еңбекті қорғау мəселелерін білетін атқарушы биліктің федералдық органдары жəне басқа да атқарушы биліктің федералдық органдары жүзеге асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет