1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет3/54
Дата24.05.2024
өлшемі1.14 Mb.
#501817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
D6М020300-Тарих-каз

Неолит (жаңа тас ғасыры). «Неолит революциясы». Дайынды иемденуден өнім 
өңдіруші шаруашылық түрлерінің қалыптасуы. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда 
болуы. Қазақстандағы неолит тұрақтары. Қара үңгір тұрағы. Батыс Қазақстан 
территориясындағы Келтеминар мәдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті. Торғай 
жырасындағы Мақанжар мәдениеті. Энеолит. Ботай мәдениеті. (В.Ф.Зайберттің зерттеулері). 
Аңшылық.
Неолит дәуірінде тас өңдеу технологиясының дамуы. Ежелгі адамдар тасты үшкірлеуді, 
кесуді, тесуді үйренуі. Рулық құрылыстың тууы. Матриархаттық рулық қоғамның дамуы. Ер 
адамдар үстемдігінің артуы, матриархат орнына патриархаттың келуі. Неолит өнерінің 
көптүрлілігі: саз балшық ыдыстардағы өрнектер, жартастағы суреттер.
Қола дәуірі (б.з.б. ХҮІІІ-ҮІІІ ғғ.). Дәуір ерекшеліктері. Қазақстан 
тайпаларының шаруашылығы мен тұрмысындағы өзгерістер. Металлургия мен мал 
шаруашылығының дамуы. Малды бағып өсіру, жайылымдық жерлерді пайдалану, 
көшпелі мал өсірушілікке ауысу. Мүлік теңсіздігі, жеке отбасының пайда болуы,
тайпалык үстем топтың бөлініп шығуы. Қазақстандағы қола дәуірінің хронологиялық шеңбері, 
кезеңдерге бөлінуі және мәдениеттері. Андронов мәдениеті алғаш табылған жері таралу 
аймақтары. Орталық Қазақстандағы Андронов мәдениетінің даму кезеңдері Беғазы-Дәндібай 
мәдениеті. К.В.Сальниковтің кезеңдерге бөлуі. Археологиялық ескерткіштер, тасқа салынған 
суреттер (петроглифтер). Тасты бұлақ, Атасу, Таутары, Таңбалытас, ежелгі қалашық Арқайым 
т.б. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде өмір сүрген адамдардың қоғамдық құрылысы.
Керамика. Қола қорыту өндірісінің жоғары дәрежесі. Қолөнершілер мамандығының 
бөлінуі. Дін. Жерлеу салты. 
 
1.2. Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік 
құрылымдар 
Сақтар (б.з.б. ҮІІ-ІІІ ғғ.). Ерте темір дәуірі. Көшпелі мал шаруашылығына жаппай 
көшу. 
Еуразия 
кеңістігінде 
сақ-скиф 
қауымдастығының 
орналасуы. 
Қазақстан 
территориясындағы сақтар мен савроматтар. Сақтардың тайпалық одақтарына қатысты 
жазба мәліметтер: «Тарих атасы» Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей, Ахаменидтік 
(ежелгі парсы) сына жазбалар. Сақтардың тарихын оқып үйренудегі ежелгі ирандықтардың 
қасиетті кітабы «Авеста». Сақ одағындағы тайпалар және олардың орналасу ареалы: 
тиграхауда, парадарая сақтары, массагеттер, Батыс Қазақстан аймағын мекендеген сармат-
савроматтар.
Сақтардың тарихын зерттеудегі археологиялық ескерткіштер. Бесшатыр, Тасмола 
мәдениеттері, Шілікті обалары. «Алтын адам» табылған Есік қорғаны және оны зерттеуге үлес 
қосқан ғалымдар. З.Самашевтің басшылығымен жүргізілген экспедицияның нәтижелері (Берел 
қорғаны). Сақтардың этномәдени ареалы. Сақтар өнеріне тән аң стилі, петроглифтер Б.з.д. 1-ші 
мыңжылдықтың ортасында сақтар территориясынан өткен керуен жолы және оның 
байланыстырған аймақтары. Сақтардың саяси тарихы. Көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. 


Ассирия, Мидия, Парфия, Иранмен байланысы. Парсы патшалары Дарий, Кирмен соғыстары. 
Александр Македонскийдің сақ жеріне жорықтары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет