1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ



Pdf көрінісі
бет34/54
Дата24.05.2024
өлшемі1.14 Mb.
#501817
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
D6М020300-Тарих-каз

 
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ 
 
Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихының тарихнамасы 
Тайпалар конфедерациялары және мемлекеттік құрылымдар туралы тарихнамалық 
танымдар (б.з.дейінгі V ғ.-ХІ ғ). 
Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихындағы тарихи танымның негіздері Тарихи 
жазудынң тәсілдері мен түрлері - күнделікті мифтік білім, діни көзқарас - провиденциализм. 
Қазақстан тарихы бойынша ежелгі тарихнама. Ерте көшпелілер дәуірі туралы антикалық 
және парсы шығармалары. Қытай тарихнамасы Қазақстан халықтары туралы (б.зд. II ғ. - б.з. 
VІІІ ғ.). Қазіргі Қазақстан ғылымы үшін үндіарийлер мәселелері. Үндіарийлердің шығу тегі 
туралы теорияларға шолу. 
Қазақстан тарихының түркі кезеңдегі тарихнамасы. 


Көне түрік руналық жазба ескерткіштері. Түрік қағанаты бірінші тарихшыларының
(Тоныкөк, Иолық тегін) тарихи көзқарастары. Ром авторларының еңбектері. Византиялық 
шығармалар. Орыс жылнамалары. 
ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша араб және парсы зерттеулерде Араб 
зерттеушілерінің халықтарды сипаттау кезіндегі бағыттары. Араб авторларыныц тарихи 
көзқарастары. Ибн-Хордадбектің, эл-Джахиздің, Ибн-Фадланның, эл-Истахридің, Гардизи және 
т.б. еңбектерін М.Қашқаридің ғылыми үлесі. эл-Марвазидің ғылыми талдауы, эл-Табаридің 
тарихи-әдеби еңбегі. Ғалым-энциклопедист Иакудтың (1179-1229) тарихи мәліметтері.
Ж.Баласағұн, эл-Фараби зерттеулері 
Эпикалық ескерткіштер тарихнама тұрғысында. 
Қазақстан тарихының тарихнамалық дәстүрлері (ХІІІ-ХVІІ ғғ.) 
ХІІІ-ХVІІ ғғ. Зерттеулердің Қазақстан тарихы үшін мәні. Тарихи зерттеулердің 
тақырыптары. Ішкі монғолдық қатынастары мен Шыңғыс ханның Орталық Азия және 
Қазақстанды жаулап алу жөніндегі зерттеушілердің көзқарастары. Ортағасырлық авторлардың 
тарихи көқарастарының ерекшеліктері мен сипаты. 
Қазақстан тарихының ХІІІ-ХVІІ ғғ. тарихнамалық ерекшеліктері Монғол кезеңі туралы 
жазба деректер. ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы мемлекеттік құрылымдар жайындағы мұсылман 
деректері. Мұсылмандық тарихнамалық дәстүр. ХІІІ ғ. Моңғол империясы және Алтын Орда 
тарихы бойынша Еуропа зерттеушілері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет