гомерлік және архаикалық кезеңдер. Тирания және оның полис қалыптасуында алатын орны.
Полис мәні. Полистік ұйымның түрлері: олигархия,
аристократия, демократия. Афины мен
Спарта полис турі ретінде.
Б.з.д. VIII-VI ғғ. Пелопоннес. Спарта, Коринф, Аргос. Спарта аграрлық полистің үлгісі
ретінде. Таптық-сословиелік жіктеліс. Спарта бастаған Пелопоннес одағының құрылуы.
Аттикада полистің қалыптасуы. Афина қолөнер-аграрлық полис ретінде. Демостың
ақсүйектермен күресі. Драконт заңдары. Солон заңдары. Писистрат
пен оның ұлдарының
тираниясы. Клисфеннің билікке келуі. Клисфен заңдары және афинылық құл иеленушілік
демократияның қалыптасуы.
Б.з.д. V-ІV ғғ. Классикалық Грекия
Грек-парсы соғыстары және олардың Грекияның
әлеуметтік- экономикалық, мәдени-
саяси дамуына әсері.
Афина демократиясы мен Спарта олигархиясы б.з.д. V ғғ. Саяси жүйе
ретінде
Пелопоннес соғысы.
Парсылар жеңілісінен кейінгі Афины құл иеленушілік демократиясының дамуы.
Эфиальт пен Перикл қайта құрулары. Перикл тұсындағы Афины демократиясы. Бірінші
Афиналық теңіз одағы және оның Афины архэсына айналуы.
Спартаның саяси құрылымы. Б.з.д. V ғ. Пелопоннес одағы Б.з.д. 460-430 жж. Пелопоннес
одағы мен Афины архэсы арасындағы қатынастар. Соғыстың себептері мен сылтауы. Кезендері.
Архидам соғысы. Дикелей соғысы. Афинаның әскери-саяси жағдайының нашарлауы.
Грекия
істеріне парсылардың араласуы. Афина архэсын қайта құру. Афинаның жеңілуі. Білім
шарттары. Афина жеңілістерінің себептері.
Б.з.д. V-ІV ғғ. Македония. Александр Македонскийдің жорықтары.
Саяси құрылымы. Халық жиналысы мен ақсүйектер кеңесі Филипп ІІ (б.з.д. 359-336
жж.), оның ішкі және сыртқы саясаты. Македонияның Балқан түбегіндегі үстемдігі. Парсыларға
қарсы жорыққа дайындық. Филиптің өлімі (болжамдар мен дәлелдер).
Александр жаулап алулары. Б.з.д. IV г. Парсы империясы.
Грекия мен Македонияның
шығыс жорықтарына әскери-саяси дайындығы. Парсыларды жаулап алу және ұлы империяның
құрылуы. Александрдың оны біріктіру мақсатында жүзеге асырған экономикалық және
әлеуметтік-саяси шаралары. Оның жаулап алуларының тарихи маңызы.
Александр мұрагерлері (диадохтар) арасындағы күрес және жаңа (эллиндік)
мемлекеттердің құрылуы. Эллиндік мемлекеттер типтері. Эллинизмнің мәні,
Б.з.д. VІІІ-ІV ғғ. ежелгі грек мәдениеті.
Достарыңызбен бөлісу: