1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


 Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде



Pdf көрінісі
бет23/54
Дата24.05.2024
өлшемі1.14 Mb.
#501817
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
D6М020300-Тарих-каз

4.4. Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде
(1918-1939 жж.) 
Қазақ АКСР-і және Түркістан Республикасы. Мұсылман Бюросы және Түріккомиссия: 
саяси билік үшін күрес. Тұтас Түркістан идеясы. Т.Рысқұлов және М.Сұлтанғалиев. 
Түркістандағы басмашылар қозғалысы. Әнуар Паша мен Ахмет Зәки Валидов. 1921 ж. жаңа 
экономикалық саясатқа көшу туралы шешімнің қабылдануы. Азық-түлік салғыртының азық-
түлік салығымен алмастырылуы ЖЭС жылдарындағы экономиканың дамытудың басты бағыты. 
1921 ж. Қазақстандағы аштық. Алаш зиялыларының аштықпен күресі. 1921-1922 жж. жер-су 
реформасы. 1921-22 жж. жер-су реформасының мәні. Қазақстандағы жер мәселесі. Жаңа билік 
және қазақ зиялылары. Қазақ өлкелік партия комитетінің ІІІ-конференциясы (1923 ж., 17-22 
наурыз). «База» және «азаб» туралы айтыс. «Қазақ ұлтшылдығы» туралы мәселе. 1923 ж. 22 
қарашадағы «Қырғыз тілінде (қазақ) іс-қағаздарды жүргізуді енгізу туралы» Декрет. Түркістан 
республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу. Верный қаласы Алматы болып қай жылы 
өзгертілуі. 1925 ж. Бүкілқазақстандық Кеңестер сьезі «қырғыз деген атауды, қазақ атаумен 
ауыстыру туралы» қаулының қабылдануы. 
1925-33 
жж. 
Ф.И.Голощекин 
Қазақстандағы 
партия 
ұйымының 
басшысы. 
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы, оның мазмұны. С.Сәдуақасов «Кіші Қазан» саясатына 
қарсы шыққан Қазақстанның қоғам қайраткері. Жер мәселесіне байланысты Қазақ өлкелік 
партия комитетінің конференциясының шешімі (1925 желтоқсан), оның отарлық мазмұны. Қазақ 
зиялыларының Кеңестік билікті ұлттық мүддеге жұмылдыру әрекеті, оның іске аспай қалуы. Ұлт 
мәселесіндегі таптық-партиялық принцип, оның ұлыдержавалық астары. Отарлықтың биліктегі 
түрлі топтар арасында «тепе-теңдік» сақтау саясаты. Ұлттық нигилистерді қолдау саясаты. 
Т.Рұсқұлов өткізген Бүкілресейлік Атқару Комитеті мүшелерінің кеңесі. Қазақ Өлкелік Партия 
Комитетінің ІІІ-Пленумі (1926, 25-30 қараша). Ф.Голощекиннің Алаштық интеллигенцияға 
шабуылы. 1927 жылдың соңында басталған сот процестері. Алаш қозғалысы басшыларын 
репрессиялау саясаты (1927-1932). 
Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу. Кеңестендіру саясаты. Бай қожалықтарын 
тәркілеу туралы декреттің қабылдануы, оның саяси және экономикалық нәтижелері. Ауқатты 


шаруалар қожалығын жою. Қазақ шаруаларын күштеп жаппай отырықшылыққа көшіру 
шаралары. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. 1932 ж. Қазақстанда 
ұжымдастыруды аяқтаудың жоспарлануы. Жаппай ұжымдастырудың әдістері, түрлері, 
қарқыны. Ел көлемінде заңсыздықтың кең орын алуы. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық 
жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы. 
1929-1931 жж. күшпен ұжымдастыруға қарсы шаруалардың қарулы күресі. Олардың себебі, 
қозғаушы күштері, барысы және күшпен басылуы. Босқыншылық. шет елге ауа көшулер. 
Босқындардың қайғылы тағдыры. 
1931-1933 жж. аштық. 1932 ж. шілдесінде Ф.Голощекинге жолданған республика 
қайраткерлерінің бірі тобы жазған «Бесеудің хаты». Демографиялық апат және оның салдары. 
Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде 30-жылдары болған аштықтан 2 млн-нан астам адамның 
қырылуы. Кеңестік тарихнаманың «ұжымдастырудың» нәтижелерін асыра бағалауы.
Қазақстанды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет