1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


 Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж)



Pdf көрінісі
бет25/54
Дата24.05.2024
өлшемі1.14 Mb.
#501817
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54
D6М020300-Тарих-каз

4.5. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж). 
ІІ-дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Кеңес үкіметінің сыртқы саясаты. Фашистік 
Германияның Кеңестер Одағына басып кіруі. Фашистердің «Барбаросса» жоспары бойынша 


Қазақстан Үлкен Түркістан аймағына енгізілуі. Фашистердің «Түркістан легионын» құру 
әрекеті. Мұстафа Шоқайұлы. Соғыс тұтқындарының қайғылы тағдыры. 
Майданға жақын аудандардан өңдіріс орындарын, өңдірістік құрал-жабдықтарды және 
халықты эвакулациялау, олардың белгілі бір бөлігінің Қазақстан жеріне орналасуы. Республика 
өмірін соғыс қажетіне бейімдеу. 1941-1942 жылдары Қазақстанға 220 фабрика-зауыттардың 
көшірілуі. 1941-1945 жж. Қазақстанда 460 завод, фабриканың соғыс қажеттілігі үшін жұмыс 
істеуі. Ж.Жабаев 1941 жылы жазылған «Ленинградтық өрендерім» атты толғаудың авторы.
Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдер (атқыштар дивизиялары, бриғадалар, 
батальон, полк т.б.). Қазақстандықтардың ірі шайқастарға қатысуы және ерлігі. Москва, 
Сталинград, Курск түбіндегі шайқастар. Ұлы Отан соғысы жылдарында С.Баймағанбетов А. 
Матросовтың ерлігін қайталаған қазақ жауынгері. 1942 ж. қыркүйек айында Қазақстанның 
Орал, Гурьев (Атырау) аймақтарына соғыс жағдайының енгізілуі. 500-ге жуық 
қазақстандықтардың Кеңес Одағы батыры атағын алуы. Елеусізов Кеңестер Одағының Батыры 
атағын алған ең жас қазақ. Кеңес Одағының Батыры Т.Тоқтаров қаза тапқан шайқас. 
С.Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры стағының берілуі. Кеңестер Одағының Батыры 
атағын екі мәрте алған қазақстандықтар. Б.Момышұлы ерлігі. «Артымызда Мәскеу» еңбегі. 
Б.Бейсекбаев – «Ресей батыры» және «Халық Қаhарманы», Г.Ахмедьяров – Балтық 
жағалауындағы партизандық қозғалыстың жетекшісі, Қ.Мәденов, Р.Қараманов – Берлин 
ратушасына ту тікен сарбаздар. Тоталитарлық тәртіптің соғыс жылдары нығая түсуі. Ұлт 
саясатындағы озбырлықтар. КСРО территориясындағы жеке халықтарға сенімсіздіктің 
көрсетілуі.
Соғыс кезіндегі ауыл адамдарының еңбектегі ерлігі. Ыбырай Жақаев, Шығанақ, Берсиев, 
т.б. Майдан мен тылдың тұтастығы. Қазақстан еңбекшілерінің соғыста қираған аудандарға 
берген көмегі. Ұлы Отан соғысының аяқталуы. Адамзат қоғамының соғыстан шеккен зардабы. 
ХХ-ғасырда болып өткен екі дүниежүзілік соғыстардың әкелген қасіреті. Екінші дүниежүзілік 
соғыстың қорытындылары мен сабақтары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет