14
ЖҰП САНДАР ЖӘНЕ ТАҚ САНДАР.
Сандар жұп сандар және тақ сандар болып екіге бөлінеді.
ЖҰП САНДАР
дегеніміз 2-ге қалдықсыз бөлінетін бүтін сандар.
Мысалы: –6; –4; –2; 0; 2; 4; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 24; 26; 28;...
ТАҚ САНДАР
дегеніміз 2-ге қалдықпен бөлінетін бүтін сандар.
Мысалы: –5; –3; –1; 1; 3; 5; 7; 9; 11; 13; 15; 17; 19; 21; 23; 25; 27; 29;...
Жұп сан
Жұп сан = Жұп сан Жұп сан
Тақ сан = Тақ сан
Тақ сан
Тақ сан = Жұп сан Тақ сан
Жұп сан = Тақ сан
Жұп сан
Жұп сан = Жұп сан
Жұп сан
Тақ сан = Жұп сан Тақ сан
Тақ сан = Тақ сан
Тақ сан
Жұп сан = Жұп сан
ЖАЙ САНДАР ЖӘНЕ ҚҰРАМА САНДАР.
Сандар жай сандар және құрама сандар болып екіге бөлінеді.
ЖАЙ САНДАР
дегеніміз тек екі ғана бөлгіші бар сандар,
яғни өзіне және 1 санына ғана бөлінетін сандар.
Мысалы 23 – жай сан, себебі оның тек екі бөлгіші бар: 1 және 23.
Жай сандар: 2; 3; 5; 7; 11; 13; 17; 19; 23; 29; 31; 37; 41; 43; 47;...
Ең кіші жай сан: 2 саны. Одан басқа жай сандарда жұп сан жоқ.
ҚҰРАМА САНДАР
дегеніміз екіден көп бөлгіші бар сандар.
Мысалы 24 – құрама сан. Себебі оның екіден көп бөлгіші бар: 1,2,3,4,6,8,12,24.
Құрама сандар: 4; 6; 8; 9; 10; 12; 14; 15; 16; 18; 20; 21; 22; 24; 25;...
ЕСКЕРТУ!
1 САНЫ ЖАЙ САНҒА ДА, ҚҰРАМА САНҒА ДА ЖАТПАЙДЫ
15
“БІР КҮНІ СЕН БІЛІМ АЛУДЫ ТОҚТАТАСЫҢ.
СОЛ КЕЗДЕ ӨЛІМ БАСТАЛАДЫ.”
Достарыңызбен бөлісу: |