17
6-ға бөлінгіштік
белгісі
● Егер де сан 2-ге де және 3-ке
де бөлінсе,
онда ол сан
6-ға бөлінеді.
Мысалы: 170022 саны 6-ға бөлінеді, себебі
170022 саны 2-ге де 3-ке де бөлінеді.
1+7+0+0+2+2=12 12
⋮3
Тексеріп көрейік:
28337
6
:
170022
7-ге
бөлінгіштік белгісі
● Санның 7-ге бөлініп бөлінбейтінін тексеру үшін:
берілген санды соңынан бастап үш-үш цифрдан жіктейміз.
Тақ бөліктерін қосамыз. Және жұп бөліктерін қосамыз.
Нәтижелеріне қарай үлкен саннан кіші санды азайтамыз.
Егер шыққан нәтиже 7-ге бөлінсе, бүкіл сан да
7-ге бөлінеді.
Мысалы: 403889738
738+403=1141 1141–889=252
252:7=36 403889738:7=57698534
8-ге бөлінгіштік белгісі
● Егер санның соңғы үш цифрынан құралған үш таңбалы сан 8-ге бөлінсе
немесе сан үш нөлмен аяқталса, онда сан
8-ге бөлінеді.
Мысалы: 1000, 5008, 2016, 3040 және т.б.
9-ға бөлінгіштік белгісі
● Егер санның цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе,
онда ол сан
9-ға бөлінеді.
Мысалы: 81, 18, 8883, 55134, 400005, 1110006 және т.б.
10-ға бөлінгіштік белгісі
● Егер санның соңғы цифры 0 болса,
онда ол сан
10-ға бөлінеді.
11-ге бөлінгіштік белгісі
● Егер санның тақ орналасқан цифрларының қосындысы мен жұп орналасқан
цифрларының қосындысының айырымы 11-дің еселігі болса,
онда сан
11-ге бөлінеді.
Мысалы: 43715265 саны 11-ге бөлінеді,
себебі (4+7+5+6) – (3+1+2+5) = 22–11=11
18
САНДАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСЕПТЕР. ТЕСТ 001
1. Анықтаманы толықтырыңыз: “заттарды санау немесе біртектес
заттардың
реттік нөмірін анықтау үшін қолданылатын сандар __________ деп аталады”.
A) рационал сандар
B) иррационал сандар
C) бүтін сандар
D) натурал сандар
E) нақты сандар
Достарыңызбен бөлісу: