1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым


Жайылымдарды иксодид кенелеріне тексеру және оларды жинау әдістері



бет27/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Жайылымдарды иксодид кенелеріне тексеру және оларды жинау әдістері
1. Иксод кенелерін сүйретпе (волокушка) арқылы жинау әдістері. Өңделмеген бұзау, құлын терісін, киіз, болмаса ескі көрпені түгін төмен қаратып сүйрейді. Әр 100 метрден соң сүйретпені аударып, кене жабысқанын немесе жабыспағанын анықтайды. Кенелерді жинап, санайды. Этикеткелеп, журналға жазады.
2. Иксод кенелерін орамалмен жинау. Таяққа бекітілген 90-100 см ұзындықтағы дәке, марлы немесе сүлгі орамалды шөп, бұта арасымен жайлап сүйретеді. Соңынан оларды да сүйретпе көрпе сияқты, кенеге тексереді.
3. Кенелерді пропашник арқылы жинау. Пропашник - 30х50 см көлемдегі сапталған пәнер, сырты дәкемен тігілген. Мұның бір ұшын күшпен жерге кіргізіп жылжытады. Оқтын-оқтын кенелерді жинайды.
4. Иксодид кенелерін ит арқылы жинау. Итті тексерілетін жайылымда ары-бері жүргізіп, соңынан олардың денесінен кене іздейді.
5. Иксод кенелерін тәжірибе малдарын жаю арқылы жинау. Тексерілетін жайылым үстінен жылқы немесе ірі-қара малын айдап өтеді. Соңынан, олардың денесін кенеге тексереді.
Аргас кенелерін жинау. Аргас туыстығындағы кенелер негізінен құс қораларында өмір сүреді. Күндіз баз қуыстарын, ұя түбін сыпырып, жиналған қоқыстарды ақ қағаз бетіне салып, арасынан кене іздейді. Кене тез жылжығыш, көзге оңай көрінеді. Түнгі қараңғыда қуатты жарық көзі арқылы құс торының еденін, құс денесін, қонақтайтын орнын кенеге тексереді.
Альвеоназус туыстығындағы кенелер мал қораларындағы ағаш жарығында, сылақ астында, ағаш қуысында өмір сүреді. Олар күзде, қыста және ерте көктемде малға жабылады. Сол себепті малды көрсеткен уақыттарда кенеге тексеріп тұру керек. Ересек кенелерді түнде жинаған жөн. Жинау әдістері иксод кенелерін жинағанмен бірдей.
Кенелерді камеральдық өңдеу.
1. Жинаған кенелерді өлтіру. Жинаған кенелер зерттеуге ыңғайлы болу үшін және олардың түрлік құрамын анықтау мақсатымен алдымен оларды жансыздандырады. Ол үшін кенелерді 60-70º С қыздырылған 67 70º спиртке бірнеше секундқа салады. Кенелердің аяқтары тырбиып тез жансызданады және сыртқы пішіні онша көп өзгеріске ұшырамайды. Сол себептен оларды тұқымдастыққа, туыстыққа және түрге ажырату оңай болады.
2. Кенелерді арнайы сұйықтықтарда бекіту. Кенелерді спиртте жансыздандырғаннан кейін 70º спирт құйылған немесе 10% формалин құйылған түтік пробиркаларға, флаконға салып сақтайды. Олардың ішіне этикеткаларын қоса салады.
3. Кенелерді шыны әйнекке Фора-Берлезе (желатин) сұйығымен бекіту. Әр әйнекке 2 жансызданған кенеден салады. 1-кенені етпетінен, 2-шалқасынан жатқызады. Сонан кейін кенелердің үстіне қыздырылған Фора-Берлезе сұйығын тамызып, жұқа әйнекпен жауып, 60ºС термостатқа салып кептіреді. Әйнекті қара тушьпен жазып этикеткалайды.
Негізінен кенелердің түрлерін анықтау үшін, кенелерді тірідей зерттеу тиімді. Мұндайда олардың түсін, көлемін, денесіндегі талшықтарын оңай көруге болады. Тірі кенелерді әйнек түтікше пробиркаларға, флакондарға салып лабараторияға жібереді. Алдымен бұл ыдыстарға ағаш ұнтағын немесе сорғыш қағаз салып нықтайды. Оларды алдын ала сумен дымқылдайды. Кенені салған соң этикеткасын жазып, аузын мақтамен тығындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет