1. Энтомологияға кіріспе. Паразит жәндіктердің жіктелуі Энтомология (грекше entomon шыбын-шіркей және iogos ғылым) шыбын-шіркейлер немесе жәндіктер дүниесін зерттейтін ғылым



бет37/98
Дата19.05.2022
өлшемі293.43 Kb.
#457435
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98
паразит экзамен ответ 1

Гамазоид кенелері
Гамазоид кенелері де паразитиформ тегіне жататын буынаяқтылар. Бұл кенелер тобы ішінде Dermanyssus gallіnae тауық кенесінің практикалық маңызы зор. Бұл кене боррелиоз, орнитоз, тырысқақ және оба ауруларының қоздырғыштарын тасымалдайды. Тауық кенелері D.gallіnae ұсақ, тұрқы 0,75 мм-дей (аш кезінде) қозғалымпаз буынаяқтылар.
Иксодид кенелерге қарсы қолданатын шаралар: кенелерді биотоптарда жою; кенелерді мал денесінде жою.
І. Кенелерді биотоптарда жою.

  1. Тың жерлерді жыртып, оның орнына жасанды жайылымдарды игеру.

  2. Жайылымды ауыстыру.

  3. Кенелер көбейген кезде малды таудағы шұрайлы кең жайылымдарға ауыстыру.

  4. Қораларда дезакаринизацияны жасау. Бұл шараларды жылына екі рет өткізеді.

  1. көктемде ересек кенелер шықпай тұрғанда;

  2. шілде – тамыз айларында майда ұрықшалар мен нимфаларға қарсы.

Қолданылатын акарицидтер:

  1. Аэрол – 2 (хлорофос + ДДИФ 9:1) – 20 мл/м3 ;

  2. Глак – ц 50 мл/м3 ;

  3. 1,5%-тік хлорофос ертіндісі - 200 мл/м3 ;

  4. 0,2%-тік бензофосфат эмалі 200 – 400 мл/м3 ;

Қораны дәрілеген соң малды кіргізер алдында 3-4 сағатқа есік – терезесін ашып, еденді, науаларды ыстық сумен шайып, жуып препараттардың қалдықтарын жояды.
ІІ. Кенелерді мал денесінде жою:
Малды ванналарда тоғытады немесе бүрку әдісімен дәрілейді.
Ірі қара: 0,2%-тік бензофосфат эмалі; 0,5%-тік циодрин эмалі; 0,15%-тік дурсбан эмалі. Бұл үшеуін 1-3 литрден малдың бір басына жеті күнде бір реттен бүрку әдісімен емдейді.
Қой: 0,2%-тік бензофосфат эмалі; 0,05%-тік неоцидол эмалі; 0,1%-тік дурсбан эмалі бұларды 9 – 10 күнде бір рет ваннадан өткізеді. Қыста 7%-тік севин дустын, малдың бір басына 300 – 400 гр. мөлшерінде қолданады.

31.Dermacentor туысы кенелерінің зияндылығы, олармен күрес шаралар.


Жіктелуі:
Топтамасы: Arthropoda, Тап: Arachnoidea, Тегі: Parasitihormes
Тұқымдасы: Ixodidae
Туыстары: 1 Hyalomma - шыны көзді кене
2 Ixodes - жабысқақ кене
3 Dermacentor - тері кескіш кене
4 Haemaphysalis - қан сүйгіш кене
5 Rhipicephalus - желпеуіш басты кене
6 Boophylys – ірі қара кенесі
Dermacentor туысына жататын кенелер жылқының пироплазмоз (қоздырғышы Piroplasma caballi) және нутталиоз (қоздырғышы Nuttallia egyi) ауруларын тасымалдайды. Бұл туысқа жататын кенелердің алты түрінің ішінде Dermacentor marginatus және D. pictus деген түрлерінің эпизоотологиялық маңызы бар. Dermacentor туысына жататын кенелердің тұмсығы қысқа, түбі төрт бұрышты, жотасында, екінші тұсында көздері Денесінің үстіңгі жағы қоңыр түсті болғанымен күміс реңді. Сондықтан кенелерді тез айыруға болады. Ересек, яғни имаго сатысындағы Dermacentor кенелері жылқы, іpі қара мал, ешкі, қой және т.б. жануарлардың қанын сорады. Ал, балапан- кене және нимфа сатыларында ұсақ кеміргіштерді талайды. Бұл кенелер жануарларға және айларында жабысады. Ересек кенелер 2-3 жылдай аштыққа шыдайды. жылдың ішінде бір ұрпағы өсіп-өнеді. Dermacentor marginatis үш иелі кене. Олар жылқының пироплазмидоз ауруларынан басқа қара малдың анаплазмозын (қоздырғышы Anaplasma marginale), қойдың анаплазмозын (A.Ovis) және тейлериозын (қоздырғышы Theileria recondita), сондай-ақ кеміргіштердің туляремия ауруларын тасымалдайды. Кененің бұл түрі Украина, Молдавия, Қырым, Қазақстан, Орта Азия республикаларында, сондай-ақ Батыс және Шығыс Сібірдің Оңтүстік бөлігінде кездеседі. Dermacentor pictus түрі де үш иелі кене. Ол жылқының пироплазмидоздарынан басқа пироплазмозын (қоздырғышы Piroplasma canis), ipi қара малдың анаплазмозын және жылқының энцефаломиелит ауруы және омбы геморрагиялық қызбасының вирусын тасымалдайды.
кенелерді биотоптарда жою; кенелерді мал денесінде жою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет