Тақырыбы: Ірі қара, шошқа цистицеркозы (Ірі қара етқұрты,финноз) Орындаған: Вм-41 топ студенттері Тексерген: доц. Абекешев Н. Т



Дата18.05.2022
өлшемі2.37 Mb.
#456942
ВМ-41 паразитология Цистицеркоздар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы » институты
«Ветеринария және биоқауіпсіздік» жоғары мектебі 
Паразитология және инвазиялық аурулар пәнінен
Тақырыбы: Ірі қара, шошқа цистицеркозы (Ірі қара етқұрты,финноз) 
Орындаған: Вм-41 топ студенттері
Тексерген: доц. Абекешев Н. Т

Мазмұны:

  • Ірі қара, шошқа цистицеркозы
  • Қоздырғышы
  • Өсіп-өнуі
  • Эпизотологиясы
  • Аурудың өрбуі
  • Сыртқы белгілері
  • Өлекседегі өзгерістер
  • Диагнозы
  • Емдеу
  • Сақтандыру шаралары

Цистицеркоз
Цистицеркоз - бұл созылмалы, жасырынды түрде өтетін, бұлшық еттің зақымдануымен сипатталатын ларвалдық гельминтоз ауруы.
Ларвалды цестодоздар – таспа құрттардың балаң құрттарынан, яғни көпіршіктердің мекендеуінен пайда болатын аурулар.
Қоздырғышы:
Жынысы жетілген сатысын – Taeniarhynchus saginatus (өгіз таспасы)деп атайды. Мұның ұзындығы 3-10 м, басы домалақ, аумағы 1-2мл, мойны жіңішке, дене стробиласы 2000-ға жуық буылтықтардан тұрады. Мойнына жақын орналасқан бунақтары кішірек, құйрық жағына қарай көлемі ұлғая түседі.
Цистицеркоз ауруының қоздырғышы
1. Имаго – жынысы жетілген сатысын Тaeniarhynchus saginatus деп атайды. Қазақша – өгіз таспасы деп. атайды. Мұның ұзындығы 3-10 м, басы домалақ, қарусыз. Дене стробиласы 2000-ға жуық буылтықтардан тұрады. Өгіз таспа құрты адамның аш ішегінде өмір сүреді.
2. Жұмыртқасы сопақ, сыртқы қабының көлденең сызықтары бар, ішінде алты ілмекшелері бар онкосфера орналасады.
3. Цистицерк (балаң- көпіршік) , яғни ірі қарада аурудың қоздырушысы, онысы Cysticercus bovis деп аталады. Кейде онысын «финна» деп те атайды. Көпіршіктің ішінде мөлдір сұйық бар.
«Финна» немесе цистицерк мойын, қабырға, жақ еттерінде, тіл мен жүректе, ал, өте көп болса барлық бұлшық еттер мен көк еттен табылады.

1. Имаго сатысы:


Өсіп-өнуі
Ақтық ие
– тек қана адам. Таспа құрт адамның аш ішегінде мекендейді. Ақтық иеден, яғни адамнан күніне 7-8 пісіп-жетілген бунақтар нәжісімен немесе өзінен-өзі өздігінен үзіліп сыртқы ортаға түседі. Бунақтар біраз жерде өрмелеп жүреді, жыныс тесіктерінен жұмыртқасы түсіп сыртқы ортаны ластайды. Содан соң бунақтар ыдырайды. Жұмыртқалары жерге, сыртқы ортада жиналады.
Аралық ие
– ірі қара мал, қодас, енеке, өркешті бұқалар. Аралық иесі – ірі қара мал жем-шөппен немесе сумен құрт жұмыртқаларын болмаса оның мүше бөліктерін жұтып қояды. Малдың ішегінде онкосфера жұмыртқаның қабығынан босап, өзінің ілгешектерімен ішекті тесіп, қан айналымы арқылы қан тамырларына енеді. Сөйтіп, ағзаларға жетеді. Тоқтаған жерде 5-6 айдан кейін көпіршік-цистицерк қалыптасады. Осындай цистицерктермен зақымданған ірі қараның етін адам жесе оның аш ішегінде екі жарым – үш айда өсіп жетіледі.
Әр жерде таралған ауру. Жеке меншіктегі малда және тазалық жағдайлары өте төмен мал фермаларында жиірек кездеседі. Жануарға финноз көбінесе оның жас кезінде жұғады.
Адамдар арасында тоғышардың етек алуына малды аулада сойғанда және оның ұшасын ұқыпты тексеріп қарамау, бүршікпен зақымданған етті тамаққа жұмсау, жеткіліксіз зарарсыздандыру немесе оны сатып жіберу– осының барлығы негізгі себепкер болады.
Аурудың эпизоотологиясы
Клиникалық белгілері
Малда цистицеркоздың айтарлықтай клиникалық белгілері байқалмайды. Залалдандыру мөлшері өте жоғары болған кезде ауру мал тұра алмай, тамақтан, судан қалады. Іші кебеді немесе тышқақтайды. Дене қызуы 39,8-41,8 градусқа дейін көтеріледі. Кейбір жағдайда мал өлімі орын алады, бірақ та ол жағдай өте сирек кездеседі.
Өлекседегі өзгерістер
Цистицеркоздан өлген мал денесінің көптеген жерінен нүкте тәрізді қанталауы байқалады. Мұндай өзгеріс,әсіресе жүректе басым болады. Құрсақ қуысына қан араласқан сарысу жиналады. Бұлшық ет аралығынан, жүрек пен тілден цистицерктер табылады.
Емі:
Малдарда бұл аурудың емі жоқ.

Сақтандыру шаралары

  • Малды мал дәрігердің бақылауында, арнайы орындарда сою;
  • ет комбинаттарда немесе жеке шаруашылықта малды сойған кезде қатаң мал дәрігерілік - санитарлық сараптан міндетті түрде өткізу. Әуелі бастың жақ еттерін тіліп қарайды. Тілді қолмен мыжып, қажетті болса оны ұзыннан бір рет кескен дұрыс. Жүректі ұшынан аяғына дейін қақ жарып, әр бөлігін ұзыннан екі рет, көлденеңнен бір қайтара тіліп тексереді. Егер жүректен финналар табылса, онда желке етін, жон етін, қабырға аралық етті, көк етті де тексереді. Бұлшық еттерді бірнеше жерінен тереңірек тіліп зерттейді. Цистицерктер бар болса оларды жай көзбен көруге де болады.
  • Мөлшері 1,5 -2 кг етті міндетті түрде екі сағат пісіру қажет. Егер ет көп мөлшерде болса оны 3 апта бойы тұздайды немесе жақсылап тоңазытқышқа қояды, 24 сағат уақыт бойы 6-12 градус суықта ұстайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет