1. «Философия» сөзі қандай мағынаны білдіреді? А даналыққа құштарлық



Дата11.10.2022
өлшемі33.24 Kb.
#462398
филсофия 200 сурак сессия сурактары-1


1-тест
1. «Философия» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
А) Даналыққа құштарлық;

2. Философияның басты мәселесі:


А) Сананың материяға деген қатынасы;

3. Философия нені зерттейді?


А) Болмыс пен ойлау заңдарын;

4. Теология қандай ілім?


A) Құдай жөніндегі;

5. Латынның «материя» сөзінің алғашқы мағынасы:


А) Зат;

6. Субстанция дегеніміз –


A) Бастама, негіз;

7. Таным көзі ақыл-ойда жатыр деген философиялық бағыт:


А) Рационализм;

8. Дүниеге көзқарас дегеніміз бұл:


A) Дүниеге және ондағы адам орны туралы көзқарас;

9. Философияның дүниеге көзқарас ретінде қалыптасуының 3 негізгі даму кезеңдерін ата:


A) Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм;

10. Құдай алғашқы, жаратушы, бірақ қоршаған орта, адам, тарихи оқиғаға араласпайды» деп түсіндірген философиялық бағыт:


A) Деизм;
2тест11. Болмыс ұғымы мен теориясын алғаш рет қарастырған философ:A) Парменид,
12.Философиядағы адам жөніндегі ілім:А) Антропология;
13.Агностицизм дегеніміз бұл-A) Әлем толықтай немесе жартылай танылмайды деген ілім;
14. Болмыс жөніндегі ілім қалай аталады?
А) Онтология;

15.Философиялық әдістерді ата:


А) диалектика, метафизика, догматизм, эклектика;

16. Адамның шығуы мен дамуы туралы, оның табиғаты мен мәні туралы ілім-


А) Антропология;

17. Материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой-санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой-пікірдің теориялық жиынтығы-


А) Философия;
18. Қоғамдық байланыстар, құрылымдар мен қатынастарды зерттейтін философия бөлімі:
А) әлеуметтік философия

19. Адамдардың қажеттіліктерін, мүдделерін және тілектерін орындауға қабілетті нәрселердің, құбылыстардың, процестердің сапалары мен қасиеттерін анықтайтын және зерттейтін құндылықтар туралы ілім қалай аталады?


А) Аксиология;

20. Адамның дүниені тануда әсемдік заңдарын арқау еткен ғылым-А) Эстетика;


21.Ортағасырлық философияға тән сипаттама а)теоцентризм


22. Ф. Бэконның «Жаңа Органон» еңбегінде танымға бөгет болатын идолдар


A. Тектік, үңгір, нарық, театр

23. Неміс классикалық философиясының негізін салушыA. И. Кант


24.Сана дегеніміз -


A. субъективтік шындық, адам миы функциясының сөйлеумен байланыстылығын білдіретін болмыстың мақсаттылығы

25.«Құдайы қаласы» еңбегінің авторыA. Августин Авреллий


26. «Бейсаналық» ұғымын қолданысқа енгізген:A. З. Фрейд

27. Фалес іліміндегі дүниенің бастамасыA. су


28. Платон философиясындағы жоғарғы идея («Барлық идеялардың идеясы»)A. ізгілік идеясы

29. Христиандық «Шіркеу әкейлерінің ілімі»A. патристика


30. Платонның негізгі шығармалары:A. «Мемлекет»


31. Дүние бір бастамадан тұрады деп есептейтін философиялық ілім:A. монизм


32. Дүние екі бастамадан турады деп есептейтін философиялық ілім:A. дуализм


33. Көп субстанцияны мойындайтын философиялық ілім:A. плюрализм


34. Көне Грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған ойшылды ата:A. Парменид
35. Бір түпнегізден түсіндіретін ілімді монизм деп атайды. Идеалистік монизм өкілдерін ата:A. Платон, Гегель
36. Онтология нені зерттейді?A. Болмысты
37. «Материя» категориясы нені білдіреді?A. Объективті шынайылық
38. Диалектика категориясына жататын түсінік:A. Болмыс пен құбылыс
39. Диалектикаға қарама-қайшы альтернатива:A. Метафизика
40. Ештеңеге тәуелді емес, өздігімен өмір сүретін болмыс негізі:A. Субстанция
41. Таным туралы ілім, ғылым:A. гносеология
42. Танымның мақсаты:A. ақиқатқа жету
43. Ақыл мен ойлаудың танымдық мүмкіндігі шектеулі деп санайтын, интуиция, сезім, түйсікті танымның түп төркіні деп есептейтін философиялық бағыт
A. Иррационализм
44. Эпистемология ол:A. Білім мен танымды зерттейтін философиялық пән
45. Дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара жоққа шығару туралы түсінік-
A. Агностицизм
46. Танымның негізгі түрлерінің бірі:A. Ғылыми таным
47. Сезімдік таным негіздері:A. түйсік, қабылдау, елестету
48. Адамдардың табиғатты және қоғамдық құбылыстарды мақсатқа сай өзгертуге бағытталған қоғамдық және материалдық қызметі-A. практика
49. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білім қалай аталады?A. салыстырмалы ақиқат
50. Объективті шындықты танып білу мүмкіндігіне күдік келтіретін ағым-A. Скептицизм
51. Ғылыми танымның әдістерін ата:A. жалпы, жеке, диалектикалық әдістер
52. Ғылыми танымның эмпириялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс
A. бақылау
53. Эксперименттің бір түрі, бірақ мұнда обьектінің өзі емес, оның орнын басатын үлгі қолданылатын әдіс қалай аталады?A. модельдеу
54. Зерттелетін заттар, я болмаса, құбылыстардың ішкі мән-мағнасын ашатын, практика арқылы дәлелденген, қайшылықсыз бір-бірімен байланысты ұғымдар жүйесі-A. теория
55. Демаркация идеясын ұсынған ойшыл-A. К.Поппер
56. «Ғылымдар тізбегі» еңбегінің авторын ата:A.Әл-Фараби
57. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы неше тарауға бөлді:A. 7
58. Танымның индуктивті әдісінің негізін салған кім?A. Ф.Бэкон
59. Ф.Бэкон ғылымдар классификациясын жасап, негізгі үш бөлімге жинақтады. Олар:
A. ес, қиял, пайым
60. Ф.Бэкон «Жаңа Органон немесе табиғатты түсіндірудегі ақиқат нұсқаулар» атты еңбегінде дүниені тануда кедергі келтіретін елестерді атады. Олар: Үңгір, театр, базар, тектік елестер
61. «Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам-данышпан» деген қытай ойшылын ата:A. Лао Цзы
62. «Өзіңе жасағанын қаламайтын қылықтарды сен де басқаларға жасама» ой түйінінің авторы кім?A. Конфуций
63. «Нирвана» сөзінің негізгі мағынасы-A. өшу, сему
64. Аристотель де өз заманына сай ойлады. Құлдарды ол адамға санаған жоқ, оларды қалай атады?A. сөйлей білетін қару
65. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін» деген қанатты сөздің авторы- Р.Декарт
66. Адамға «қоғамдық хайуан» деген анықтама берген ойшыл-A. Аристотель
67. “Homo Sapіens” дегеніміз кім?A. саналы адам
68. Американдық ағартушы Б.Франклин адамға деген қандай анықтама берді? «Homo Faber» - құралданған адам
69. Өзіндік, тек соған тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет пішіні, түр сипаты, азаматтық қасиеті бар адам-A. ерекшелікті адам
70. Абайдың адам туралы идеясы қалай аталады? A. «Толық адам»
71. «Философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді»,-деген антикалық ойшылды ата.
A. Платон
72. «Танатология» ұғымы қандай мағына береді?. өлімнің себептері, белгілері туралы зерттейтін ілім
73. Рахаттанушылық пен бақыт барлық ұмтылыстардың мақсаты деп қарастыратын этикадағы бағыт қалай аталады? Эвдемонизм
74. Өмір мағынасына сезімдік қуаныш, ләззат алу, рахаттану деп санайтын этикалық бағытты ата:A. Гедонизм
75. Адам әрекеттерінің жоғарғы мақсаты материалдық тиімділікке, пайдаға, игілікке ұмтылу деп түсінетін этикалық бағыт қалай аталады?A. Утилитаризм
76. «Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «Менікі» өлсе өлсін, оған бекі» - деген қазақ ойшылы кім?. Абай
77. Сопылық бағыттың негізін салған кім? Қ.А.Яссауи
78. Қазақ даласындағы аскеттік, мистикалық діни бағытты ата:
A. сопылық
79. Мәңгілік өмірді іздеп, қобызымен күй тартып өлімнен қашқан-A. Қорқыт ата
80. Қайырымдылық өмірге ұмтылыс пен жағымсыз дағдылармен күресетін, рухани жетілуге бой сермеп, материалдық игіліктерден, тәндік ләззат алудан бас тартатын өмірлік практикалық бағыт:. Аскетизм
81. Мораль мен әдептілік туралы философиялық ілімдер жүйесі қалай аталады?A. Этика
82. Этика ұғымын енгізген антикалық ойшылды ата:Аристотель
83. Өнегелілік, өзіндік инабаттылық, жеке адамның, қауымның ерігіне негізделген еркін іс-әрекет, қылық түсініктерін біріктіретін ұғым:A. әдептілік
84. Эстетика сөзінің грек тілінен аударғандағы мағынасы қандай? A. сезіну, сезімдік
85. Эстетика ұғымын ғылымиайналымға енгізген неміс философын ата: A. Александр Баумгартен
86. Аксиология ғылымы нені зерттейді? құндылықтарды
87. Аксиология ұғым XVIII ғ. аяғында пайда болды. Терминді ғылыми айналымға енгізген-
A. Э.Гартман
88. Өмір, сана, іс-әрекет, азап шегу, мақсатқа ұмтылушылық-
A. адамдық құндылық
89. Өнер туындылары мен моральдық ұстанымдарды қандай құндылықтар түріне жатқызуға болады?A. рухани
90. Қоғами нормалар сферасы, жоғары ұстанымдар, мұрат, идеал; адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыстарын реттеу, қалыптастыру қызметін атқарады-A. мораль
91. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Еркіндікті субъективті рухпен байланыстырған ойшылды ата:A. В.Гегель
92. Еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндірген ойшыл-A. К.Маркс
93. Саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, митинг, бірлесу, сайлау және сайлану) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық, рухани жұтаңдық қандай саяси жүйеге тән?
A. тоталитарлық, авторитарлық
94. Өз еңбектерінде «абсурд пен мәнсіздіктің жағдайындағы адамның тағдыры» мәселесін көтерген ойшыл: Ж.П.Сартр
95. Адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебі оның табиғаты ізгілікті деп түсіндірген ойшылды ата:
A. Б.Спиноза
96. «Этика» еңбегінің авторы, этикалық доктрина қалыптастыру, адам мәселесін терендеп зерттеу ісіне басты назар аударған ойшыл:A. Б.Спиноза
97. Адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдеген ойшыл-A. Б.Спин10оза
98. Адам өмірі-абсурд, қисынсыз, негізсіз. Өмір алдында - тұнғиық, ештеме, ажал, өлім тұр. Абсурдтік бүлік экзистенциализмінің негізін салушы:A. А.Камю
99. «Болмыс және Уақыт» еңбегінің авторы кім?
A. М.Хайдеггер
100. Тіл арқылы әрбір адам өзін-өзі ашады, өзінен хабар береді, өзінің жағдайын, көңіл-күйін білдіреді, ал сол арқылы өзінің әлемге деген, өзіне деген қатынасын айқындайды, «Тіл-болмыстың үйі» деп негіздеген ойшылды ата:A. М.Хайдеггер
101. 5 мың жыл бұрын эстетика қай мемлекеттерде пайда болды?
A. Мысыр, Вавилон, Үндістан, Қытай, Грекия

102. Сұлулықтың объективті негізі-шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыста-рында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білген антикалық ойшылдарды ата:


A. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар
103. «Никомах этикасы» еңбегінің авторы кім?Аристотель,
104. Көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан дүниесін-дегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы- Өнер
105. Ғарыштық үйлесімділік пен әсемдіктің адамзат әлемінен орын алғандығы туралы баяндайтын көзқарастар қалай аталады?Космологизм
106. "Илиада", "Одиссея" еңбектерінің авторын ата? Гомер
107. "Илиада" шығармасында адамдар арасындағы келісім, тыныштык, бейбітшілікті білдіретін ұғымды ата: гармония
108. Антикалық философияда адам жаны мен тәнін тазарту, рухтық жөне ағзалық жаңаруды білдіретін ұғым: катарсис
109. Эстетикаға "калокагатия" ұғымын енгізген ойшыл:Сократ
110. Араб-мұсылман эстетикасының мақсаты: кемел адамды тәрбиелеу
111. Қоғамдағы топтардың пайда болып, дамуының ішкі заңдылықтарын, сол топтардың әрқайсысының ішкі ерекшеліктерін зерттейтін философия ғылымының бір саласы әлеуметтік философия
112. "Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды",- деп, утопиялық социализмнің негізін салушыны ата: Т.Мор
113. «Күн қаласы» еңбегінің авторы кім? Т.Компанелла
114. Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Адамның іс-әрекетінің ең терең түрткісі - ол оның мүддесі деген тұжырым жасап, саяси философияның негізін салушы кім? Н.Макиавелли
115. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету сияқты жағымсыз қасиеттерді қалай атайды?макиавеллизм
116. Адам табиғатынан залым және өзімшіл, адамдар өзара келісім жасау арқылы мемлекетке біріккен және билеушіге өз еріктерімен бағынған, мемлекет- жасанды дене (левиафан) деген философты ата: Т.Гоббс
117. Мемлекет адамдардың іс-әрекетінің заңға сәйкестігін қадағалап отыруы қажет. Мемлекет заң шығарушы, сот, атқарушы биліктер арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс деген ойшыл кім?Дж.Локк
118. «Қоғамдық шарт» теориясының авторы кім? Ж.Ж.Руссо
119. К.Маркс неше қоғамдық-экономикалық формацияға бөлді? 5
120. «Индустриялды қоғам» терминін ғылымда алғаш қолданған кім? Сен-Симон
121. Христиан шіркеуі жыл санаудың басын қандай оқиғамен байланыстырады?
A. Иса пайғамбардың туған күнімен
122. «Тарих әрі уақытша, әрі құдай арқылы мәңгілікке бағынышты. Уақытшылық пен мәңгілік Иса пайғамбар Христостың бейнесі арқылы белгіленген»,-деген пікірді насихаттаған белгілі ойшыл: Аврелий Августин
123. Грек мифологиясын зерттеп бірден оның алғашқы титандар тарихы, олимпиялық құдайлар тарихы және қаһармандардың тарихы деп бөліп қарастырған: Джанбатист Вико
124. «Өзінің ілімінде әлемді тұтас тірі организм ретінде қарастырып, табиғат, адам және адамзат тарихы сол организмнің бөлшектері», деп қарастырған ойшылды ата? И.Г.Гердер
125. Ғылыми айналымға «тарих философиясы» ұғымын енгізгін ойшылды ата? Ф.Вольтер 
126. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух деп қарастырған философ: В.Гегель
127. Тарихи процесті диалектикалық әдіс арқылы шешуге тырысқан ойшылды ата: К.Маркс
128негізгі қасиеттерін атап көрсететкен кім? Раймон Арон
129. «Тарихи осьтік уақыт» ұғымын енгізген ойшылды ата: К.Ясперс
130. «Табиғи өзгерістерге қарағанда тарихи өзгерістердің негізінде рухани процестер жатыр»-, деген ойшыл:А.Тойнби
131. Жаратылыстан тыс күштерге, құдайга деген сенімен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы- Діни сана
132. Теология ғылымының зерттеу объектісі не?Құдай
133. Ақыл мен сенімнің, ғылым мен діннің үйлесімділігі қалай аталады. «қос ақиқат»
134. Жанды-жансыз тіршілік атаулыда болатын рухқа табынушылық қалай аталады? анимизм
135. «Тотемизмді» алғашқы дін деп есептеген француз әлеуметтанушысын ата: Э. Дюркгейм
136. Индуизм дініндегі әлемді сақтаушы құдай қалай аталады? Вишну
137. Индуизм дініндегі әлемді қиратып қайта жасаушы, кейде жағымсыз мәндегі құдай – A. Шива
138. Буддизм ілімінің негізін салушы:A. Сидхарта Гаутама
139. «Ислам» сөзі қандай мағына білдіреді? «бейбітшілік», «мойынсыну, бағыну»
140. Ислам дінін қабылдан адамды қалай атайды? мұсылман
141. «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы қашан қабылданды?2014 жылғы 17 қаңтарда
142. Қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы қалай аталады?Мәңгілік Ел
143. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында неше принцип ұсынылған? 7
144. «Мәңгі ел» тұжырымдамасы дүниеге келген VІІІ ғасырда байырғы түркілердің билеушісі кім? Күлтегін
145. Рухани жаңғыру бағдарламасындағы «Әрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына сүйіспеншілік» дамытуға негізделген бағыт қалай аталады?
A.Туған жер
146. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері ұсынылған. Бірінші принцип қалай аталады? Тәуелсіздік және Астана
147. «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңыздылығы-
A. «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек»
148. «Мəңгі Ел» идеясының негізін салушылар Күлтегін, Тоныкөк қай мемлекет билеушілері?Түрік қағандығы
149. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері ұсынылған. Жауаптар ішінен дұрыс емес принципті белгіле:БҰҰ және Қазақстан
150.«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – бұл – қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы деп бағалаған: Н.Ә.Назарбаев

151. Қазіргі кезеңдегі адам тұлғасының қалыптасуында маңызды роль атқаратын:Тіл


152. XXғ. философиясы ағымдарының қайсысы, зерттеу негізіне адамның өмір сүру проблемасын қояды? Экзистенциализм*
153. Адамның әлеуметтік-мәндік мағынасын көрсететін ұғымды анықтаңыз:
A. Тұлға
B. Субъект
C. Индивид
D. Жекелік
E. Халық
154. Буддизмдегі қандай термин адамның барлық әрекеттерінің соңғы мақсатын білдіреді?Нирвана*
155. «Гуманизм» термині нені білдіреді? Адамның тұлға ретінде құндылығын, бостандыққа, өзінің қабілеттерін дамытуға құқығын білдіретін көзқарастар жүйесі*
156. Герменевтика не туралы ілім?Түсінік*
157. З.Фрейд қандай теорияның негізін қалады? Бейсаналық теориясы*
158. «Экзистенция» дегеніміз не? Адам болмысының бірегейлігі*
159. XX ғасырдың философиялық мектептері (бағыттары):Экзистенциализм, фрейдизм*
D. Догматизм, скептицизм
160. К.Юнгтің іліміндегі адам психикасында қалыптасатын жалпы адамзаттың түпкі бейнелері қалай аталады? Архетиптер*
161. Зигмунд Фрейдтің пікірінше «бейсаналыққа негізгі жол»:Түс көруді жору*
162. Мәтіндерді және қағидаларды философиялық талдайтын ғылым:Герменевтика*
163. А.Шопенгауэр мен Ф.Ницшенің айтуынша барлық құндылықтардың арасында бірінші орынды не алады?ерік, жігер*
164. Постмодернизм өкілдерін көрсетіңіз: Лиотар, Деррида *
165. Қозғалыстың ең жоғарғы формасы не?Даму*
166. Жалпы алғанда философиядағы болмыс, болу ұғымы нені білдіреді?Өмір сүру*
167. Онтологияның негізгі мәселелерін Хайдеггер қай кітапта қарастырады?Болмыс және уақыт*
168. Материалистік теорияның іргелік жұп ұғымдары: Материя және сана*
болмыстық формалары – :кеңістік және уақыт*
170. Неміс классикалық философиясында диалектиканы дамудың теориясы ретінде қарастырған:. Гегель*
171. Қайшылықта дамитын болмыстың жалпыға бірдей түрі:Қарама – қарсылық*
172. Диалектиканың мағынасы:Жалпы байланыс және даму теориясы*
173. Г. Гегельдің диалектикалық триадасы :Тезис-антитезис-синтез*
174. Диалектика марксистік философияда ... ілім? Дамудың жалпы заңдары туралы*
175. Көне Грецияның алғашқы философы деп кімді атайды: Фалес*
176. Антикалық дәуір философиясы дүниетанымының негізгі принципі:Космоцентризм*
177. Философия категорияларын ең алғашқы жүйелеген грек философы кім Аристотель*
178. Гераклиттің пікірінше дүниенің негізі-:От*
179. Антикалық философиясының «жеті ғұламасын» көрсетіңіз:
Фалес, Солон, Периандр, Клеобул, Хилон, Блант, Питтак*
180. Материалистік бағыт ертедегі грек философиясындағы қай философтың атымен аталған? Демокрит*
181. Жаңа заман философиясындағы таным теориясының негізгі бағыттарын белгілеңіз:
Эмпиризм және рационализм*
182. “Білім-күш” қағидасының авторы: Бэкон*
183. Эмпиризмнің негізінде, ой қорытудың қандай логикалық формасы жатыр?. Индукция*
184. “Ойлаймын, демек өмір сүремін” деген принципті енгізген философ: Р.Декарт*
185. Көне үнді мәдениетінің алғашқы әдеби көзі болып табылатын шығарманы көрсет:
Махабхарата*
186. «Дүние жаралған жоқ, ол біртіндеп дамыды» деп қарастырған көне Үнді мектептердің бірі:Джайнизм*
187. Ежелгі Қытай философиясындағы екі негізгі бағыт:Конфуций ілімі және даосизм*
188. «Өз бойында адамгершiлiктi жоғалтпауға тырыс, Жаратушы бiздi адамгершiлiгiмiз-ге қарап бағалайды- деп кiм айтқан?А.Құнанбаев*
189. Адамның еркіндігі жөніндегі ұғымды атомистік іліммен байланыстырған философ кім?Эпикур*
190. Ақиқат бұл? Объектіге ойдың сәйкес келуі*
191. Қоғамның дамуы мен өмір сүруінің табиғи қажетті алғышарты: Географиялық орта*
192. Қоғам дамуын өркениеттік тұрғыдан қарастырған кім?. Тойнби*
193. Футурология нені зерттейді? Болашақты*
194. Адам санасын «таза тақтаға» теңестірген Жаңа заман ойшылы:Локк*
195. “Ойлаймын, демек өмір сүремін” деген принципті енгізген философ:Р.Декарт*
196. X X ғ. басында қазақ жазба мәдениеті философиясының негізін қалаушы лингвист:
Ахмет Байтұрсынов*
197. Абайдың негізгі философиялық шығармасын атаңыз: Қарасөздер*
198. Шоқан Уәлихановтың көзқарастары қай әлеуметтік ілімге жатады?
Географиялық детерменизм*
199. Қазақ ойшылы, орыс географиялық қоғамның толық мүшесі, саяхатшы, философ?
Ш.Уалиханов*
200. «Адасқан өмір» атты шығармасында дүниенің шексіздігі туралы ой айтқан кім? С.Торайғыров*

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет