1. Философияның анықтамасы мен пәні. Философия


) Махаббат – адамның өмір сүру мәні. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде



бет6/6
Дата12.05.2023
өлшемі40.84 Kb.
#473583
1   2   3   4   5   6
filo

10) Махаббат – адамның өмір сүру мәні. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде.
Махаббат мәселесі қазіргі философия ғылымында өзекті мәселеге айналуда. Қазір махаббат пен мейірімділікке негізделген жаңа үлгідегі әлемді тану жолында жаңа көзқарасты өзара түсінік философиясын қалыптастыру мәселесі күн тәртібінде тұр.Махаббат көп жағдайда адамның дәстүрлі әлемі туралы түсінігімен анықталады. Әрбір халық өздерінің көп ғасырлық өзінің тарихында бұл ұғымға мифология дін, философия, этика, музыка, поэзия сияқты дәстүрлі мәденитінің элементтерін енгізді.Бұрынғы философтар махаббат ұғымын тереңдікпен зерттелген, Әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хайям, және тағы басқа белгілі ойшылдар мен ғалымдар бұл құбылыстың шығу тегін зерттей отырып, әр - түрлі, кейде бір - біріне қарама - қарсы болатын тұжырымдарға да келген. Қоғамның дамуына байланысты махаббат туралы түсініктер де өзгеріп отыратынына қарамастан халықтың тарихы мен дәстүріндегі махаббат ұғымының мәні мен табиғаты жұмбағы көп өзекті мәселесі болып отырды.Махаббат туралы түсініктің қазақ дәстүрлі дүниетанымды өзіндік ұзақ тарихы бар екені белгілі. Бұл ұғым көбінесе рухани - адамгершілік мәселелермен тығыз байланысты.Махаббат еркіндік, ар-ұят, жауапкершілік, мейірімділік сияқты адам болмысы категорияларымен байланысты. Бұл сезімнің тамаша бейнесі болып әр кезде әйел танылған.Халық ұғымында сұлулық, білім, сөйлей білу, ән айту, музыкалық аспапта ойнау, тәкәппарлық сезімде болу - осы қасиеттер әсем қыздың бейнесін толықтыра түседі. Махаббатты қадірлейтін, қастерлейтін еркек те осындай қасиеттер иесі болары анық. Сонымен қатар шынайы махаббатқа еркін рухты адамдар ғана бейімдірек келеді.
Ұлы Абай махаббатты экзистенциялдық тұрғыдан терең түсінді. Махаббаттың мәнін Абай «жүрек» категориясы арқылы ашты. Махаббат философиясының және жүрек философиясының тілі мен шығу тегі бір болатын. Ендеше, мұндай адамды бұл сезім әуелден - ақ сақталған. Оның өмірі махаббатты іздеуден және оны табудан тұрады. Абай өзінің «қара сөздерінде» жүрек, махаббат туралы көбірек айтады. «Жүрек», «намыс», «рух», «ерлік» «ар-ұят» туралы философиялық пайымдауларын ақын терең герменевтикалық талдаумен кеңейтеді. Ол махаббаттың мәнін анықтай отырып, тек сол ғана адамның өмірін толықтырады деген қорытынды жасайды. Адам өз махаббатын басқаға сыйлай отырып, өзінің жанын біреуге қия отырып, өзі оны жоғалтпайды, керісінше, өз болмысының мәнін жауапкершіліктен, қуаныштан, құрбандықтан табады. Махаббаттың түлері туралы айта келе, Абай сезімдік махаббатты кемсітпейді, оны рухани махаббаттың жоғарғы сатылардың бірі деп есептейді. Абай бізді жүректің тілімен сөйлеуге шақырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет