1. Философияның анықтамасы мен пәні. Философия

)Онтология болмыс туралы ілім ретінде

бет4/6
Дата12.05.2023
өлшемі40.84 Kb.
#473583
1   2   3   4   5   6
filo

6)Онтология болмыс туралы ілім ретінде
Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айқындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі.
Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.[1]
Философиялық онтологиялық теорияның мысалдары - Платонның «түрлер» теориясы немесе ғылыми теориялармен жалпы негіздердін қандай түрлері белгіленеді деген сұраққа жауап іздейтін жақында пайда болған ғылыми реализм теориясы. Онтологиялық дәйектер сондай-ақ, социологиялық теорияның анық (немесе анық емес) ерекшелігі, мысалы, Дюркгеймнің «әлеуметтік фактілер» концепциясы, Вебердің (немесе символдық интеракционизмнің) индивидуалды факторларға көңіл бөлуі, Маркстың материализмі және оның өндіріс тәсілдері мен өндірістік қатынастарға басты назар аударуы.[2]
Кант Онтологияны мағынасыз метафизика депесептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана. Гегельден кейін философияда Онтологиялық ілімдер сирек кездесті. 20 ғ-да неокантшылдықтан бас тартып, метафизикаға бет бұру барысында Онтология қайта жанданды: Г.Якобиде, әсіресе, Н.Гартманда Онтология – болмыстың нақтылы пәндік философиясы, М.Хайдеггер мен К.Ясперсте іргелі Онтология мағынасында қолданылды. Онтология “болу” деген қасиетке ие, барлық нәрселердің мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесін қарастырады. Ол адамзат баласының рухани рәміздерін өн бойына қорыта отырып, адам болмысын суреттеудің әр түрлі теориялық формаларын береді. Онтология болмыстың мәнділігін игерумен, әлемге деген адами қатынастың мәнділігін және ондағы адам орнының маңызын танумен шұғылданады.
7) Философия тарихындағы материя мен субстанция туралы түсінік
Материя ұғымы – дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын негізгі ұғым. Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып, бірге жасасып, тарихи түрде қалыптасқан.
Өзінің практикалық қызметінде қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау барысында алуан түрлі заттарды, құбылыстар мен процестерді байқай отырып, адам сонау ерте заманда-ақ өзіне мынадай сұрақ қоюға мәжбүр болды: шетсіз де шексіз көп заттар мен құбылыстардың бәріне тән, бәріне, ортақ негіз болып табылатын нәрсе бар ма? Әрине, бұл сұрақ өте күрделі әрі маңызды еді. Ең әуелі адамдардың өздерін қоршаған ортадан бөліп қарап, өздерінен тысқары және өз алдына дербес заттар мен құбылыстар өмір сүреді деген қорытындыға келу үшін сан ғасырлар мен мыңдаған жылдар қажет болды. Бірақ бұл қорытынды адам санасының дамуындағы елеулі кезең, айтулы уақиға еді. Бұдан әлдеқайда көп уақыт өткенде ертедегі грек ойшылдары табиғат құбылыстарының құпияларын ұғынуға талпына отырып, дүниенің бір негізі, түп қазығы, ортақ бір бастамасы бар деген тұжырымға келді. Оны олар субстанция (латынша – түп негіз, мән деген сөзден шыққан) деп атады. Субстанция алуан түрлі заттардың, құбылыстардың, процестердің өмір сүруінің, олардың ішкі бірлігінің негізі деп қаралды. Түрлі заттар, құбылыстар мен процестер пайда болып немесе белгілі бір уақытта жоғалып кетіп жатады, ал субстанция еш уақытта пайда болмайды, жоғалып та кетпейді, ол бар болғаны өзінің өмір сүру әдісін, болмысын өзгертеді, бір күйден екіншісіне ауысып отырады.
Дүниенің бірлігі, оның негізінде бір ғана субстанция бар деп ұғындыратын ілім монизм философиясына жатады. Субстанция туралы, дүниенің мәні жөнінде материалистік және діни-идеалистік көзқарастар тарихи тұрғыдан алғанда бір мезгілде дерлік пайда болған.
Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа еш нәрсе жоқ, сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Бірақ бұл ілімдер материяны оның тұрақты түрлерімен, яғни затпен пара-пар деп санады. Ежелгі грек философисында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алады. Мәселен, Фалес үшін ол – су, Анаксимен үшін – ауа, Гераклит үшін – от. Дүние негізгі төрт заттан – судан, ауадан, топырақ пен оттан тұрады, материя дегеніміз – осы деген ұғым да кең таралған болатын. Анаксимандр дүниедегі барлық құбылыстардың бастама негізгі анық емес, шетсіз де шексіз, таусылмайтын, үнемі өзгеріпотыратын материя – апейрон деп түсіндірді. Материализмнің негізгі принциптері Демокриттің атом туралы ілімінде тереңірек қарастырылады. Оның ой-пікірлерін кейіннен Эпикур мен Тит Лукрецкий Кар дамытты. Бұл ілім мынаған келіп саяды. Әлемдегі барлық дүниелер мен заттар атомнан құралады. Атом – пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін, кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене бөлшек (атом деген сөздің өзі бөлінбейтін бөлшек деген ұғымды білдіреді). Денелер мен заттардың және олардың қасиеттерінің әртүрлі болуы құрамындағы атомдардың санына және ол атомдардың өзара орналасуына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет