1. Физиологияның ғылым ретінде жалпы сипаттамасы


Денедегі негізгі және жалпы зат алмасу туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет81/132
Дата12.02.2024
өлшемі1.43 Mb.
#491630
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   132
Физиология сесиия 2021

91.Денедегі негізгі және жалпы зат алмасу туралы түсінік. 
Зат алмасу ағза өмірінің ең маңызды қасиеттерінің бірі болып табылады. Оны басқаша 
метаболизм деп те атайды.Ол қарама-қарсы 2 процестерден тұрады: ассимиляция, 
диссимиляция.Метаболизм процесі қоректік заттардың асқазанға түсуінен 
басталады.Содан кейін ол организмде қорытылып және сіңіріледі, жасушаларда да 
ассимиляция және диссимиляция процестері жүреді, ал тотығу өнімдері сыртқа шығару 
мүшелері арқылы организмнен шығарылады.Бұл жалпы метаболизм деп аталады. 
Тұтынылатын энергия мөлшері қоршаған ортаның температурасына,орындалатын 
жұмыстың түріне,ыстық тамаққа, оның мөлшері мен құрамына, организмдегі метаболизм 
қарқындылығына байланысты. Энергияның жұмсалуы қалыпты жағдайда 
өлшенеді.Организмнен шығарылатын энергия қалыпты жағдайда жұмсалатын энергиямен 
салыстырылады.Негізгі метаболизмді анықтау үшін біріншіден, қоршаған ортаның 
температурасы 18-20 градус болуы керек.Егер сыртқы ауа температурасы осы 
температурадан төмен болса,оны жылыту үшін жылу көп жұмсалады.Екіншіден негізгі 
метаболизм аш қарында,демек соңғы тамақ ішкеннен кейін 14 сағат өткеннен кейін 
зерттеледі. Өйткені, тамақтану кезінде ас қорыту мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету 
үшін организмге қосымша энергия жұмсау үшін күніне 500 ккал қажет. Үшіншіден, 
негізгі метаболизм дене бұлшық еттерінің тыныштық күйінде анықталады,яғни адам 1 
сағаттай қимылдамай жатуы керек.Себебі адам қимылдаған кезде дене бұлшық еттері 
жиырылады да, энергия жұмсала бастайды.Негізгі метаболизм деңгейі адамның бойына
салмағына, жынысына және жасына байланысты.Тұтынылатын энергия мөлшері 
салмағына байланысты болғандықтан, адамның 1 кг салмағына тұтынылатын энергиямен 
анықталады. Мысалы, орташа бойлы ,25-40 жастағы адам 1 сағат уақыт ішінде 
салмағының әр килограмына 1 ккал,яни 4,2 кдж энергия жұмсайды.Ал, салмағы 70 кг ер 
адам күніне 1700 ккал,яғни 7117 кдж энергия бөліп шығарады екен.Бұл қалыпты энергия 
мөлшнрі адамның өмірін сақтауға қажет мүшелер қызметіне жұмсалынады.Ересек 
адамдарға қарағанда,балалар энергияны өте көп жұмсайды.20-40 жас аралығында негізгі 


126ЖМ Назарқұл Еркебұлан 
метаболизм мөлшері онша өзгермейді,бірақ қартайған сайын төмендей береді.Мысалы,80 
жастағы қарттарда негізгі метаболизм бұдан да төмен болады екен.Эндокриндік 
ауруларға,әсіресе гипертиреозға ұшыраған адамдарда метаболизм қарқыны өте 
жоғары,осыған орай адам арық келеді,яғни энергия да көп ысырап болады.Әйел 
адамдарда ер адамдарға қарағанда метаболизм қарқыны 10% төмен.Негізгі метаболизм
адамның көңіл-күйіне де қарай өзгеріп отырады.Көңіл-күйі өзгерген адамдарда 
симпатикалық жүйке жүйесінің тонусы жоғарылайды,яғни метаболизм қарқыны 
күшейеді. Тұтынылған энергия мөлшерін адам денесі аумағының әрбір шаршы метріне 
алғанда,барлық жағдайда да энергия шығыны біркелкі болады.Бұны дене аумағының заңы 
деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет