Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, Соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек



Дата10.09.2023
өлшемі16.4 Kb.
#477056
«Инклюзивті білім беру дегеніміз не калай түсінемін» тақырыбына эссе


«Инклюзивті білім беру дегеніміз не қалай түсінемін.»

"Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса,


Соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек."
Неміс педагог - дефектолог П.Шуман

Инклюзивті(франц.inclusif-енгіземін,араластырамын) деген мағынаны білдіреді.


Инклюзивті білім беру дегеніміз - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқу. Инклюзивті оқыту бұл дегеніміз денсаулығында ауытқуы бар оқушыларды дені сау балалармен бірге бір сыныпта оқыту. Бұл баланың қоршаған ортаға әлеуметтенуіне басқа да адамдармен қарым-қатынасқа бейімделуі үшін тиімді тәсілдердің бірі. Әлеуметтену – бұл адамның қоғамдық өмірдің тәжірибесін меңгеруінің жан-жақты үрдісі. Әлеуметтену адамның әртүрлі адамдармен өзара тиімді қарым-қатынасқа қажетті адамзаттық қатынастардың мәдениетін, әлеуметтік нормаларды меңгеруін қамтиды. Сонымен қатар ол адамның қоршаған әлеуметтік шындықты белсене танып білуін, дара және топтық жұмыстың дағдыларын меңгеруді, ол үшін қажетті қабілеттіктерді дамытуды қажет етеді.
Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесі, сонымен қатар қызметі болып табылады. Индивидтің әлеуметтенуінің негізгі қайнар көздеріне жанұя,мектеп, қоғамдық институттар мен ұйымдар, баспасөз, радио, теледидар,білім беру жүйесі жатады. Әлеуметтену үрдісі негізінен бір-бірімен қарым-қатынас арқылы іске асады. Тұлға болып қалыптасу үшін міндетті түрде қарым-қатынас болуы қажет,сондықтанда ауытқушылықтары бар балаларды жеке емес қарапайым мектептерде оқытқан қажет деп санаймын. Мұндай орта өздеріне деген сенімділікті, қажеттілікті және қарым-қатынасқа, қоғамның толыққанды мүшесі болуға дағдыланады.
Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте қажетті қызметі – идентификация. Балалар өсу және дамумен қатар ата-аналарына, жора-жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және мінез-құлық түрлерін көптеп меңгереді. Сол адамдардан олардың көзқарасын және өмір тәжірибесін қабылдайды. Идентификация арқылы бала әлеуметтік және жыныстық мінез-құлықтың әртүрлерін бойына сіңіреді. Ата-аналар алғашқы сәбилік кезеңдегі балалар үшін идентификация қайнар көзі болып табылады.Одан әрі оларға жора-жолдастары, жоғары жастағы балалар және басқа үлкендкр қосылады. Идентификацияның қайнар көзі не бойындағы бағалы қасиеттері мен жағымды мінез-құлық түрлері үлгі болатын басқа адамдар жатады.
Әлеуметтенудің басқа да факторлары – еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік. Еліктеу – бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе сансыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс-әрекеті. Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу қозғалысының әртүрлі түрлерін жоғары сатыдағы жануарларда , алдымен адам тәріздес маймылдарда аңғаруға болады. Адамдарда бөбектік және мектепке дейін жас кезеңдерінде ерекше анық байқалады. Еліктеу бала дамуына өз үлесін қосады, басқаларға қарай отырып қызығушылығы оянып уәжі артады. Ересек адамдарда басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рөл атқарады. Сендіруді үрдіс ретінде қарастыра отырып, оның нәтижесінде адамның қатынас жасайтын басқа жолдардың ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін,психикалық жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендіру тетігі арқылы басқа адамдардың көңіл-күйін білеміз,дұрыс түсінеміз. Әлеуметтік фацилитация-бұл бір адамдардың мінез-құлқының басқа адамдардың іс-әрекетіне ынталандырушылық ықпалы, оның нәтижесінде іс-әрекет ерікті, белсенді және интенсивті іске асады (фацилитация-жеңілдету ағынасында қолданылады). Еліктеу және сендіру фацилитациямен бірге жүреді, ол көптеген жағдайда таныс, жақын адамдардың төңірегінде көрінеді. Қазіргі кезде бұл өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Экологияның бұзылуы, зиянды тағамдардың көптеп шығуы, гендік өзгерістердің барлығы қазіргі кезде дамуында ауытқушылығы бар балалардың көбеюіне әкеп соқтырды. Қазіргі кездегі статистиканы қарайтын болсақ 42% сәбилер,79,6% мектепке дейінгі балалар, 93,4% мектеп жасындағы балалар, барлығы 151216 бала Қазақстан бойынша тіркелген. Қарап тұрсаңыз бұл өте үлкен көрсеткіштер. Осы балаларды әлеуметтендіру үшін көптеген арнайы мектептер балабақшалар Логопедтік ұйымдар ашылған болатын. Мұндай балалармен жұмысты арнайы логопед ұстаздар жүргізеді. Педагог-дефектологтың кәсіби әрекеті дәстүрлі ұстаздың әрекетінің белгіленген шеңберінен әлдеқайда кең болып келеді өйткені әлеуметтік-педагогикалык, оңалту, консультативтік-диагностикалық, психотерапиялық жеке коррекцияның көптеген түрлерімен бағытталган, яғни мүмкіндігі шектеулі түлғаның әлеуметтік бейімделуіне және арнайы білім алуына ықпал ету. Арнайы педагогтың сабаққа дайындығы екі деңгейді қамтиды:
- жалпы педагогикалық;
- сабақ бағытындағы дайындық.
Жалпы педагогикалық бағытында арнайы педагог ғұмыр бойы білім алады, оны жетілдіреді. Ол үнемі кәсіби шеберлігін шыңдап, дамытып және әріптестерімен, мүмкіндіктері шектеулі баланың ата-аналарымен үздіксіз бөлісіп отыруы тиіс. Арнайы педагог өзін ешқашан белгілі бір міндетті кәсіби әрекетпен шектемейдіАл сабақ бағытындағы дайындық әр күн сайын арнайы педагогтың жұмысы. Дәстүрлі бұл жұмыс сабақта меңгерілетін оку материалын талдайды, тақырыбын анықтайды. Оқу материалын іріктей отырып, қандай білім беру, тәрбиелік және түзету-дамыту міндеттерді орындауға тиіс екенін белгілейді.Арнайы ұйымдастырушылық дайындық жұмыс орнын ұқыпты ұстау, көрнекілік пен таратылатын оқу материалды алдын ала дайындау арқылы қамтиды. Ең негізгі жұмыс бұл жерде сабақ конспектісін дайындау. Сонымен арнайы педагогтың қызметі педагогикалық түрлі әрекеттерді қамтиды, тұлғасына көптеген талаптарды білдіреді.
Қорытындылай келсек инклюзивті оқыту дегеніміз - денсаулығында ауытқуы бар балаларға арнайы білім ғана беріп қоймай, сол білімдерін өмірде пайдалана отырып, адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінулеріне ынталандыру деп түсінемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет