3.Геном туралы түсінік. Прокариоттар геномы. Эукариоттар геномы. Вирустар геномы
• Геном – бір түрге жататын организмнің гаплоидтық хромосомалар жиынтығындағы тұқымқуалаушылық материалдың толық жиынтығы. Геном әрбір түрге тән. Көбею процесінде жыныстық ұрықтану кезінде екі ата- ананың жыныс жасушаларының геномы бірігіп, жаңа организмнің генотипін түзеді. Генотип – жасушадағы барлық тұқымқуалаушылық ақпараты бар гендер жиынтығы.
ПРОКАРИОТТАР
-Геномның көлемі -Кішігірім.
-95% ДНҚ тұрақты транскрипцияланады.
-Гендердің экзон- интронды ұйымдасуы болмайды
-Геномдық ДНҚ-дан дербес өмір сүріп, көбеюге қабілетті плазмидалар
-Көп рет қайталанатын гендер болмайды
ЭУКАРИОТТАР
-Геномының көлемі-айтарлықтай үлкен
-7-10% белсенді транскрипцияланады.
-Гендердің экзон- интронды ұйымдасуы болады
-Митохондриялардың генетикалық аппараты – митохондриялық ДНҚ
-Көп рет қайталанатын гендер-кластерлік гендер, гистондар гендері, рибосомалық РНҚ гендері, гемоглобин гендері
Днқ бар вирустар+ - тізбек
Рнқ бар вирустар -1 тізбекті болады
4. Геном туралы түсінік. Адам геномы. Митохондриялық геном.
Адам геномының сипаттамасы
• ДНҚ негізгі саны хромосомаларда жинақталған Адам геномының хромосомадан тыс бөлігі – бұл митохондрия ДНҚ. Айтарлықтай аз бөлігін ядро мен цитоплазмада ДНҚ жекелеген сақиналы молекулалары түзеді. Ядролық немесе хромосомалық ДНҚ тек 25–35% ғана гендер мен олардың реттеуші бөліктерін (бұл ерекше реттілік) құрайды.
-ДНҚ- ның хромосомадан тыс және сақиналы молекулалары цитоплазма мен ядрода анықталады. Адамда ол әлі толық зерттелмеген. Олар геномның құрамдық элементтері емес, оның өнімі болып табылады. Бұл молекулалармен жасушалардың дәрілерге тұрақтылығы мен шексіз өсуін болжамды байланыстырады.
-сақиналы днқ-хромосома иіндері сақина тәрізді дөңес
Митохондрия геномы
-1981 жылы адам митохондриясы геномын секвенденуі -Митохондриялық геномда 16 569 жұп негіз болады және екі рибосомалық РНҚ, 29 тасымалдаушы РНҚ және 13 полипептидтерді кодтайды.
-мтДНҚ құрылысы -Сақиналы екі тізбекті ДНҚ «Гендер тығыздығының» жоғары болуы. Сақиналы мтДНҚ-да 13 ген және 22 тРНҚ гені болады
-мтДНҚ саны -Әр сомалық жасушада шамамен 1000 митохондрия болады.
-Тұқым қуалаушылық -Цитоплазмалық (мтДНҚ)
-Тұқым қуалайды -Аналық типі бойынша
- Сипаттамасы -Геном үздіксіз, интрондар болмайды, гистондар мен ДНҚ репарациясы жүйесі болмайды
-Транскрипцияланады Екі тізбектің мтДНҚ, мтДНҚ коды әмбебаптан жартылай ерекшеленеді
-мтДНҚ гендерінің мутациялары Тек анасы жағынан берілетін мутациялық аурулар
Достарыңызбен бөлісу: |