1. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі, анықтама. Ген


Процессинг құрамына кіретін үдерістер



бет8/14
Дата09.12.2023
өлшемі0.63 Mb.
#486062
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
2-РК МБ

Процессинг құрамына кіретін үдерістер:
1. Сплайсинг
2. Нуклеотидтердің модификациясы.
Сплайсинг екі кезеңнен тұрады: интронды кесу және экзонды тігу. Интрондар рестриктаза ферменттер көмегімен, ал экзондар лигазалар көмегімен тігіледі. Жетілген РНҚ молекулалары құрылымдық гендеріне қарағанда кішірек. Гендердегі интрондар саны 1-ден 50-ге дейін.
Сплайсинг- өте нақты дәл үдеріс. Оның бұзылуы трансляция кезіндегі көшіріп алу рамкасын өзгертеді, сөйтіп басқа пептидтер синтезіне әкеледі.
13)Генетикалық код, құрылысы және оның қасиеттері.
Генетикалық код
Генетикалық код– бұл нәруыздағы амин қышқылдарының орналасу реттілігі ту ралы ақпараттыжазу жүйесі, ол құрамында 4 азоттықнегіздіңбіреуі болатын нуклеин қышқылдарындағы нуклеотидтік қалдықтардың орналасу реттілігі арқылы жүзеге асырылады.
Генетикалық код-4 нуклеотид көмегімен жазылатын мәтінді 20 аминқышқылының көмегімен жазылатын нәруыз түрінде жазылуы.
Жалпы 64 кодон болады, олардың 61-і мағыналы және 3 - мағынасыз (терминацияланған, stop-кодондар,бұл УАА, УАГ және УГА триплеттері).
Генетикалық кодтың қасиеттері
Триплеттілігі - әрбір амин қышқылына аРНҚ-ның үш нуклеотидінің сәйкес келуі – кодондеп аталады.
Үздіксіздігі (нуклеотидтердіңарасында бөліп тұратын белгілеріжоқ)– геннің ішінде тыныс белгілеріболмайды;
Колинеарлық – нуклеин қышқылдарындағы нуклеотидтердің бірізділігі полипептидтік тізбектегі аминқышқылының бірізділігене сәйкес болуы.
Арнайылығы - әрбір аминқышқылына белгілі бір кодондар ғана сәйкес келеді, ол басқа амин қышқылдары үшін қолданылмайды.
Артықтықтылығы -бір аминқышқылын бірнеше кодон кодтай алады (әрбір амин қышқылына шамамен 3 кодон сәйкес келеді); бұған метионин мен триптофан жатпайды.
-Кодтың артық болу ережесі: егер екі кодонның алғашқы екі нуклеотиді бірдей болып, ал үшінші нуклеотидтері бір классқа жататын болса, онда екеуі де бір амин қышқылын кодтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет