Сабақтың мақсаты: Өртті бағалау әдісін зерттеу.
Сабақтың қысқаша мазмұны: . Орман иеленушілер және орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылар жыл сайын өртке қарсы іс-шаралардың жылдық жоспарларын (бұдан әрі – Жоспар) әзірлейді және оны іске асырады.
Жоспар мынадай екі бөлімнен тұрады:
өртке қарсы алдын алу іс-шаралары;
орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру.
Жоспардың бірінші бөлімінде шекарасында орман пайдалануға берілген орман қоры учаскесі (учаскелері) орналасқан орман мекемесінің орман орналастыру материалдарына және ормандарды өртке қарсы орналастыру жоспарларына негізделген жұмыстардың нақты көлемдері мен оларды өткізу орындары көзделеді. Жоспарланатын іс-шаралар іс-әрекеттің дәйектілігін, бұдан бұрын орындалған жұмыстардың жалғастырылуын көздеуге және орман иеленушілер мен орман пайдаланушылардың орман қорының көршілес учаскелерде атқарып жатқан жұмыстарымен байланыстырылады.
Жоспардың бұл бөлімінде қайда және қандай мерзімде өртке қарсы жыралар қазылатыны, өртке төзімді орман шеті құрылатыны, минералды және өртке қарсы басқа да қорғаныштық жолақтар тартылатыны, орман шаруашылығы және өртке қарсы жолдар, өрт сөндіру суаттары, өрт қадағалау мұнаралары, мачталар, тікұшақ келіп қонатын алаңшалар, телефон байланысы желілері салынатыны, радио байланысы ұйымдастырылатыны көрсетіледі.
Жоспарға сондай-ақ бұрыннан бар өртке қарсы жыралар мен жолақтарға күтім жасау, өрт қадағалау мұнаралары мен өртке қарсы құрал-жабдықтар мен техниканы, жолдарды жөндеу, уақытша өрт күзетшілерін жалдау жөніндегі жұмыстар енгізіледі.
Барлық жұмыстар үшін күнтізбелік орындалу мерзімдері және осы жұмыстардың орындалуына жауапты адамдар, көлемі мен құны белгіленеді.
Жоспардың екінші бөлімінде өрттерді өз күштерімен де, бұл өрттерді қандай да бір себептермен орман пайдаланушының күштерімен және құралдарымен құрықтау мүмкін емес жағдайлар да сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі шаралар көзделеді. Соңғы жағдайда орман қоры учаскесінің иесі – орман мекемесімен келісе отырып орман өртін сөндіруге жіберілетін аталған орман мекемесінің күштері мен техникалық құралдары, сондай-ақ орман қорының тиісті учаскесінде орналасқан аудандағы елді мекендерде орналасқан ұйымдардың, әскерилендірілген бөлімшелердің және өртке қарсы мемлекеттік қызмет күштері мен техникалық құралдары айқындалады. Сондай-ақ жоспарда орман өрттерін сөндіру, орман өрттерін сөндірумен айналысып жатқан адамдарды тамақтандыру мен медициналық көмекті, байланысты ұйымдастыру үшін ерікті қоғамдық құрамалар (командалар) құру, өрт қауіпі бар маусымға жанар-жағармай материалдарының қорын жасау көзделеді.
Орман қоры учаскелері орман пайдалануға берілген орман пайдаланушылардың өртке қарсы іс-шаралардың жоспарлары үстіміздегі жылдың 15 ақпанынан кешіктірілмей келісу үшін орман иеленушілерге – орман мекемелеріне беріледі. Орман пайдаланушының өртке қарсы іс-шараларының жоспары орман қоры учаскелерінің иесімен – орман мекемесімен келісіп алынады және оны орман пайдаланушының өзі бекітеді. Орман иеленуші бұл жоспарды орман мекемесінің кешенді жоспарына енгізіп, оның іске асырылуына бақылау жасалуын қамтамасыз етеді.
№6 Практикалық сабақтың тақырыбы Орман өрттеріне толықтай сипаттама.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6
Сабақтың қысқаша мазмұны: Төмендегі өрт. Төмендегі өрт - оттың жер бетінің топырақты жабыны бойын-ша таралуымен сипатталады. Орманда жерге түскен ұсақ бұтақ-тардың, қабықтардың, қылқандардың, жапырақтардың үйіндісі; ағаш төсемелері, құрғақ шөп және шөпті өсімдіктер; топырақтың үстіңгі бетін жауып жатқан шөп, мүк, ұсақ бұталар және ағаш діңдерінің төмен жағындағы қабықтары жанады.
Оттың таралу жылдамдығы мен жану ерекшелігіне қарай төмендегі өрттер үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) және тұраклы болып сипатталады.
Төмендегі үстірт (шарпып өтетін тиіп-қашпа) өрт -эс -е-се, көктем маусымында. жердің үстіңгі топырақты бетіндегі ұсақ жанғыш заттардың ең жоғарғы қабаты өткен жылғы шөпті өсім-діктер кепкен мезгілде өрбиді. Оттың таралу жылдамдығы едәуір жеткілікті - 180-300 м/сағ. (3-5 м/мин) және желдің жерге жақын қабаттағы жылдамдығына тікелей тәуелді. Ағаш төсемі 2-3 см жанып кетеді. Ондай кезде топырақтың үстіңгі қабатының ылғалдылығы жоғары учаскелерін от шалмайды және үстірт өрт шарпыған аумақтың пішіні теңбіл болады.
Төмендегі турақты өрт топырақтың үстіңгі қабатындағы жабын мен ағаш төсемінің толық жанып кетуімен спа™агалы. Төмендегі тұрақты өрт жаз ортасында, төсемелердің жаткан қалыңдығы әбден кепкенде өрбиді. Тұрақты өрт шалған учаскелер-де ағаш төсемелері, жас шыбықтар мен бұталар түгелдей жанып кетеді. Ағаштардың тамырлары йен қабықтары күйеді, соның нәтижесінде жас желек ағаштар айтарлықтай бүлінеді, ағаштардың біраз бөлігі өсуін тоқтатады және қурап қалады. Төмендегі тұрақты өрт кезінде оттың таралу жылдамдығы сағатына бірнеше метрден 180 метрге дейін (1...3 м/мин) жетеді. Жалындап жанған оттың жылдамдығы 0.2 м/мин құрайды.
Оттың жанып жатқан шетіндегі жалынның биіктігі бойынша төмендегі өрттер әлсіз (жалынның биіктігі 0.5 м-ге дейін), орташа (жалынның биіктігі 1.5 м-ге дейін) және күшті (жалынның биіктігі 1.5 м-ден асады)деп бөлінеді.
Жоғарыдағы өрт. Жоғарыдағы өрт өсіп тұрған тік ағаштардың ұшар бастары-ның жануымен сипатталады, үстірт және түрақты болып бөлінеді. Жоғарыдағы үстірт өрт кезінде от ағаштардың ушар бастары бойымен жел бағытымен жылдам тарайды, ал тұрақты (жаппай) ерт болғанда, от өсіп тұрған ағаштардың тік бойымен: төсемеден ағаштың ұшар басына дейін тарайды. Жекелеген ағаш-тар да, бұта етіп өсірілген біртекті ағаштар да өртенеді. Жоғары-дағы өрттің шығуы және өрбуі - төмендегі өрт отының бұтақтары салбырай өскен қылқанды ағаштардың ұшар басына қарай ауысуына және жас шыбықтары мол көп сатылы жас желең ағаш-тарда, сонымен қатар. таудағы ормандарда пайда болуына байла-нысты болады. Жоғарыдағы ерттердің жылдамдығы: тұрақты өрт -300...1500 м/сағ. (5...25 м/мин), үстірт өрт - 4500 м/сағ. және одан жоғары (75 м/мин және одан жоғары). Жоғарыдағы оттың жайы-луының ең төмен жылдамдығы 4500...4800 м/сағ. (75...80 м/мин) құрайды.
Жоғарыдағы өрттерге, әсіресе, қылқан жапырақты жас ағаштар, самырсын мен бұта түріндегі емен төсемелерінің қалың қопасы (көктемде өткен жылғы құрғақ жапырақтар жатқан кезде), таулы ормандарда - тік беткейлердің (25° асады) жоғарғы белігін-дегі және асулардағы барлық қылқанды жас желең ағаштар кебірек ұшырайды. Жоғарыдағы ерттердің шығуына елеулі дәре-жеде құрғақшылық пен күшті желдер себеп болады.
Топырақтағы өрт. Топырақтағы өрт төмендегі өрттің төсемелерге және топырақтың шымтезекті қабатына «терендеуі» нәтижесінде өрбиді.
Топырақтағы өрттер темендегідей: төсемелі-қарашірікті (от ағаш тесемінің және қарашіріктің барлық қабаттарына тарайды) және жер асты немесе шымтезекті (от шымтезек қабаттарына немесе орман топырағы қабаттарының астындағы шымтезек қорларына тарайды) болып белінеді.
Мұндай өрт кезінде ағаштардың тамырлары ертенеді, ағаш-тар тамырымен қопарылып, әдетте, ерттің ортасына бастарымен құлайды. Өрт, кеп жағдайда, дөңгелек немесе сопақ пішінді болады. Оттың таралу жылдамдығы елеусіз - тәулігіне бірнеше ондаған сантиметрден бірнеше метрге дейін ғана жетеді.
Практикалық сабақтың тақырыбы №7 Белгілі бір аумаққа таралған орман өрттерін сөндіруге басшылық жасау
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
Сабақтың қысқаша мазмұны: өрт сөндіруді басқарушы:
-
Төңіректегі жерді танып – білуге және орманда және карта бойынша бағдарлай білуге;
-
Өрттің мінезін білуге (болжалдауға) және оның өрт сөндіруді ұйымдастыру тәжірибесі болуға;
-
Өрт сөндіру тактикасы мен техникасын және өртке қарсы құрал саймандарды білуге;
-
Отпен күресу тәсілдерін меңгеруге;
-
Адамдарға басшылық жасай білуге, өзінің артынан ертуге және олардың қауіпсізідгін қамтамасз етуге тиіс.
Орман өртін бастапқы өрбу сатысында сөндіруді ұйымдастыру кезіндегі басшының іс – әрекеттірінің кезектілігі:
Жұмыс орнынан шыққанға дейін-
Ормандағы өрт туралы бар мағлұматты (өрттің шыққан оны, түрі, оның қарқыны, қолда бар өзге де сиапттамаларды) толығымен алу;
Команда мүшелерінде арнайы киім- кешектің, өрт сөндіруге және тіршілік етуге қажетті құралдардың бар екендігін тексеру және оларды жұмыс орнына қауіпсіз жеткізу.
Жұмыс орнына келгенде –
Орман өрті қамтыған алқапты, өрт алқабының аса қауіпті өрбу бағыттарын, оттың таралу жолындағы бөгеттерді, орман өсімдіктерін, метеорологиялық және оттың өршу немесе тоқтау мүмкіндігіне әсер етеін өзге де факторларды анықтау мақсатында ормандағы өртке барлау жүргізу;
Өртті сөндірудің алғашқы жоспарын – өрт сөндіруді бастайтын орын, жекелеген учаскелердегі өртті сөндіру тәсілі мен құралдарын адамдар мен техникалық құралдарыд орны- орнына бөліп қою және сөндіруді қаматамасыз ету жөніндегі басқа да шараларды белгілеу;
Жұмытсарды орындаудың қауіпсіздігі жөнінде қысқаша гұсқаулық өткізу және міндеттің орындалу тәртібін түсіндіру, қажет болған жағдайларда қауіпсіз орындарға шегіну жолдарын белгілеу;
Өртті сөндіруге тікелей кірісу: өрттің шетін тікелей сөндіру және минералданған бөгегіш алаптарды жүргізу үшін адамдар мен техниканы орны – орнына қою;
Оттың жайылуын тоқтату, өрті оқшаулау және толық сөндіру жұмыстраының барысына бақылау жасау, сонымен бірге сөндірудің бастапқы жоспарына өзгерістер енгізу.
№8 Практикалық сабақтың тақырыбы Орман өртін сөндірудің авиациялық әдісі, сонымен қатар бұл әдіске сәйкес келетін технологиялар.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Орман өрттерін сөндіруге, - олар басталған уақыттан бастап қысқа мерзім ішінде сөндіруге бағытталған барлық жұмыстар жатады.
Ормандағы әрбір өртті сөндіруді оның өрбу сатыларына сәйкес келетін, реттілікпен орындалатын іс-шаралар ретінде қарастыруға болады.
Орман өртінің өрбу сатылары және оны сөндірудің
міндеттері
Сөндіру тәсілдері
Жанудың үш элементтерінің бірін болдырмау арқылы оттың жану процесін тыюға болады: ауаны (оттегін) шығару, жанғыш материалдарды болдырмау немесе температураны төмендету. Іс жүзінде оттың жануын жанғыш материалдарды салқын-дату немесе бейтараптандыру (болдырмау) жолымен өшіріп тастауға болады. Бұған бірнеше әдістер мен амалдар қолданып, қол жеткізуге болады.
Отты сабалау - өрттің шетінде жанып жатқан отты өрттің ортасына қарай бұтақтармен немесе басқадай қолға түскен заттармен (қаптармен, ағашқа байланған мата кесіндісімен, резеңкелі матадан жасалынған арнайы «шартылдақтармен» және т.б.) ығыстырып, жалынды тұншықтыру. Ондай кезде бұтақпен немесе от сөндіруге алған басқа құралмен жалынның астынан ұрып, оны өрт жаққа ығыстыру қажет. Жұмысшының қимылы шалғышының жұмысын еске түсіреді.
Отқа топырақ тастау жеңіл құмды немесе құмдақ топырақты жерде қолданылады. Күрекпен топырақты күреп алып, жанып жатқан оттың шетіндегі жалынның астына қарай лақтыра тастап, кеп жерге созылып жатқан жалынды өшіру керек. Топырақ шымдауыт жерден шым қопарғаннан пайда болған шұқырлардан алынады. Оттың жекелеген ошақтарына (шөпшек жиналып қалған жер, түбіртек) түгелдей топырақ тасталынады.
Кесте №1.
Оттың жануын тоқтатудың негізгі сызбанұсқасы
Оттың жануын қуаттайтын элементтер
|
ОЖМ-ның жануына эсер ететін бағыт
|
Тәсілдер
|
Нәтижелер
|
Ауа оттегісі
|
Оттегі болуын шектеу
|
Отты сабалау, топырақ тастау
|
ОЖМ жануының тоқтауы
|
Жоғары температура
|
ОЖМ темпера-турасын төмен-дету
|
Су және химия-льщ ерітінділер шашу
|
ОЖМ-ды салқын-дату, дымқылдау және жануын тоқтату
|
Ормандағы жанғыш материалдар (ОЖМ)
|
ОЖМ-ды оқшаулау немесе жою
|
Отты сабалау, химикаттар қолдану, өртке қарсы алаптар жүргізу, ОЖМ-дарды өртеу
|
ОЖМ-дарды бейтараптандыру немесе жою және жануын тоқтату
|
Отты сумен немесе өрт сөндіргіш заттардың ерітінділе-рімен сөндіру - жану температурасының төмендеуін қамтамасыз етеді және жанғыш материалдарды дымқылдайды. Ондай кезде кез келген қолда бар құралдарды (шелектер, кез келген сыйымдылықтар), сонымен бірге арнайы орман өртін сөндіруде қолданылатын от сөндіргіштерді (огнетушители), мотопомпаларды, автоцистерналарды және т.б. пайдалануға болады.
Отты бөгегіш алаптар (жыралар) жүргізу арқылы қол күшімен сөндіргенде (оттың жайылуын тоқтатқанда), өрттің жанып жатқан шетін жанғыш материалдардан оқшаулау үшін тырма-лауыштарды, күректерді, басқа да құрал-саймандарды, химиялық ерітінділерді, көпіршіктерді, жарғыш заттарды пайдалану қажет.
Өртеу - орманда өрт шығу қаупі төнгенде, алдын ала орман-дардағы жанғыш материалдарды тірек алқабынан (жол, бұлақ, минералданған алап, соқамен жыртылған жер және т.б.) өрт жаққа қарай алыстатып, жағып жіберу. Бұл операцияны арнайы дайын-дығы бар орман өртін сөндірушілер орындауға тиіс.
Орман өрттерін көрсетілген тәсілдермен сендіру барысында қолданылатын күштер мен құралдардың кейбір сипаттамалары төмендегі қосымшаларда: 6-шы (өрт сөндіру механизмдері мен жабдық-саймандарын және өрт сөндіру құралдарын пайдаланып сөндіру өнімділігі); 7-ші (өрт алаңына, желдің күшіне және өрт қаупінің тобына байланысты өрт сендіруде қолданылатын күштер мен техникалық құралдардың есепті мөлшері); 8-ші (орман өрттері белгілі болған (табылған) кезде қолданылатын негізгі техникалық құралдардың тізбесі мен қысқаша сипаттамасы); 9-шы (қолданы-латын радио байланысының техникалық құралдары мен олардың сипаттамалары); 10-шы (орман мотопомпаларының, ерт сөндіргіш машиналардың, көпіршік тудырғыштар мен дымқындандырғыш-тардың техникалық сипаттамалары); 11-ші (орман өрттерін әуеден сөндіруге пайдаланатын ұшақтар мен тікұшақтардың ұшу-техникалық сипаттамалары) келтірілген.
Өрт сөндірудің стратегиясы мен сызбанұсқалары
Өрт сөндіру стратегиясы - өрттің жайылу жылдамдығына, қарқынына, басқа жерлерге ұласып кету мүмкіндігіне, алабына, ерт сендіру ресурстарының болуы мен олардың түріне және басқа да факторларға байланысты айқындалады.
Өрт сендіру стратегиясының бір немесе бірнеше сызбанұс-қасы болуы мүмкін
Өртті сендіру сызбанұсқасы: а - барлық периметрі бойынша (ормандағы баяу ерт); б - танапқа жеткізе сөндіру (ормандағы күшті өрт); в - алқапты қамтып сендіру (ормандағы қарқыны баяу және орташа өрт)
Өртті тікелей сөндірген кезде барлық іс-әрекеттер (минерал-данған алап жүргізуді қосқанда) тікелей өрт периметрі бойынша жүргізіледі. Минералданған алап, негізінен, өрттің шетіндегі барлық қалтарыс-бұрылыстарды қамтиды. Бұл тәсіл өрттің шеткі жағының жану қарқыны жоғары емес кезде және ОЖМ (мысалы, құрғақ шөп) «жеңіл» болып, өрттің шетінде қауіпсіз жұмыс істеу мүмкіндігі туғанда қолданылады.
Бұл әдіс, көбінесе, төмендегі жағдайларда пайдаланылады:
өрт құнды жас желектерге немесе ормандағы өзге де табиғи және шаруашылық нысандарына қауіп төндіргенде;
жанып кеткен алаң көлемі ең аз көлемде болуы қажеттілігі туғанда.
ОЖМ түрлері «жеңіл» болғанда, өрт сөндіруді алқаптың алдынан да, жанып кеткен алаң жағынан да жүргізуге болады.
Оттың жану қарқынына, жылжу бағытына, техникалық құралдар мен жұмыскерлердің болуына, олардың жабдықталуына байланысты өрт сөндіруді ұйымдастырудың құрамдас сызбанұс-қасын қолдануға болады.
Өрт сөндірілетін жекелеген учаскелердің жағдайына байланысты әр түрлі тактикалық және техникалық әдіс-амалдар қолданылуы мүмкін. Дегенмен, барлық жағдайларда сенімді тәсіл -өртке жақын жердегі учаскелерді жанғыш материалдардан өртеу тәсілімен тазарту болып табылады. Іс жүзінде мұндай өртеусіз ормандағы күшті өртті тоқтату мүмкін емес. Өртеу - жоғарыдағы өрт пен күшті әсері бар төмендегі өрттің жайылуын тоқтатудағы негізгі әдіс.
Булақ (өзең батпақ және отқа қарсы өзге де тосқауылдар)
Орман өртін өртеу тәсілімен сөндіру сызбанұсқасы
Өртеу тәсілін қолданудың негізгі амалдары:
Топырақ бетіндегі жанғыш материалдарды жағуды сенімді алқап тіректерінен (жол, соқпақ жол, бұлақ, өзен, минералданған алап) бастап жүргізу қажет;
Тірек алабы тұйық болуға тиіс;
Отты ары қарай өткізбей, тірек алабының ең шетінде өртеу
керек;
Тірек алабының айналасында жас шыбықтар мен бұталар болмауға тиіс;
Тірек алабының өн бойында бақылау үйымдастырылуға тиіс.
Өртеудің негізгі кемшілігі - оттың желге қарсы өрт алқабына қарай баяу жылжуы. Өртеуді жылдамдату үшін төмендегі тәсіл-дерді қолдану қажет:
Сатылап өртеу: топырақ бетіндегі жанғыш материалды жағу өртке жақын алаптан бастап, 2...3 тірек алабынан бір-бірінен 15...30 м аралықта параллель жүргізілуге тиіс;
«Тарақтау» тәсілі: топырақтың үстіңгі қабатын өртеуді тірек алабы бойымен және әрбір 6...8 метр сайын оған перпендикуляр жүргізу қажет (перпендикулярдың ұзындығы 5...6 м);
Озып отыратын от тәсілі: алғашқы өртеу тірек алабынан, келесісі - алғашқы өртенген алап 2...3 метрге жеткенде, одан 4...6 метр шегініспен жүргізіледі. Өте кең алап жасауды тездету үшін бұл тәсілді әлденеше рет қайталау керек.
Өртелген алап жоғарыдағы өрт жеткенше 200...300 метрден, ал төмендегі өрттің жетуіне дейін - бірнеше ондаған метрден кем болмауға тиіс.
Жұмыстар тәжірибесінде, әдетте, өртеу барлық бөгегіш алаптардан және шағын табиғи шегаралардан бастап жүргізіледі. Ондай кезде өртке әдейі қосымша алаң беріледі. Бірақ оны істемесе, ерт бой бермей (бақылаудан шығып) кетіп, одан айтар-лықтай үлкен алқапты қамтуы мүмкін.
Өртеуді қауіпсіз жүргізу үшін өрт алқабы мен тірек алабы арасында адамдар мен техниканың жоқ екендігіне көз жеткізіп, содан кейін ғана топырақтың үстіңгі бетін өртеуді бастау керек.
Тірек алабын өрттің шет жағынан қауіпсіз аралықта, оттың жылжу жылдамдығын есепке ала отырып, қауіпсіз қашықтықта жүргізу қажет. Төмендегі күшті өрт кезінде жұмыскерлер өрт алқа-бынан 40...60 метрден, ал жоғарғы үстірт өрттер кезінде 250 метрден жақын жерде болмаулары керек (яғни өрттің мүмкін болатын секіруінің екі есе ұзындығынан кем емес қашықтықта).
Жоғарғы үстірт өрттерді оқшаулау үшін өртеуді, негізінен, кешкі және таңертеңгі сағаттарда, - оттың жылдамдығы мен таралуының қарқыны төмендеген кезде, - жүргізген дұрыс.
Өрттерді сөндіру әдістері
Өрт қамтыған учаскелердің пирологиялық сипаттамаларына және сөндіру кезіндегі шарттарға байланысты өрт сөндіру әдісі мен құралдарын дұрыс тандап алу қажет.
Өрт сөндірудің екі: тура және алдын алу (жанама) әдісі бар.
Тура әдіс өрттің шетін тікелей сөндіргенде немесе өрттің шетінде бөгегіш алап жасаған кезде қолданылады. Мұндағы негізгі міндет - өртті бастапқы өрбу кезеңінде, «күш» алмай тұрғанда сөндіру және оны 2...6 адамнан тұратын топ (басшыны қосқанда) сөндіре алады. Бұл жағдайда істің нәтижесін басшы мен оның тобының тәжірибесі мен іс-қимылдарының жылдамдығы көрсетеді.
Алдын алу әдісі (жанама әдіс) отты тоқтату шебін өрт шетінен біршама қашықтықта таңдаған кезде қолданылады. Бұл әдісті: өрт сөндірушілерді өрт қарқынына байланысты өрттің шетінен аулақ әкеткенде; бөгегіш немесе тірек алаптарын жүргізу үшін ең қолайлы жер таңдаған кезде; алаптың ұзындығын және оны жүргізу мерзімін қысқартқанда; табиғи және жасанды бөгеу-лерді және т.б. пайдаланған кезде қолдану қажет. Өрт сөндіру құралдары тандап алынған әдіске сай келуге тиіс.
Өрт сөндірумен айналысып жатқан топтарды (командалар-ды) басқаруды жұмыс тәжірибесі бар немесе тиісті дағдыларды меңгерген басшы жүзеге асырады. Өртте жұмыс істеп жатқаңцар-дың әрқайсысының бір ғана басшысы болуға тиіс екенін ескерткен жөн.
Үйреншікті емес жағдайлар туындаған кезде қауіпсіздікке айрықша назар аударылуға тиіс.
бақылау тапсырмалары (№3,4,5,6,7,8 сабақтар):
-
Өрт сөндірудің негізгі құралдары атаңыз, бұл құралдардың қайсысы ауа- райы жағдайына, өрт сөндіру тәсіліне, өрттің түріне байланысты тиімді болып саналлады.
-
Жоғарғы, төменгі және топырақтағы өрттерді сөндіру үшін қандай құралдар қолданыллады?
3. Қандай орман өртін сөндірудің тәсілдері мен сызбасын білесіздер?
4. Неге байланысты орман өртін сөндіру тәсіллдері мен сызбалары таңдалады?
5. «Өртті сөндіруді ұйымдастыру» термині деп нені түсінесіз?
6. Өрт сөндірудің қандай тәсілдерін білесіздер, сіздің ойыңызша қай тәсіл тиімді болып саналады?
7. Өрт сөндіру фазаларын атаңыз және оларды кесте түрінде беріңіз.
8. Орман өртін авиациялық тәсілмен сөндірудің экономикалық тиімділігінің негіздемесін ұсыныныз.
Достарыңызбен бөлісу: |