1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы



бет29/65
Дата24.12.2023
өлшемі384.23 Kb.
#487800
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы-emirsaba.org

Балқаш проблемасы.Балқаш көлі алабынад да күрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр.1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының салынуы Іле – Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды.Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп,жалпы Іле- Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады.Қапшағай су торабын жоьалану кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы өзгере бастады.Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кещенінің жағдайы ескерілмеді.Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді.Ақдала алқабын суландырып,күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды.Қырыуар қаржы текке жұмсалды.Іле өзенінің атырауы кеуіп,оның кері әсері Балқаш көліне тиді.Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді.Су айдынының тәуліктік температураны,ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды.Ғалымдардың болжауынща,Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.
Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа
Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет