1. Химиялық технологияныңнегізгіұғымдары мен анықтамаларынсипаттап, мысалдаркелтіріңіз. Химиялық технология, шикізат, реагент, мақсаттыөнім, жанамаөнімдер, қосымшаматериалдар, қалдықтар


)Пластикалық массалардың өндірісі мен жіктелуін сипаттаңыз (термопласттар және термореактивтер)



бет27/35
Дата06.02.2024
өлшемі149.7 Kb.
#490984
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
охт сессия (копия)

30)Пластикалық массалардың өндірісі мен жіктелуін сипаттаңыз (термопласттар және термореактивтер).
Пластмассалар— құрамында бұйымдарды дайындау кезінде созылғыштық немесе жоғары иілгіштік, пайдалану барысында шыны тəріздес немесе кристалдық қалпын сақтайтын полимер бар материалдар. Пластмассалар шыны тəрізді немесе кристалды, диэлектрикалық қасиеті жоғары, атмосфера əсеріне тұрақты, механикалық жағынан берік болады.Пластмассаларды температураға əсеріне қарай: термопластикалық жəне термореактивті деп бөледі.
Термопластикалық пластмассалар- сызықтық полимерлер, олар жеңіл балқиды, қайта балқыту арқылы əр түрлі пішімге келтіруге болады. Термопласты полимерлер қыздырғанда қасиеттері біртіндеп, баяу өзгереді Балқыған термопласты суытқан кезде полимер алғашқы қалпына келеді жəне де мұндай өзгерістердің нəтижесінде полимердің химиялық табиғаты өзгермейді, сондықтан бұл процесті бірнеше рет қайталауға болады. Термоплаты полимер болып полиэтилен, полистирол, поликапролактам сияқты полимерлер есептеледі.
Термореактивті пластмассалар- торлы құрылымды полимерлер. Жеке молекулалы тізбектері арасында берік байланыстары бар, қиын балқиды, қайта қалпына келмейді. Термореактивті полимерлерге қыздырып артынша суытқанда бастапқы қалпына келмейтін полимерлер жатады Мұндай полимерлерге фенолформальдегидті, мочевинальдегидті полимерлер жатады.
Өнеркəсіпте тығыздығы төмен полиэтилен (ТТПЭ) құбырлы реакторда немесе автоклавта этиленді полимерлеу жолымен үздіксіз əдіспен алынады.
Қазіргі уақытта ТЖПЭ өндіру үшін екі негізгі əдіс — суспензиялық жəне газ фазалы қолданады.
Суспензиялық əдіс бойынша ТЖПЭ кешенді металл органикалық катализаторлардың қатысуымен органикалық еріткіштің (гексан, бензин жəне т.б.) ортасында алынадыТЖПЭ төмен қысым кезінде Циглер-Натты катализаторларының қатысуымен 0,15-0,5МПа қысым және 70-80°С температура кезінде органикалық еріткіште (бензин және т.б.) этилен полимеризациясының үздіксіз әдісімен алады.
31.Химиялық талшықтар өндірісі. Талшықтардың медицинада қолданылуы.

Үлкен молекулалық массасы жəне өзіне тəн бірқатар қасиетті бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды. Полимердің құрамынан бір немесе бірнеше құраушы буындарды алғанда немесе қосқанда физика-химиялық қасиеттер жиыны өзгермейді.


Талшық–ұзын,жұқа жəне жіп секілді материал. Талшықтар майысқақ болғандықтан, оларды иірілген жіпке айналдырып, маталар жасауға болады.
Шығу тегіне байланысты талшық табиғи, химиялық болып екіге бөлінеді.
Табиғи талшық: органикалық жəне бейорганикалық болып бөлінеді. Органикалық талшыққа өсімдіктен алынатын (мақта, сығыр, кендір кенеп жəне т.б.) талшықтар, ал бейорганикалық табиғи талшыққа асбест жатады. Табиғи талшықтың өзіндік құны жоғары жəне механикалық, химиялық қасиеттері төмен. Химиялық талшықтар жасанды жəне синтетикалық болып бөлінеді. Табиғи полимерлерді қайта өңдеп талшықтарды жасанды талшықтар, ал синтетикалық полимерлерден алынғандарын синтетикалық талшықтар деп атайды.
Жасанды талшықтар алу үшін табиғи полимер ретінде целлюлоза немесе мақтаны жинап алғаннан кейін қалатын мақта мамығы қолданылады.
Полимерді балқыту немесе еріту арқылы алуға болады. Бірақ полимерді балқытуға болмайды, өйткені ол қыздырғанда ыдырайды. Демек, оны еріту мүмкіншіліктерін қарастыру керек. Еріту үшін целлюлозаны химиялық əдістермен өңдеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет