5. Ы.Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы» еңбегі. - 5. Ы.Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы» еңбегі.
- Еңбек 1882 жылы жазылып бітеді. Түпнұсқаны баспаға бастыруға Н.И.Ильминскийге жібереді. «...мұндай оқу құралды, менің басында ойлағанымдай, орыс әрпімен жазу мүлде мүмкін емес; өйткені, мұндай дін кітабы шариғат тұрғыларына толық сай құрастырылғанымен де, сыртқы жағынан қарағанда мұсылманша болмаған соң, қазақ арасында сенімді болмас еді, әр түрлі қолайсыз әңгімелер туғызар еді, сөйтіп іске аспай, мектеп кітапханаларында босқа жатып қалар еді» – дейді Ильминскийге 1882 жылдың 12 қыркүйегінде жазады. Кітапты бастыру ісін Ильминскийге тапсырады. Бірақ кітаптың жарыққа шығуы кешеуілдей береді. «Мұсылманшылық тұтқасы» еңбегі 1884 жылы Қазан қаласында басылып шығады. Ы.Алтынсарин діннің тәрбиелік мәнін жоғары бағалады. Дін иелері түсініп жаттап, оның тәрбиелік мәнін тыңдаушыларға аша білу парыз деп түсіндірді. «Түсінбей жаттау – күнә» деп діни уағыздарды құр босқа жаттап алып молда болу ел мәдениетіне, тәрбие ісіне жат екенін ашына жазды. Ол діни оқулықтардың мазмұнын жете түсінбеген дүмше молдалар дін-шариғат қағидаларын өздерінше бұрмалап теріс түсініктер беретінін қаттты сынады. Ыбырай шариғат сүрелерін ана тілінде түсіндірді. Оларды өмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз байланыстыра талдады. Діни терминдердің мән-мағынасын ашуға зер салды. Кітап төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде иман туралы айтылады(иман дегеннің не екені, құдайдың бірлігі, Мұхамбет оның елшісі екендігін қалай тану керек екендігі көрсетіледі). Екінші бөлімде құдайға құлшылық ету, намаз оқу, ораза ұстау, кедейлерге садақа беру(зекет) беру және жалпы қайырымдылық істер істеу, қажыға бару көрсетілді, оқылатын аяттар қосылды. Үшінші бөлімде адамгершілік жайы көрсетілді. Төртінші бөлімде арабша аяттар қазақ тіліне аударылып берілді. Ағартушы ғалым адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол әсерлік, тәрбиелік нәтиже бермейді деген тұжырым жасайды.
- Негізгі әдебиеттер
- 1. Ш. Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі, А., 1965.
- 2. Ыбырай Алтынсарин тағылымы. А. Жазушы. 1991.
- 3. Әнуар Дербісәлин. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен қызметі туралы. А. 1965.
- 4. Әсет Ламашев. Ыбырай Алтынсарин. А. Ана тілі. 1991.
- 5. Ә.Сыдықов. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі. А.Мектеп. 1969.
- Қосымша әдебиеттер:
- 1. Ә.Қоңыратбаев. Қазақ әдебиетінің тарихы. А.Санат. 1994.
- 2. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. А., 2001.
- 3. С. Қирабаев. Шындық және шығарма. А., 1981.
- 4. Х.Сүйіншәлиев. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. А., 1986.
- 5. Ы.Алтынсарин. Қазақ хрестоматиясы. А. Білім. 2003.
- 6. Ы.Алтынсарин. Таза бұлақ. А., 1988.
- 7. Ы.Алтынсарин. Өнер-білім бар жұрттар, А., 1991
Достарыңызбен бөлісу: |