1. Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармшылығы


Қазақтың жаңа жазба әдебиетіндегі диалогтың алғашқы үлгілерін



бет8/9
Дата03.04.2024
өлшемі71.83 Kb.
#497548
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4-дәріс

Қазақтың жаңа жазба әдебиетіндегі диалогтың алғашқы үлгілерін Ы.Алтынсарин, сөз жоқ, аударма шығармалардан барып шығарды. Мәселен, «Шеше мен бала» әңгімесінде диалогтық үлгі бар. Драматургия элементі байқалады. Нақтылы сурет жасау, шын құбылысты қаз-қалпында жеткізу шеберлігі де қазақтың жазба көркем әдебиетінде осы аудармалардан бастау алады. Ы.Алтынсарин қазақ әдебиетінде адамның портретін жасау үлгісін қалыптастыруда орыс әдебиетіндегі үлгілерден үйренді. Ыбырай тілінің халыққа ұғынықтылығы, тазалығы, қарапайымдылығы көп айтылады. Қарапайым болғанымен, қарабайыр емес. Сөзге жан кіргізу үрдісі де, біздіңше, Ыбырайда аударма үлгісінен өріс алады («Сәтемір хан»). Ыбырайдың жазба тілі аударма арқылы да ысылды. Ыбырайдың тілінде орысша оралымдар кездесетіні кездейсоқ емес. «Ол кемпір қастықпен өлтіруге ойлапты» («Алтын Айдар»), «Менің бір досым әңгіме етеді» («Надандық»). Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетіне жаңа сападағы мысал жанрын енгізді. Ильминскийге жазған хатында (1876, 3 желтоқсан) былай деді: «Мысалдарды (басни)енгізгім келмейді. Өйткені, қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер керек болады. Мысалдарды қазақ балалары оқығысы келмейтінін, оқыса оған күлетінін, ал олардың ата-аналары: балаларымызға сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәрсені үйретеді деп, тіпті ренжитінін тәжірибемнен білемін»(210). Дегенмен де, Ы.Алтынсарин И.А.Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалын өлеңмен еркін аударған. И.А.Крыловтағы салған жерден айтылатын мораль бұнда жоқ. Түпнұсқа қарғаның ірімшік тауып алуынан басталса, аударма аш түлкінің тамақ іздеп, жортып келе жатуынан басталады

  • Қазақтың жаңа жазба әдебиетіндегі диалогтың алғашқы үлгілерін Ы.Алтынсарин, сөз жоқ, аударма шығармалардан барып шығарды. Мәселен, «Шеше мен бала» әңгімесінде диалогтық үлгі бар. Драматургия элементі байқалады. Нақтылы сурет жасау, шын құбылысты қаз-қалпында жеткізу шеберлігі де қазақтың жазба көркем әдебиетінде осы аудармалардан бастау алады. Ы.Алтынсарин қазақ әдебиетінде адамның портретін жасау үлгісін қалыптастыруда орыс әдебиетіндегі үлгілерден үйренді. Ыбырай тілінің халыққа ұғынықтылығы, тазалығы, қарапайымдылығы көп айтылады. Қарапайым болғанымен, қарабайыр емес. Сөзге жан кіргізу үрдісі де, біздіңше, Ыбырайда аударма үлгісінен өріс алады («Сәтемір хан»). Ыбырайдың жазба тілі аударма арқылы да ысылды. Ыбырайдың тілінде орысша оралымдар кездесетіні кездейсоқ емес. «Ол кемпір қастықпен өлтіруге ойлапты» («Алтын Айдар»), «Менің бір досым әңгіме етеді» («Надандық»). Ы.Алтынсарин қазақ балалар әдебиетіне жаңа сападағы мысал жанрын енгізді. Ильминскийге жазған хатында (1876, 3 желтоқсан) былай деді: «Мысалдарды (басни)енгізгім келмейді. Өйткені, қатаң тұрмыста өскен қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер керек болады. Мысалдарды қазақ балалары оқығысы келмейтінін, оқыса оған күлетінін, ал олардың ата-аналары: балаларымызға сауысқан мен қарға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәрсені үйретеді деп, тіпті ренжитінін тәжірибемнен білемін»(210). Дегенмен де, Ы.Алтынсарин И.А.Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалын өлеңмен еркін аударған. И.А.Крыловтағы салған жерден айтылатын мораль бұнда жоқ. Түпнұсқа қарғаның ірімшік тауып алуынан басталса, аударма аш түлкінің тамақ іздеп, жортып келе жатуынан басталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет