1. Инклюзивті білім беру пәні бойынша глоссарий


Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихын талдау



бет3/5
Дата24.09.2023
өлшемі22.22 Kb.
#478452
1   2   3   4   5
СӨЖ-3 Турганбекова Жақсыгул (ЕШТ-302)

3.Қазақстан Республикасында және шетелде инклюзивті білім берудің даму тарихын талдау.
Инклюзивті оқыту - ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Бұл оқытудың тиімділігі балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады және мүмкіндігі шектеулі баланың адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру Қазастанда басқа санаттағы оқушылармен бірге білім алуды және тең қолжетімділікті көздейтін мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты. Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары:
1.Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2.. Əрбір адам сезуге жəне ойлауға қабілетті
3. Əрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4.. Барлық адам бір-біріне қажет.


Барлық батыс елдерінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қамтамасыз
етудің өзіндік тәжірибесі болады. Әдетте, әрбір елде педагогикалық
қамтамасыз етудің және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың өзіндік
моделі болады. Олардың көпшілігінде мектептен тыс ресурстық орталықтар
немесе қолдаудың жергілікті қызметі құрылған, олар «арнайы мұғалімді»
жалпы білім беретін ұйымға немесе нақты педагогқа көмек беру үшін
бағыттайды. Ғалымдардың зерттеулері (Коркунов В.В., Малофеев Н.Н:,
Назарова Н.М. және т.б.) мүмкіндігі шектеулі балалардың әлемнің әртүрлі
елдерінде білім берудің жалпы жүйесіне ендіру үдерісінің, нақты
әлеуметтік-мәдени жағдайлар мен басшылықтың саяси еркін есепке алып,
бірте-бірте жүзеге асатынын көрсетеді. Әрбір елде интеграцияның өзіндік
модельдері жүзеге асырылады, ол білім берудің әмбебап интегративті
модельдерін құрудың мүмкін еместігін білдіреді. Алайда, кез келген елде
интеграциялық білім беруді табысты жүзеге асырудың алғышарттары
болады. Оларға жататындар:
Тұлғаның құқықтарын кепіл сақтаумен демократиялық
қоғамдық құрылым;
Білім беру үдерісінің қаржылық қамтамасыз етілуі;
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру әрекетінің
ерекше жағдайлары мен арнайы білім беру қызметінің кең
тізімінің жалпы білім беретін мектеп, балабақша
құрылымында болуы;
Интеграциялық үдерістердің жүргізілуінің еркін сипаты,
білім беретін және коррекциялық қызметті таңдау
мүмкіндігі;
Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет етуге дайындығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет