Финляндия: Финляндияда ұзақ уақыт бойы арнайы мектептер мен
жалпы білім беретін мектептің жанындағы арнайы сыныптардың
параллельді жүйесі болды. 80-жылдардың соңынан бастап, арнайы білім
беру саласындағы мемлекеттің саясатындағы негізгі бағыт ретінде
интеграция алынды.
Нидерланд: Нидерланды үкіметі 90-жылдардан бастап, мүмкіндігінше
арнайы және жалпы білім беруді біріктіруге, интеграциялық
тұғырларды «Мектепке бірге барамыз» атты мемлекеттік Жоба арқылы
ендіруге тырысады, аталған жобаны мақсаты ретінде, жалпы білім
беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға
психологиялық-педагогикалық көмекті қамтамасыз ету; арнайы
мектептің оқушылар санын тұрақтандыру; ақыл-ойында кемісітіг бар
және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептің
санының өсуіне кедергі келтіру алынды. Нидерландыда, Бельгияның
Фламанд аймағындағыдай, арнайы мектептердің жүйесі жақсы дамыған,
бірқатар ғалымдар бұл деректі инклюзивті білім берудің дамыту үшін
күрделі кедергі болатынын атап көрсетеді.
Қорыта айтқанда университетте инклюзивті оқыту арқылы
барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз
ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Бұл бағыт
арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке
жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі
студенттерді шынайы қарым - қатынас шеңберінде
тәрбиелеудің бастауы болмақ. Біз мүмкіндігі шектеулі
студенттерге білім бере отырып, оларды адамгершілікке,
ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |