1 Инновациялық қызмет. Инновациялық цикл


Жобаның күнтізбелік жоспары



бет18/19
Дата03.01.2022
өлшемі57.61 Kb.
#451464
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Лекция (1)

Жобаның күнтізбелік жоспары

Кез-келген жобаның инвестиция алдындағы және инвестициялық фазалары жұмыс кестесі мен тартылатын ресурстар тізімін мұқият талқылауды қажет етеді. Project Expert жүйесі алдын ала күрделі салымдар мен дайындық жұмыстардың күнтізбелік кестесін, яғни GANTT диаграммасын қалыптастырады.

Бұл жүйе, инвестициялық және келесі операциялық іс-әрекеттердің барлық кезеңдерін байланыстыруға немесе жобаның осындай сатыларын тәуелсіз сипаттауға мүмкіндік беріп, жоба туралы мәліметтерді икемді көрсетеді.

4 сурет. Project Expert-тегі күнтізбелік жоспар

Осы жүйе жұмыстардың кезеңдерін анықтауға, осы кезеңдерді орындауға қажетті қолданылатын ресурстарды және оларды төлеу тәртібін көрсетуге, кезеңдер арасындағы өзара байланыстарды орнатуға және кәсіпорынның активтерін қалыптастыруға көмектеседі.

Егер өндірістің дайындық кезеңдері ғимараттар құрылысымен, жабдықтарды, жерді немесе басқа негізгі өндірістік қорларды сатып алумен байланысты болса, онда Project Expert олардың амортизация тәсілдері мен мерзімдерін, яғни өндіріс бойынша, сызықтық, қалдық құны және схемасы бойынша таңдауға мүмкіндік береді. Жүйеде активтердің қайта бағалануын, оларды іске асырылуын және қосымша инвестицияларды есепке алу қарастырылған. Күнтізбелік жоспардың мысалы 4 суретте келтірілген.

Жобаның басқа да басқару жүйелерінің мүмкіндіктерін қайталау арқылы, Project Expert Сізді өзінің орнатылған ішкі жүйелерінің күнтізбелік жоспарлауын қолдануға шектеу қоймайды. Бұл жүйе MS Project жүйесімен мәліметтердің алмасуын қамтамасыз етеді, ол осы бағдарламаларда дайындалған жобаларды бизнес-жоспарды құрастырғанда қолдануға және керісінше, бизнес-жоспардағы мәліметтерді жобалардың орындалуын бақылауға бағытталған жүйелерге ауыстыруға ықпал етеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет