Жаратылыстану ғылымдары факультеті



жүктеу 165.66 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі165.66 Kb.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Жаратылыстану ғылымдары факультеті


Биология кафедрасы

«Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы» пәні бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



6М011300 «Биология» мамандығының

магистранттарына арналған

Семей – 2014

Зертханалық сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
Зертханалық жұмыс №1.

Тақырыбы: Микроскоптың құрылысы. Бірклеткалылар патшалық тармағы.

Мақсаты: Микроскоптың құрылысымен танысу. Саркодиналар, талшықтылар кластарының өкілдерінің құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Қауымды талшықтылардың құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:


  1. Амебаның құрылысымен танысып, суретін салу. Цитоплазманың дифференциациясына көңіл аудару. Органоидтарды анықтау.

  2. Эвгленаның және трипаназоманың құрылысымен танысу. Қоректену, дененің осмос жүйесін, қимыл-қозғалысын реттеу органоидтарын және жарық сезгіш көзін қарау. Цитоплазманың экто- және эндоплазмалық қабаттарына көңіл бөлу.

  3. Шар тәрізді вольвокстің колониясымен танысып, клекталарының ұсақ соматикалық және ірі генеративті болып дифференциациялануына көңіл аудару.

Сұрақтар:

  1. Амеба цитоплазмасының ерекшелігі неде?

  2. Сұйық заттар амебаның денесіне қалай өтеді және оның қоректенуі?

  3. Амебаның көбеюі қалай жүзеге асады?

  4. Талшықтылардың қозғалыс тәсілі қандай?

  5. Цистаға айналу себептері неде?

  6. Талшықтылар мен саркодиналардың айырмашылығы мен ұқсастығы.

  7. Стигманың фунциясы қандай?

  8. Трипанозомалардың туғызатын аурулары және оларды табиғаттағы тасымалдаушылары.

  9. Вольвокс колониясындағы клеткалардың соматикалық және генеративті болып бөлінуі нені көрсетеді?

  10. Вольвокстің жыныссыз және жынысты көбеюі.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 2.

Тақырыбы: Споралылар типі. Инфузориялар типі.

  1. Споралылар типінің жалпы сипаттамасы. Тіршілік циклінің ерекшеліктері. Классификациясы.

  2. Инфузория дамуының құрылысы. Туфелька мысалында инфузориялардың құрылысы. Инфузория отрядтары.

Мақсаты: Грегариналардың құрылысымен және даму циклімен танысу. Кокцидия мен безгек плазмодиясының даму циклімен танысу. Инфузория туфельканың, стилонихия, сувойка, стентордың құрылыстарымен танысу және суреттерін салу.

Тапсырмалар:

  1. Омыртқалы жануарлардың ішщкі клетка паразиттерімен танысып, даму циклдеріне талдау жасау. Ұрпақ алмасуына көңіл бөлу.

  2. Уақытша препараттан инфузорияларды тауып сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Инфузориялардың қозғалу, қоректену, осмос жүйесін реттейтін процестерін көру. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқият қарау.

Сұрақтар:

  1. Споралылардың даму циклі қандай сатылардан тұрады?

  2. Споралылардың даму циклінде қай кезең басым (гаплоидты ма әлде диплоидты ма)?

  3. Грегариналар, кокцидиялар және қанды споралылардың даму циклдерінің ұқсастығы мен айырмашылығы?

  4. Басқа қарапайымдыларға қарағанда инфузориялардың күрделілігі неде?

  5. Ядролық дуализм дегеніміз не?

  6. Коньюгацияның биологиялық мәні неде?

  7. Инфузориялардың классификациясының негізі неде?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 3.

Тақырыбы: Губкалар типі.



  1. Губка бадяга мысалында губкалардың құрылысы.

  2. Губкалардың классификациясы.

Мақсаты: Губкалардың құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:

Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне, бадяганың геммуласына қарап суреттерін салу.



Сұрақтар:

  1. Губкалардың қарапайымдыларға қарағанда күрделілігі неде?

  2. Губкалардың клеткалары және олардың функциясы.

  3. Губкалардың құрылысының типтері және қаңқасының химиялық құрамы қандай?

  4. Губкалардың ас қорыту процесі қандай және олар немен қоректенеді?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 4.

Тақырыбы: Ішекқуыстылар типі.

  1. Гидраның сыртқы және ішкі құрылысы. Гидроидтылар класы.

  2. Сцифомедузалар класы.

Мақсаты: Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу. Сцифомедузалардың құрлысымен, даму циклімен Аурелия аурита мысалында танысу.

Тапсырмалар:

  1. Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу. Тұрақты препараттан гидраның ұлпалық құрылысын қарап, эктодерма жыне энтодерманың клеткаларының суретін салу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу.

  2. Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. Даму циклінің схемасын салу.

Сұрақтар:

  1. Ішекқуыстылардың губкалармен салыстырғанда ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

  2. Тұщы су гидрасының экто-, энтодерма клеткаларының дифференциациясы.

  3. Гидраның көбею жолдары және дене симмтериясы қанадй?

  4. Ішекқуыстылардың ас қорыту типтері (клеткаішілік, қуыстық).

  5. Гидраның мекені және олар немен қоректенеді?

  6. Сцифомедузалардың тіршілік циклінің айырмашылықтары неде?

  7. Сцифомедузалардың жүйке жүйесі туралы не айтуға болады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 5.

Тақырыбы: Жалпақ құрттар типі.

  1. Билатеральды симметрия. Жалпақ құрттардың ішкі және сыртқы құрылысы.

  2. Кірпікшелі құрттар класы.

  3. Дигенетикалық сорғыштар және моногенетикалық сорғыштар кластары.

  4. Таспа құрттар класы.

Мақсаты: Кірпікшелі құрттардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Бауыр сорғыштың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу. Таспа құрттардың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.

Тапсырмалар:

  1. Фиксацияланған планарияны қарап, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу. Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп, суретін салу.

  2. Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу.

  3. Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысыныа қарап, суретін салу. Шошқа солитерінің даму циклінің суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен салыстырғанда дене құрылысында жаңа қандай мүшелер пайда болады?

  2. Жалпақ құрттардың симметриясы қанадй және ол неге байланысты?

  3. Тері-бұлшық ет қапшығының құрылымы неден тұрады?

  4. Турбелляриялардың жүйке жүйесі.

  5. Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі қандай?

  6. Сорғыштардың медициналық және ветеринарлық маңызы неде?

  7. Паразиттік құрттардың даму циклінің күрделенуі неде?

  8. Аралық және негізгі ие дегеніміз не?

  9. Партеногенез дегеніміз не?

  10. Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылықтар бар?

  11. Таспа құртар қалай қоректенеді?

  12. Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы мен ұрықтануы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 6.

Тақырыбы: Жұмыр құрттар типі.

  1. Нематодтар класы. Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасымен танысу.

  2. Нематодтар класының құрылыс ерекшеліктері.

Мақсаты: Аскариданың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.

Тапсырмалар:

Аскариданы сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.



Сұрақтар:

  1. Таспа және жұмыр құрттардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

  2. Алғашқы дене қуысы дегеніміз не?

  3. Аскариданың бұлшық ет системасының өзгешеліктері қандай?

  4. Аскариданың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйесінің өзгешеліктері қандай?

  5. Жұмыр құрттардың маңызы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 7.

Тақырыбы: Буылтық құрттар типі.

  1. Буылтық құрттардың жалпы сипаттамасы.

  2. Көпқылтанды құрттар класы. Құмқазар мысалында көпқылтанды құрттардың құрылысы.

Мақсаты: Көпқылтандылар класының сыртқы құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:

Буылтық құрттардың сыртқы құрылысын байқау. Денесінің дифференциациясына және үш бөлімге бөлінуіне, сегменттеріне көңіл бөлу керек. Тотальдық препараттан – бас бөлімнің (простомиум), дене бөлімінің, аналь бөлімінің (пигидий) құрылысын қарап, суретін салу. Параподийлернің құрылысымен танысып, суретін салу керек.



Сұрақтар:

  1. Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар?

  2. Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде?

  3. Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады?

  4. Буылтық құрттардың сезім мүшелері қалай жетілген?

  5. Буылтық құрттардың денесінде қандай қуыс пайда болады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 8.

Тақырыбы: Буылтыққұрттар типі.

  1. Жауын құрты мысалында азқылтанды құрттар класының құрылыс ерекшеліктері. Тіршілік әрекеттері. Классификациясы.

  2. Сүліктер класы. Сүліктердің медициналық маңызы.

Мақсаты: Жауын құртының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Медициналық сүліктің дене құрылысымен танысып, ерекшеліктерін анықтау.

Тапсырмалар:

  1. Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіп суретін салу.

  2. Сүліктің дене құрылысымен танысып, суретін салу. Сүлікті сойып, анатомиялық құрылысына қарап, ас қорыту, жүйке, жыныс, зәр шығару жүйелерін анықтап, суретін салу. Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Целомның алғашқы дене қуысынан айырмашылығы неде?

  2. Мезодерманың дифференциациясы, оның буылтық құрттардағы туындылары.

  3. Буылтық құрттардың жүйке жүйесі мен зәр шығару жүйелері.

  4. Буылтық құрттардың табиғаттағы маңызы.

  5. Сүліктердің тіршілік ету типі және оның маңызы.

  6. Сүліктің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 9.

Тақырыбы: Былқылдақденелілер типі.

  1. Жүзім ұлуы мысалында бауыраяқтылар класының құрылыс ерекшеліктері. Классификациясы, таралуы.

  2. Айқұлақ мысалында тақтажелбезектілердің құрылыс ерекшеліктері. Кластың кәсіптік өкілдері.

Мақсаты: Бауыраяқтылардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Тақтажелбезектілердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:

  1. Ұлудың бақалшағының құрылысын қарап, оның бақалшақтың ішінде қалай орналасқанын көріп, оны сойып, ішкі мүшелерімен танысып, суретін салу керек.

  2. Тіссіз моллюсканың бақалшағының сыртқы және ішкі құрылысына қарап «құлпына» көңіл аудару. Тіссіз моллюсканың денесін сойып, анатомиялық құрылысын және мантиялық комплекс мүшелерін көріп суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Тақтажелбезектілердің бақалшағының құрылысы қандай?

  2. Мантиялық комплекс дегеніміз не және оның функциясы қандай?

  3. Тіссіз моллюсканың ас қорыту системасының өзгешеліктері және олардың қоректенуі.

  4. Моллюскалардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?

  5. Бауыраяқтылардың денесінің симметриясы қандай?

  6. Моллюскаларға қандай сезім мүшелері тән?

  7. Моллюскалардың практикалық маңызы қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 10.

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Желбезектыныстылар тип тармағы. Шаянтәрізділер класы.

  1. Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны.

  2. Өзен шаянының және оның аяқтарының морфологиясымен танысу.

  3. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділер: циклоп, дафниялар.

Мақсаты: Өзен шаянының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Желбезекті шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Циклоптың құрылысымен танысу.

Тапсырмалар:

  1. Өзен шаянының дене бөлімдерін анықтап, сол бөлімдеріндегі орналасқан аяқтарының құрылысын көру керек. Өзен шаяндарының аяқтарын ұқыпты түрде жіктеп алып, оларды ретімен орналастырып, суретін салу.

  2. Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, сойылған өзен шаянының суретін салу.

  3. Дафнияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысып, суретін салып, белгілеу.

  4. Циклоптың сыртқы құрылысымен танысып, денесінің сегменттелуіне, аяғының құрылысына, науплиальды көзіне көңіл аудару қажет. Ішкі құрылысын қарап, суретін салу.

Сұрақтар:

  1. Өзен шаянының сыртқы құрылысындағы буылтық құрттарға тән белгілер қандай?

  2. Буынаяқтылардың аяқтарының құрылысы және гомономдық немесе гетерономдық сегменттердің айырмашылықтары.

  3. Өзен шаяның ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері қандай?

  4. Буылтық құрттармен салыстырғанда өзен шаянының қан айналу жүйесінде қандай өзгешеліктер пайда болды?

  5. Өзен шаянының тыныс алу жүйесі.

  6. Дафнияның тіршілік циклі.

  7. Дафнияның ұрпағындағы цикломорфоздық өзгеріс деген не?

  8. Ескекаяқтылардың көбеюі және табиғаттағы маңызы.

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 11.

Тақырыбы: Хелицералылар тип тармағы. Өрмекшітәрізділер класы.

  1. Өрмекшіәтәрізділердің жалпы сипаттамасымен танысу.

  2. Өрмекшітәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Классификациясы.

  3. Кенелердің паразитті түрлері.

Мақсаты: Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуінің, ауыз аппараттарының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп, танысу.

Тапсырмалар:

Құршаяндардың сыртқы құрылысына қарап, денесінің сегменттелуін, хелицера аппаратын анықтап қарап, суретін салу. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын қарастырып, суретін салу.



Сұрақтар:

  1. Хелицералылар тип тармағының негізгі белгілері неде?

  2. Қарапайым өрмекші тәрізділердің денесінің сегменттелуінің қандай ерекшеліктері бар?

  3. Жоғары сатыдағы өрмекші тәрізділер өкілдерінң денесінің сегменттелу ерекшелігі қандай?

  4. Өрмекші тәрізділердің практикалық маңызы қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс 12.

Тақырыбы: Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Насекомдар класы.

  1. Насекомдар класы. Насекомдардың сыртқы құрылысы. Бунақденелінің денесінің морфологиясын оқып-үйрену. Тарақанның денесінің бөлімдерге бөлінуі. Қоректенуге байланысты ауыз аппараттарының типтері. Насекомдардың аяқтарын салыстырмалы түрде оқу. Мұртшалардың, аяқтардың, қанаттардың типтерін қарастыру.

  2. Насекомдарың ішкі құрылысы. Насекомдардың дамуы. Толық түрленбей және толық түрленіп даму онтогенездері.

Мақсаты: Бунақденелілердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін қарастыру. Бунақденелілердің негізгі ауыз аппараттарын зерттеп білу. Бунақденелілердің аяқтарының және қанаттарының құрылысын сипаттап, морфофункционалдық әртүрлілігін көрсету. Бунақденелілердің ішкі анатомиялық құрылысымен танысу. Бунақденелілердің постэмбрионды дамуының өзгешелігімен танысу.

Тапсырмалар:

  1. Насекомдардың сыртқы құрылысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сегменттелуін талдау.

  2. Қарапайым және специализацияланған ауыз аппараттарының құрылысын көріп, суретін салу.

  3. Насекомдардың әртүрлі типтегі аяқтарының құрылысын қарап, бунақтарын бөлімдерге бөлшектеу және суретін салу. Әртүрлі қанаттардың типтерін қарап, жүйкеленуінің схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, оларды белгілей отырып, суретін салу.

  4. Насекомдарды сойып, ішкі мүшелер жүйелерін көріп суретін салу.

  5. Насекомдардың екі түрлі даму типтерінің айырмашылықтарын, нимфаның, дернәсілдердің, қуыршақтардың құрылысындағы ерекшеліктерін және ересек түрінен айырмашылықтарын анықтау.

Сұрақтар:

  1. Насекомдардың басқа тип тармағының өкілдерімен салыстырғандағы айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

  2. Насекомдардың қанша жұп аяқтары бар және олар қалай орналасқан?

  3. Абдоменде қандай аяқтар орналасқан?

  4. Насекомдардың ауыз аппараттары қандай бөлшектерден тұрады?

  5. Кеміргіш ауыз аппараттарының қандай ерекшеліктері бар?

  6. Тесіп-сорғыш, сорғыш, жалағыш және басқа ауыз аппарат типтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?

  7. Насекомдардың аяқтарының әртүрлі болуы неге байланысты?

  8. Кеңірдек жүйесі қай ұрық жапырақшасының туындысы?

  9. Насекомдардың зәр шығару мүшесі қандай?

  10. Насекомдардың жүйке жүйесі қандай типке жатады?

  11. Эмбрионды және постэмбрионды даму дегеніміз не?

  12. Шала және толық түрленіп дамудың айырмашылықтары мен өзгешеліктері?

  13. Метаморфоз дегеніміз не?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.

Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976.
Зертханалық жұмыс № 13.

Тақырыбы: Насекомдардың отрядтары.

Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу.



Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлілігімен танысу.

Тапсырмалар:

Анықтағышпен жұмыс істеуді үйрену. Толық түрленбей дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.



Сұрақтар:

  1. Насекомдар қандай үлкен екі класс тармағына бөлінеді?

  2. Түзуқанаттылар, инеліктер отрядтарына тән белгілері қандай?

  3. Жартылай қаттықанаттылар отрядына тән белгілер қандай?

  4. Тарақандар отрядына тән белгілері қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


Зертханалық жұмыс № 14.

Тақырыбы: Насекомдардың отрядтары.

Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу.



Мақсаты: Насекомдардың алуан түрлілігімен танысу.

Тапсырмалар:

Толық түрленіп дамитын насекомдардың негізгі отрядтарымен танысу және коллекциядағы насекомдарды отрядтарға, тұқымдастарға дейін анықтай білу.



Сұрақтар:

  1. Қоңыздар, қабыршаққанаттылар отрядтарына тән белгілері қандай?

  2. Жарғаққанаттылар отрядына тән белгілері қандай?

  3. Қосқанаттылар отрядына тән белгілері қандай?

  4. Қоңыздар мен жартылай қаттықанаттылардың айырмашылықтары неде?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.

Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.

Мамаев Б.М. и др. Определитель насекомых евпропейской части СССР. –М., 1976.
Зертханалық жұмыс № 15.

Тақырыбы: Екіншіауыздылар. Тікентерілілер типі.


  1. Теңіз жұлдызының құрылысы.

  2. Тікентерілілер типінің жалпы сипаттамасы.

Мақсаты: Тікентерілілердің сыртқы және ішкі құрлысымен танысу.

Тапсырмалар:

Теңіз жұлдызының сыртқы құрылысын сипаттағанда денесінің бес сәулелі симметриясына көңіл аудару. Теңіз жұлдызын сойып ішкі мүшелерінің құрылысын қарап, суретін салу. Теңіз кірпілерінің сыртқы құрылысымен танысу.



Сұрақтар:

  1. Тікентерілілердің денесінің симметриясы қандай?

  2. Амбулакральды жүйесі қалай орналасқан? Оның қызметі қандай?

  3. Тікентерілілердің зәр шығару жүйесі туралы не айтуға болады?

  4. Тікентерілілердің эмбрионалдық дамуының ерекшеліктері қандай?

  5. Тікентерілілерді неге екінші ауыздыларға жатқызады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Фролова Е.Н. и др. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1985.



Зеликман А.Л. Практикум по зоологии беспозвоночных. – М., 1969.

Беклемишев К.В. Зоология беспозвоночных (методические указания). – М., 1975.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет