1 Инновациялық қызмет. Инновациялық цикл



бет8/19
Дата03.01.2022
өлшемі57.61 Kb.
#451464
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Лекция (1)

7 тақырып. Project Expert компьютерлік бағдарламалық өнім негізінде бизнес-жоспарды құрастыру мақсаттары, тапсырмалары және ерекшеліктері


  1. Project Expert талдау жүйесі

  2. Project Expert бағдарламасымен бизнес-жоспарды әзірлеудің негізгі кезеңдері

  3. Project Expert жүйесінде модельдеу ерекшеліктері




  1. Project Expert талдау жүйесі


Кәсіпорын дамытуын жоспарлау уақытша шығындарды төмендетін заманауи әдістемелер мен құрал-саймандарды қолдануды талап етеді.

Еліктеу модельдері кәсіпорын дамуының, сыртқы экономикалық ортаның әртүрлі нұсқаларын қарастыруға болады. Олар бизнесті дамыту бойынша әртүрлі идеяларды, болжамдарды және жорамаларды тексеруге, оларды іске асыру қорытындысын талдауға мүмкіндік береді. Модельде кәсіпорынның іс-әрекеті, әртүрлі уақыт мерзімінде өтетін оқиға ретіндегі ақша ағыны жүрісін (түсімдер мен төлеулер, Cash-Flow).

Аталған көзқарастар, UNIDO және де-факто инвестициялық жобаларды бағалау әдістемесіне сүйенетін және ТМД мен Балтия елдерінде бизнес-жоспарлау және инвестициялық жобалау аясында стандарт болып табылған Project Expert талдау жүйесінің негізіне қойылған. Жаңа немесе әрекеттегі кәсіпорынның жоспарланатын іс-әрекетін және экономикалық ортадағы өзгерістерді жүйеде ретімен модельдеу арқылы, халықаралық талаптарға сәйкес келетін инвестициялық жоболауды және қаржы жоспарлауды жүргізуге, бизнес-жоспарды құруға, сонымен бірге жобаларды іске асыру тиімділігін бағалауға болады. Жоба дамуының баламалы нұсқаларын талдауға және кәсіпорын дамуының оңтайлы жолын таңдауға, кәсіпорындағы ақша құралының қажеттілігін анықтауға, қаржыландырудың оңтайлы схемасын және несиелеу шарттарын қабылдауға, бизнестің беріктік қорын, жобадағы қатысушылардың барлығына құйылымның тиімділігін бағалауға, өндіріс, сатып алу мен сату нұсқаларын таңдауға және жобаның іске асырылуын бақылауға Project Expert ықпал етеді.

Бұл жүйе шағын жеке кәсіпорыннан бастап холдингтік құрылымға дейінгі әртүрлі өлшемді кәсіпорындардың іс-әрекеттерін модельдеуге мүмкіндік береді. Оның көмегімен кез-келген күрделіліктегі жобаларды, яғни жаңа жабдықтың өтелуін есептеуден бастап кәсіпорын іс-әрекетін диверсификациялау тиімділігін бағалауға дейін жасауға болады. Project Expert математиканы толық игеруді де, бағдарламалау білімін де қажет етпейді, мұнда тек сипатталатын бизнесті жақсы білгені жеткілікті. Инвестициялық жобаны әзірлеу мен іске асырудың әртүрлі сатыларында жүйемен жасалынатын жұмыс келесі негізгі қадамдар түрінде сипатталуы мүмкін (2 схема):



  • компанияның моделін және оның даму жобасы шеңберіндегі экономикалық ортасын құрастыруға;

  • уақыт бойынша жобаны қаржыландыру қажеттілігін анықтау;

  • қаржыландыру стратегиясын әзірлеу;

  • болжамдалатын қаржы нәтижелерін талдау;

  • бизнес-жоспарлау және бизнес-жоспарды, яғни мәтіндік бөлімі, қажетті қорытынды кестелер, графиктер мен диаграммалары бар құжатты құрастыру;

  • жобаны іске асыру барысында оның ағымдық күйі туралы мәліметтерді талдау.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет