1 жағдайлы есеп



жүктеу 149.66 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі149.66 Kb.
1 жағдайлы есеп

Зертханаға тері-венерологиялық диспансеріне несеп шығарған кезде шамалы ауырсыну мен қышынуға және бөлінулер барына шағым жасап келген, 30 жастағы қаралушының несеп шығару каналынан шығындылардың егулермен сүртінділер және пробиркалар жеткізілді(Петри ыдысы). Осы белгілер 2 күн бұрын пайда болған.



Тапсырма:

1. Соз ауруының барлығын немесе жоқтығын дәлелдеу үшін қандай зерттеулерді өткізу керек.

2 жағдайлы есеп

Зертханаға жаралы инфекциямен аурудың биоматериалы жеткізелді(жараның ішіндегісі). Зерттеген кезде келесі қасиеттері бар, өсіріндісі анықталды::

Өсірінді: Эндо ортасында – ірі жайпақ домалақ қызыл күрең шамалы метелл жылтырауы бар, диаметры 3 мм дейін колониялар; Плоскарева ортасында – ұсақ қызғылт, «шық тамшылары» тәрізді, диаметры 1,5 мм дейін колониялар; қанды агарда – ірі, диаметры 2,5 мм дейін, ақшыл сары гемолизсыз дөңес колониялар.

Тинкториальді және морфологиялық қасиеттері: граммоңды қысқа түзу таяқшалар.

Биохимиялық қасиеттері: Оксидаза (-) Малонат Na (+) Адонит (+) Цитрат Симонса (+)

Нитраттардың нитриттарға дейін қалпына келуі (+) Сероводород Н2S (-) Инозит (+) Мочевина (+)

Лактоза (+) Индол (+) Сорбит (+) Манит (+) Рамноза (+) Қозғалыстығы (+) Глюкоза К/Г Лизин (-) Сахароза (+) Орнитин (-) Метил рот (+) Ф/Пр (+)

Тапсырма:

1. Инфекцияның этиологиялық факторы болып табылатын, микроорганизмды анықтаңыз.

3 жағдайлы есеп

9 жасар науқас № 2 балалар емханасына ауырғаннан кейін үшінші күні келді. Тамақ жұтқан кезде тамақтың ауырғанына, бас ауруына, дене қызуының көтерілуіне, мұрынның бітелуіне, лоқсуына шағым айтты. Ауыз қуысын қараған кезде, бадамша бездерінде жеңіл алынып тасталатын, алғаннан кейін қаны жоқ, ақ-сары қақ көрінеді.

DS: жедел лакунарлы тонзиллит

1. Бактериологиялық зертханаға қандай материал жіберу керек? Қандай мақсатымен?


4 жағдайлы есеп

Зертханаға, босанудан кейінгі инфекция диагнозымен, науқастан биоматериал(қан) жіберілді. Сепсис?



Тапсырма:

Зарарсыздыққа қан алудың негізгі талаптарын айтыңыз.

5 жағдайлы есеп

31 жасар науқас М. ОАА жұқпалы бөлімшесіне дене қызуының жоғарлығына,бас ауруына, әлсіздікке шағымданып түсті. 4 күн бұрын ауырып қалды. Дәрігер онда ішсүзегі шығар деп, науқастың қанын бактериалық зерттеуіне жіберді.



Тапсырма:

Әр бір кезеңінде қолданылатын, қоректік орталарын атап, науқастың бактериалық қан анализінің кезеңдерін айтып өту.

6 жағдайлы есеп

3 жасар И. қыз баланың кешке бала бақшадан келгеннен кейін анасы бала бозданып, әлсіз болғанына және дене қызуының жоғары болғанына(38 градус) көңіл аударды. Кешке екірет лоқсыды, таңертең іші ауырғанына шағымданды, қайта-қайтп іші өтті. Ауру балаға келген педиатр диагноз қойды: «Ротавирусный гастроэнтерит».



Тапсырма:

1. Ротавирустардың таксономикалық жағдайын атаңыз.


7 жағдайлы есеп

45 жасар науқас әйел әскері госпиталіне жатқызылды.

Белгілері: ұзақ жоғары дене қызуы 39-40 –градусқа дейін, қалтырау, тахикардия.

Ds: сепсис?

Тапсырма:

1. Гемоөсірінділер бөліну үшін орталарын атаңыз.


8 жағдайлы есеп

20 жастағы науқас В., «жедел тамақтан улану» диагнозымен, бас ауыруына, қалтырау, әлсіздікке, жүрегі айнуына, көптеген лоқсуына шағым айтып, инфекциялық бөліміне түсті. Қайнатылған кремі бар торт жеген күні ауырған.

Бактериологиялық зертханасына материал жіберілді: құсқан бөлінділер, асқазанды жуған суы, торт қалдықтары. Зерттеген кезде барлық сынақтар ішінде S.aureus бөлінді.

Тапсырм:

1. Бакзерттеуінің негізгі кезеңдерін айту.

9 жағдайлы есеп

26 жастағы науқас К., «жедел пневмония» диагнозымен қалалық ауруханасының терапиялық бөліміне түсті. Науқастың қақырығы бактериологиялық зертханаға жіберілді. Микроскопиялық зерттеген кезде ланцето тәрізді түріндегі, капсуламен қоршалған грамоңды диплококктар анықталды.



Тапсырма:

1. Пневмококтардың таксономиялық жағдайын көрсетіңіз.

10 жағдайлы есеп

Соматикалық бөлімшесіне ОРЗ диагнозымен (анасы күтімімен) 6 айлық түсті. Қабылдау бөлімшесінде түскен кезде ішек тобына баканализ алынды. Зерттеудің үшінші күні, ВСА ортасында(висмут-сульфат агар) ақ ұсақ(2-3 мм), өте жылдам қозғалатын балаңқұрттар анықталды.



Тапсырма:

1. Қандай микроорганизимдер жұқтыру себебі болу мүмкін?


11 жағдайлы есеп

Бактериологиялық зертханасына дәрігер дене қызуы жоғары, жалпы әлсіздік, іш ауырулары, жиі және көптеген іш өтуі бар, екі жасар баланың нәжісін жіберді.Алдын ала диагноз: «Жедел ішек инфекциясы. Эшерихиоз?” Нәтижелер бойынша балада E.coli өсіріндісі. штамм О111анықталды.



Тапсырма:

Зерттеу кезеңдерін және қолданылатын қоректік орталарын атаңыз.


12 жағдайлы есеп

Флораға қақырықты зерттеген кезде, шоколад агарда: аралыстырылған шырышты өсу ст гемолиз+, сүртіндіде грамм (-) п, (Грам бойынша), капсулалар көрінеді(Бурри бойынша).



Тапсырма:

1. Бұл аурудың себепшіл микрооргпнизмдері қандай?

(Тұқымын, түрін атау)
13 жағдайлы есеп

Аурухананың гастроэнтологиялық бөлімшесіне бір сыныптың 6 оқушысы түсті. Барлығы қаймақ жегеннен кейін жедел ауырып қалды: дене қызуы жоғарлады, лоқсу пайда болды, іші ауырып, жиі өтті.



Тапсырма:

1. Бұл аурудың себепшіл микрооргпнизмдері қандай?

14 жағдайлы есеп

Зертханаға биоматериал әкелінді (іріңді бөліну). Жолдамаға жазылды: бала 5 жаста, диагноз: постинъекциялды абсцесс.

Алудың күні мен уақыты: 17:00 3.02.09 (сенбі). Материал бак зертханасына жіберілді 9:00 5.02.09. зерттеудің үшінші күні теріс нәтиже шықты (өсу жоқ)

Тапсырма:

1. Осы материалды алған, сақтаған және тасымалдаған кезде болған қателерін атаңыз.


15 жағдайлы есеп

Науқаста ұзақ уақыт дене қызуы жоғары. Дәрігер диагноз қойды: Сепсис.

Бактериологиялық зертханаға залалсызға қан әкелінді.

Өскен колонияларды зерттеген кезде анықталды: шоқтармен орналасқан Грам+ ірі кокктар.

Плазмокоагуляция реакциясы оңды.

Тест-системалар бойынша биохимиялық көрсеткіштері: Коагулаза +Оксидаза +Каталаза+ Глюкоза+ Маннит + Фруктоза + Манноза +Мальтоза +Лактоза +Трегалоза +Ксилоза - Арабиноза - Сахароза + Галактоза+Салицин - Уреаза + Аргининдегидролаза + Ацетилметилкарбинол + Фосфатаза + Нитратредуктаза +



Тапсырма:

1.Қандай өсірінді бөлінді?

16 жағдайлы есеп

Босану блогынан ирургиялық бөлімшесіне 25 жасар науқас әйел келесі диагнозбен ауыстырылды: Іріңді мастит. Іріңді зерттеуге бактериологиялық зертханасына жіберілді. Зерттеу қорытындылары бойынша ЖСА ортасында алтын түсті пигменттерімен және лецитиназды белсенділігімен (яғни колония айналысындарда перефири бойынша құбылмалы венчикпен лайланған зоналар) ірі колониялар өстті. Грамм бойынша микроскопия жасаған кезде, шоқталып орналасқан, ірі Грам+ кокктар көрінеді. Глюкозаны, маннит анаэробно және маннит аэробты жағдайларында ферменттейді. Қоян плазмасымен плазмокоагуляциясының оңды реакциясын береді.



Тапсырм:

1. Бөлінген өсірінді стафилококктардың қандай түріне жатады: St. аureus,

St. epidermidis, St. saprophyticus

17 жағдайлы есеп

Мұражайдың бір неше қызметкері, үй жағдайда жасалған, майонез қосылған салат жегеннен кейін аудандық аурухананың инфекциялық бөлімшесіне жеткізілді. Бәрі жедел ауырып қалды: дене қызулары жоғарлады, жүрек айну, лоқсу, іш ауыру және іш өту пайда болды. Диагноз: жедел гастроэнтероколит?

Зертханаға құсқан массалары және нәжіс әкелінді. Материалды зерттеген кезде: Эндо, Плоскирев, Левин ортасында лактозонегативті (лактозо теріс) түссіз колониялар өстті. Микроскопия кезіңде – Грам теріс таяқшалар.На среде Клиглер ортасында лактоза мен глюкозаны ферменттемейді, күкірт сутегі пайда болады. Оксидаза теріс, қозғалмалы. Микротестер жүйелерін қолданып, биохимиялық қасиеттерінің нәтіжелері:

Цитрат натрия +Малонат натрия -Цитрат натрия глюкозамен +Лизин +Аргенин - Орнетин + Фенилаланиндезамилаза -Индол -Реакция Фогес-Проскауэра -Уреаза -Сероводород +

Глюкоза +Бетта - галактоза -Лактоза -Манит +Сахароза -Инозит -Сорбит +Арабиноза +

Мальтоза +Дульцит +Рамноза +

Поливалентті глютинация кезінде және типтік топтық сарысулармен: поливалентті эшерихиозды сарысумен ОКА – теріс, поливалентті шегиллезді сарыскмен (1 қоспасы) – теріс, поливалентті сальмонеллезді сарысумен АВСДЕ – оңды, О сальмонеллезді самотикалық антигенмен О1, О9, О12 – оңды, сальмонеллезді жгутикті антигенмен Н I фаза – Н g, m – оңды, Н II фаза – Н 1, 7 – оңды.



Тапсырма:

1. Зерттеген материалдан қандай микроб бөлінді?

18 жағдайлы есеп

75 жасар науқастың бір бүйрегі операциялған. Диагнозбен: Пиелонефрит зертханаға науқас әйелдің зәрі антибиотиктерге сезімдікпен және флораға, бактерияурия деңгейін анықтаумен жіберілді.

Секторлар бойынша тығыз қоректік орталарда егу кезінде дөңгелек тегіс 1 мм. Колониялар өстті. Микроскопта Грам- таяқшалар.

Тест-системалар бойынша биохимиялық көрсеткіштері: Глюкоза (КГ) +Маннит +Сероводород -

Цитрат натрия -Мальтоза+Сахароза -Малонат натрия -Индол +Лактоза +Бетта-галактоза +

Инозит -Дульцит -Уреаза -Лизин -Орнитин -Оргинин -Фенилаланиндезаминаза -

Сорбит +Арабиноза +Цитрат натрия с глюкозой +Реакция Фогес-Проскауэра -

А секторында 250 колония өсті, I секторында – 30 колониялар, түрлі сектораларында өскен коллониялар санын санағанда, 1 мл зәрде 10 000 бактерия.



Тапсырма:

1. Қандай микроб бөлінді?

19 жағдайлы есеп

Гинекологтің қабылдауына 8-9 апта жүктілігімен әйел келді. Ол мектепте бастауыш сыныптарда мұғалім болып жұмыс істейді. Соңғы аптада сыныбының үш баласы қызылша аурумен ауырып қалды. Әйел өз баласының болашағы туралы абыржанады.



Тапсырма:

Қызылша вирусының таксономикалық жағдайын атаңыз

Жүкті әйелдердің қызылша ауруын жұқтыру қауіпі немен байланысты?

20 жағдайлы есеп

6 жасар балада денесінің 20% зақымданумен ІІ деңгедегі термиялық күйік. Антибиотиктермен емдеген кезде жасыл түсті іріңді бөлінуі көбейді. Іріңді бөлінуді бактериологиялық зерттеген кезде гр-таяқшалары , оксидаза+ анықталды. Орталарда өсу: Эндо – қызыл күрең шамалы жалпақталған, қоректік агар – жасылдау пигментімен, бүлдірген сабының иісі бар құйылған өсу.

Тапсырма:

Осы микроорганизмның таксономикалық жағдайы.

21 жағдайлы есеп

Орталық патологоанатомиялық бөлімшесіне тырысқақтан өлген күдікпенен мәйіт жеткізілді.



Тапсырма:

1. Тырысқақ қоздырғышының тинкториалды қасиеттері мен морфологиясы қандай?

2. Бакзерттеуге қандай секциялық материалын алу керек.
22 жағдайлы есеп

Бала бақшасынан 5 жасар бала менингококк инфекциясының клиникалық белгілерімен ауруханаға әкелінді. Диагноз зертханалық зерттеулерімен мақұлданған. 4 күнінен кейін сол топтан тағы бір бала келесі аурудың белгілерімен үйіне жіберілді: шырышты-іріңді мұрын бітелуі, құрғақ жөтел, жұтқыншақтың гиперемиясы, жұтқыншақтың артқы жағының түйіршіктену мен қызаруы, тері сыртарының бозаруы; дене қызуы 37,5



Тапсырма:

1. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зертханалық зерттеулерді өткізу керек (биоматериалды алу техникасы, бакзертханасына жеткізу ережелері?

23 жағдайлы есеп

Жұқпалы аурулар бөлімшесіне 6 айлық бала ПТИ клиникасымен түсті: лоқсу, тәуілігіне 15 ретке дейін іш өту. Дене қызуының жоғарлауы 39 гр дейін. Содаң кейін салқын тер шығуымен дене қызуының төмендеуі байқалды.

Бакзертханасына зерттеу үшін құсқан шығындылар мен нәжісі жеткізілді. Анамнез жинаған кезде, анасының маститпен ауырып шыққаны анықталды.

Тапсырма:

1. Қандай қоректік орталарына сіз құсқан шығындыларын егесіз?

2. Қандай бактериологиялық зерттеуін өткізе керек?

24 жағдайлы есеп

2 жасар Н. баланың анасы балада жиі жаман иісі бар іш өтуіне, тамаққа тәбетінің нашарлығына, мазасыздығына шағым етеді. Плоскирев ортасына нәжісті екккен кезде шеттері түзу сарғылт жартылай мөлдір колониялар анықталды, ал Эндо ортасында - ыдыстың үстінде шілтер тәрізді түсулер, жаман иіс.

Тапсырмалар:


1. Микрорганизмердің түрлері туралы болжам жасаңыз.

25 жағдайлы есеп

6 айлық М. бала. Жиі құсуға, жиі іш өтуіне, салмағының жоғалуына шағымдар. Эндо ортасына нәжісті еккен кезде қызыл күрең түсті колониялар егілді. Рессель ортасында – ортаның барлығы түсін өзгертті, газ пайда болды.

    1. Тапсырма:


1. Қандай ауру болу мүмкін?

2. Қоздырғыштың түрін анықтау үшін зерттеуді қалай жалғастыру керек?



26 жағдайлы есеп

10жасвр А. баланың екі апта бойы дене қызуы көтеріліп тұр (38-39°С). Раппопорт ортасына қанды еккен кезде ортаның лайлануы, түсінің өзгеруі байқалады, поплавокта газ жоқ. Эндо, Плоскирев ортасына қайта еккен кезде түссіз дөңгелек колониялар өсті.


      1. Тапсырмалар:


1. Микроорганизмдер түрі туралы болжамды қорытынды жасаңыз.

2. Қоздырғыштың түрін анықтау үшін зерттеуді қалай жалғастыру керек?

27 жағдайлы есеп

50 жасар Л. науқас ішсүзегі ауруына күдіктілігімен жұқпалы аурулар бөлімшесіне түсті. Видаль реакциясын қойған кезде антиденелер титрда: ішсүзектің антигенімен - 1:150; А паратифы - 1:400, В паратифы 1:50.


        1. Тапсырмалар:


1. Реакциялардың нәтижелерін қалай бағалайды?

28 жағдайлы есеп

45 жасар Д. науқаста тәуілігіне 30 реттік тоқтатылмайтын лоқсу мен іш өтудің арқасында организмнің өте қатты сусыздануы. Сұйық бөлінген заттарын зерттеген кезде басылған тамшысында қозғалатын микроорганизмі анықталды. Сілтілі пептоннды суда құсқан және нәжіс массаларын еккен кезде 6 сағаттан кейін нәзік қабыршық пайда болды. Сілтілі агарда – көгілдір түсті тұнық колониялар.

          1. Тапсырмалар:

1. Микроорганизмнің түрі туралы болжамды қорытынды беріңіз.

2. Келесі зерттеудің жоспары қандай?.


29 жағдайлы есеп

18 жастағы Д. науқас көкөніс базасында жұмыс істегеннен кейін ауырып қалды. Күн бойы қалтырау, терісінде қызыл бортпелерпайда болы, нәжісі ботқа сияқты тәуілігіне 3 рет. Эндо ортасында нәжісті еккен кезде бір тәуіліктен кейін қызыл колониялар өсуі, ЭПКП сарысуларына агглютинитирдалмайтын. Өт бүлонына қан егуі өскен жоқ. Фосфатты буфер инкубациясына егу жасаған кезде 4°С температурасында 7 күнінен кейін және БТС ортасына қайта еккен кезде – көгілдір-жасыл колониялар, ілмекпен алған кезде колониялар агар үстінен жылжып кетеді.


            1. Тапсырмалар:

1. Қандай қоздырғыш егіледі?

30 жағдайлы есеп.

Аурухананың қабылдау бөлмесіне шамасы тамақтан таксикоинфекция алған әйел жеткізілді. Бактериологиялық зертханасына асқазанның жуған сулары жеткізілді.


              1. Тапсырмалар:

1. Микробиологиялық зерттеу үшін материалды қалай дайындау керек?

2. Қандай орталарына егу жасау керек?

31 жағдайлы есеп.

Жұқпалы аурулар бөлімшесіне жаса А. бала ауыр жағдайымен түсті. Дене қызуы 39°С, анық интоксикация, жұтқан кезде ауырады, тамақ бездерінде ақшылт дақ, дақты шпательмен алған кезде қанталайды.



                1. Тапсырмалар:

1. Қандай орталарда егу жасау керек? Қалай?
32 жағдайлы есеп.

Дифтерияға КТА –ға микробиологиялық зерттеген кезде тегіс емес шеттері бар ірі колониялар өсті.



                  1. Тапсырмалар:

1. Қоздырғыштың түрі, биовары туралы болжамды қорытынды беріңіз.

2. Микрорганиздерді сәйкестендіру үшін қандай тестер қойылады?


33 жағдайлы есеп.

Жұқпалы аурулар бөлімшесіне 29 жасар М. науқас мына диагнозымен түсті: «Тамақтан улану». Анамнезден: майлы кремы бар пирожное жеген.

тапсырмалар:

1. Токсикоинфекцияны қоздырған, микроорганизмнің түрі туралы болжамды қорытынды жасаңыз.

2. Алғашқы егу жасау үшін қандай қоректік орталар керек?
34 жағдайлы есеп.

Тері-венерологиялық диспансеріне несеп шығарған кезде ауыруға, үрпіден ірің бөлінуіне шағымданып науқас келді. Науқас үш апта бойы ауырып жүргенін сезді. Болжамды диагноз қойылды: «соз»(гонорея).



Тапсырмалар:

1. Гонококктың морфологиялық және өсірінділік қасиеттері қандай?


35 жағдайлы есеп

"Пневмония"диагнозы бар науқастың Streptococcus pneumoniae бөлінді.

Тапсырмалар:

1. Streptococcus pneumoniae морфологиялық және өсірінділік қасиеттерін көрсетіңіз.

2. Стрептококкқа алғашқы егу жасау үшін қолданылатын орталарын атаңыз.

36 жағдайлы есеп.

Науқас дәрігерге қалтырауына, басы ауырғанына, бұлшықеттері мен буындарының ауыруына шағым айтып келді. Анамнезден оның мал фермасында жұмыс істеп, қайнатылмаған сүтті, ірімшікті және басқа сүт өнімдерімен пайдалғаны анықталды. Болжады диагноз қойылды: «Бруцеллез».

      1. Тапсырмалар:


1. Аурудың диагностикасын жасау үшін қандай зерттеулерді жасау керек?
37 жағдайлы есеп.

35 жасар Н. науқас оң жақты ошақты пневмонияға күдікпен терапиялық бөлімшесіне түсті. Ауруға түспей тұрғанда үйге шақырылған дәрігер 7 тәуілікке линкоминцинмен бұлшықет арасына антибиотикті терапияны тағайындады, бірақ науқастың хал-ағдайы жеңілдеген жоқ.


          1. Тапсырмалар:

1. Антибиотиктерге сезімталдықты анықтау үшін қандай әдістерді қолданады?

2. Антибиотиктерге сезімталдығын дисктар әдіспенен анықтаудың қандай тәсілі?


38 жағдайлы есеп.

Инфекциялық бөлімшесіне «Дизентерия»(«Күл») аурумен науқас түсті.



Тапсырмалар:

1. Зерттеу үшін қандай материал алу керек? Материалды алу техникасы.


39 жағдайлы есеп.

Нәжісті микробиологиялық зертеген кезде мына қасиеттері бар өсірінді бөлінді: орта мөлшердегі ретсіз орналасқан грамм теріс таяқшалары, қозғалады, спорларды жасамайды, оксидазо теріс. Эндо ортасында колониялары пайда болады: шамалы дөңес, түссіз, шеттері түзу.



Тапсырмалар:

1. Микроорганизмдердің тұқымына жататындығын анықтаңыз.

2. Ішек тұқымының бактерияларына алғашқы егу жасау үшін қандай орталарды пайдаланады?
40 жағдайлы есеп.

24 жасар науқас И. апта бойы жоғары дене қызуына 38-40°, қатты бас ауыруына шағым айтып түсті. Науқастың денесінде теріні соозған кезде жоқ болып кететін, көптеген розеолез-петехиальді бөртпе, педикулез анықталдыная. Болжамды диагноз: «Бөртпесүзегі» («Сыпной тиф»).



Тапсырмалар:

1. Бөртпесүзегінің негізгі лабораториялық диагностикасының әдісін айтыңыз.

2. Науқасты зерттеу үшін қандай зерттейтін материал алынады?
41 есеп
Орталықтандырылған сумен жабдықталған суды мембраналық сүзу арқылы зерттегенде Эндо орталағының сүзгішінде металдығ жарқылымен таңқурай отарлары өсті.
Тапсырма

1. Сіздің ары қарай іс әрекетіңіз?


42 есеп
Ішкі ортаның объектілерін зерттегенде келесі нәтижелер алынды: с/сорпа-лайлану, тұзды сорпа-лайлану және газ пайда болу.

Тапсырма

1. Сіздің ары қарай іс әрекетіңіз?


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет