1. Жалпы ережелер


Сақтандыру жағдайының басталуын және шығындар мөлшерін растайтын құжаттардың



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата18.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#489318
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
nschoice rules kaz

9. Сақтандыру жағдайының басталуын және шығындар мөлшерін растайтын құжаттардың 
тізбесі 
44. Сақтанушы (Сақтандырылушы/Пайда алушы) сақтандыру төлемін алу үшін осы Ережеде 
белгіленген тәртіппен және мерзімде Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру 
туралы өтінішті және сақтандыру жағдайының мән-жайларына, оның себептері мен зиян 
мөлшеріне қатысты құжаттарды (түпнұсқаларды, көшірмелерді немесе куәландырылған 
көшірмелерді) беруге тиіс. 
45. Сақтандыру төлемі туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 
1. Шарт көшірмесі; 
2. Сақтанушының, Сақтандырылушының және Пайда алушының жеке басын куәландыратын 
құжаттың көшірмесі; 


 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ 
СЕ - 42 
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру 
ережелері 
2020 ж.19.10. № 2 басылым 
18-беттен 11
2014 жылғы 25 тамыздағы №1 
басылымның орнына 
3. Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда Пайда алушының сақтандыру төлемін алуға 
құқығын растайтын құжаттар; 
4. травматикалық пункттен медициналық анықтаманы, пациенттің амбулаториялық және/немесе 
стационарлық картасынан үзінді көшірмені, шығарылған эпикриз, рентген суреттері
диагностикалық зертханалық-құралдық зерттеулердің нәтижелері немесе Сақтандырылушы 
тұлғаға көрсетілген медициналық көмекті растайтын және/немесе жарақаттың нақты 
сипаттамасы мен сипатын қамтитын, емдеу мекемесінің мөрімен расталған басқа да 
медициналық құжаттар. 
47. Сақтандырылушы жазатайым оқиға нәтижесінде уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда 
Сақтанушы (Сақтандырылушы/Пайда алушы) мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті: 
1. тиісті құзыретті органдардан сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиғаның болу фактісі мен 
себебін растайтын құжаттар (өрт сөндіру қызметтері, әкімшілік полиция және т.б.); 
2. Сақтандырылушы тұлға байқалған емдеу мекемесінің мөрімен расталған еңбекке 
жарамсыздық парағы (түпнұсқа); 
3. егер Шартта қосымша шығыстарды төлеу көзделсе, Сақтандырылушымен жазатайым 
оқиғаның басталуы салдарынан медициналық қызметтерді алуға арналған шығындардың 
мөлшерін растайтын құжаттар (шоттар, түбіртектер, өзге де растайтын құжаттар). 
4. травматикалық пункттен медициналық анықтаманы, пациенттің амбулаториялық және/немесе 
стационарлық картасынан үзінді көшірмені, шығарылған эпикриз, рентген суреттері, 
диагностикалық зертханалық-құралдық зерттеулердің нәтижелері немесе Сақтандырылушы 
тұлғаға көрсетілген медициналық көмекті растайтын және/немесе жарақаттың нақты 
сипаттамасы мен сипатын қамтитын, емдеу мекемесінің мөрімен расталған басқа да 
медициналық құжаттар. 
48. "Мүгедектікті" белгілеуге әкеп соққан Сақтандырылушының еңбекке қабілеттілігінен тұрақты 
айрылу басталған жағдайда Сақтанушы (Пайда алушы) мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті: 
1. мүгедектік туралы белгіленген үлгідегі анықтама (нотариалды куәландырылған көшірмесі); 
2. медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының көшірмесі; 
3. Сақтандырылушы тұлғаны медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберген медициналық 
мекеме берген ауру тарихынан/амбулаториялық картадан үзінді көшірме. 
49. Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда Сақтанушы (Пайда алушы) мыналарды ұсынуға 
міндетті: 
1. Сақтандырылушының қайтыс болу себебі туралы деректерді қамтитын заңнамалық немесе 
нормативтік актілерде көзделген құжаттың көшірмесі (сот-медициналық сараптаманың 
қорытындысы, қайтыс болу себептері туралы анықтама және т.б.); 
2. қайтыс болу туралы куәлік (нотариалды куәландырылған көшірмесі); 
3. жерлеуге жұмсалған шығындар мөлшерін растайтын құжаттар; 
4. Сақтандырылушының қайтыс болуы салдарынан келтірілген зиянды өтету құқығын 
куәландыратын құжат; 
5. патологиялық-анатомиялық зерттеу нәтижелері (егер мұндай жүргізілген жағдайда), егер 
патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргізілмеген жағдайда, туыстарының бас тарту туралы 
өтінішінің көшірмесі және қайтыс болу туралы куәлік берілетін патологиялық-анатомиялық 
бөлімшеден көшірме ұсынылады; 
6. қайтыс болғаннан кейінгі эпикриз. 
50. Егер сақтандыру жағдайы жол-көлік оқиғасы кезінде орын алған жағдайда, Сақтандырушы 
қосымша талап етуі мүмкін: 
1. полицияның әкімшілік материалының расталған көшірмесі (хаттама, схема, ЖКО 
қатысушыларының түсініктемелері және т.б.); 
2. жол-көлік оқиғасына қатысушыларды медициналық куәландыру көшірмесі; 
3. әкімшілік сот қаулысының куәландырылған көшірмесі (әкімшілік іс жүргізу кезінде); 
4. көлік құралын тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; 
5. жүргізуші куәлігінің көшірмесі; 


 «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ 
СЕ - 42 
Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру 
ережелері 
2020 ж.19.10. № 2 басылым 
18-беттен 12
2014 жылғы 25 тамыздағы №1 
басылымның орнына 
6. жол парағының/КҚ басқаруға сенімхаттың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін); 
51. Егер жазатайым оқиға өндірісте орын алған жағдайда: 
1. Н-1 немесе Н-2 нысандары бойынша өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт (егер сақтандыру 
жағдайы Сақтандырылушы өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін жүзеге асырған кезде орын 
алған жағдайда). 
52. Егер құқық қорғау органдары Сақтандырылушының денсаулығына зиян келтіру фактісі 
бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қараса, онда қылмыстық істі тоқтата тұру 
туралы қаулы не қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы не соттың үкімі (соттың мөрімен 
куәландырылған көшірме). 
53. Сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталуының себептері мен мән-жайларын анықтау 
мүмкін болмайтын басқа құжаттарды талап етуге құқылы. 
54. Сақтанушы, Сақтандырылушы тұлға немесе Пайда алушы болып табылатын өзге тұлға 
сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы мәселені қарау үшін қажетті барлық құжаттарды 
ұсынбаған жағдайда, Сақтандырушы өтініш берушіні жетіспейтін құжаттар туралы 
Сақтандыру шартында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет