1. Жалпы мәлімет



бет36/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Аффиксация тәсілі және агглютинация мен фузия құбылыстары. Аффиксация дегеніміздің өзі – сөз түбірі немесе сөз негезіне жалғанушы қосымшалардың морфологиялық көрсеткіші. Аффикстер сөзге лексикалық жаңа мағына да туғызады, грамматикалық мағыналарда үстемелейді. Аффикстер ішінде постфикстің бір түрі – флексиялардың (жалғаулардың) атқаратын рөлі айрықша. Сөз түбірі немесе сөз негізіне флексиялардың жалғану ерекшкліктеріне және олардың атқаратын қызметіне қарай, тіл-тілде екі түрлі құбылыс байқалады: оның бірі – агглютинация, екіншісі – фузия. Агглютинация – латын сөзі. Мағынасы – жалғану, қосылу, жапсырылу, желімдеу. Агглютинация дегеніміз – сөз түбіріне бір аффикстін соң екінші бір немесе бірнеше біркелкі тектес, бір ғана мағыналы аффикстің бірінен соң бірі тіркесіп жалғануы. Қазақ тілі – агглютинативті тіл. Мәселен, қамсыздандырылмағандықтық-тарыңыздан деген сөзді морфемаларына қарай бөлшектеп көрейік: қам – негізгі морфема; сөздің түбірі; сыз – сөз жасаушы (сөзден сөз тудырушы) аффикс; постфикс; сын есім жұрнағы; да – сын есімнен етістік жасап тұрған аффикс (жұрнақ); н - өздік етіс; сөз түрлендіруші жұрнақ; дыр – сөз түрлендіруші, өзгелік етіс жұрнағы; ыл – ырықсыз етіс жұрнағы; ма – болымсыздық мағыналы жұрнақ; ған – есімше жұрнағы; дык, тық – етістіктен зат есім туғызушы жұрнақтар; тар – көптік жалғау аффиксі; ыңыз – тәуелдік жалғауы; дан – флексия (шығыс септік). Агглютинацияның бір ерекшелігі – осылайша бір аффикстен соң екінші аффикстердің бірінен соң бірі тізбектесіп жалған беруі. Агглютинацияда бір категорияға тән аффикстер де бірінен соң бірі жалғана береді.
Фузия – агглютинацияға қарама-қарсы құбылыс. Фузия – латынның fusio сөзінен алынған термин. Мағынасы – құю, еріп, бірігіп кету (литье, сплавливание, слияние). Фузия дегеніміз морфемалардың жымдаса бірігіп, қосылып кетуі. Соның нәтижесінде морфемалардың дыбыстық құрамы айтарлықтай өзгеріске түседі; морфемалардың ара-жігі ажыратылмастай дәрежеге жетеді; фузия морфемалар жігін мүлдем көмескілендіріп жібереді. Орыс тілі фузиялы құбылысты, флективті тіл. Орыс тілінде фузия мынандай қолданыстардан айқын байқалады: 1.Сөз приставкасы (префикс) мен түбірі жымдасып, өріліп-тоқылып қалғандай болады; ондайда бір дыбыстың өзі приставкаға да, түбірге де ортақ болып қолданылады. Мәселен, приду, разевать дегенде, әр сөз екі-екі морфемадан құралған: при-иду; раз-зевать. 2.Мұның алғақысындағы -и, соңғы сөздегі -з дыбыстары приставкаға да, сөз түбіріне де қатысты; бірақ екі и, екі з бір ғана дыбыс ретінде бірігіп, кірігіп, жымдасып, екі дыбыс екендігін танытпастай дәрежеге жеткен. 3.Сөз түбірінің соңғы дыбысы өзіне жалғанған жұрнақтың бірінші дыбысымен біркелкі болып келсе, сол бірдей екі дыбыс бір-бірімен жымдасып кетеді. Мәселен, расти (раст-ти) дегенде, біркелкі екі т бір-бірімен жымдаса бірігіп, алғашқы біркелкі екі дыбыс екенін танытпай кетеді. 4.Фузиялы тілде бір жұрнақтың бір өзі екі бірдей қызмет атқарып тұратында болады. Мәселен, Свердловский (ауданы) дегенде, ск – әрі сөз негізі құрамына кіреді, әрі қатыстық сын есім көрсеткіші. 5.Біркелкі екі буын қатарласып келгенде, біреуінің түсіп қалуы да фузия құбылысына жатады: дикобраз (дик-о-образ), знаменосец (знамен-о-носец), минералогия (минерал-о-логия) т. б. Фонетика саласында мұндай құбылысты гаплология деп атайды. Агглютинация мен фузия құбылыстырының басты айырмашылықтары жайлы (флективті тілдерде аффикс сөз түбірі мен негізіне кірігіп, жымдасып келсе, ал агглютинативті тілдерде сөз түбірі мен аффикстердің ара-жігі ап-айқын болады; флективті тілдерде флексия көп мағыналы болып келсе, агглютинативті тілдерде флексия бір мағыналы болып келеді; агглютинативті тілдерде (флексия) сингармонизм заңына ғана байланысты болып келсе, флективті тілдерде сингармонизм құбылысы жоқ; флективті тілдерде септеулердің жекеше, көпше түрі жалғаулары да бір-біріне сай келмейді, агглютинативті тілдерде септік, көптік т. б. жалғаулар (флексиялар) жекеше түрінде де, көпше түрінде де бірдей; агглютинативті тілдерде бірінен соң бірі қабаттаса қолданылған аффикстердің орналасу тәртібінің қатаң заңдылығы бар, ал флективті тілдерде аффиксациясы жүйесінде бір түрлі постфикстер сөздің әр жерінде келе береді: агглютинативті тілдерде сөз түбірі өзгермейді, флективті тілдерде сөз түбірі өзгереді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет