1. Жалпы мәлімет



бет44/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Флективтік тілдер (лат.флехіоиілу, бүгілу) орыс.флективные языки — морфология кұрылысы бойынша топтастырылған дүниежүзілік тілдердін бір тобы. Оларға тән негізгі ерекшеліктер: ішкі флексияның болуы, дыбыстық заңдылыққа сай дауысты және дауыссыздардың алмасып келуі. Бұлар арқылы бір сөздің әр түрлі формалары немесе түбірі бір әр түрлі сөздер жасалады. Мысалы: орыс. ломит, разламывает (о —а алмасуы); сон __ ілік септікте сна (о дыбысынын жоғалуы); араб т. кагаба (ол жазды) — кұтіба(жазылды). Бұл сияқты өзгерістер тілдердің жалғамалы тілдерден ерекшелігін айқын керсетеді. Флективтік тілдерге семит тілдері (араб, көне еврей, сомали т. б.) және үндіеуропалык тілдер (орыс, неміс тб.) жатады. Флективтік тілдер — әлем тілдерінің типологиялық белгілеріне қарай топтасуының бір түрі. Флективті тілдерге үндіеуропа, семит- хамит тілдері жатады. Ф.Шлегель түбірдің болу, болмауына орай тілдерді флективті және аффиксациялы деп екіге бөлген. Ал А.Шлейхер тілдерді 3 топқа бөліп зерттеп, флективті тілдердің екі типін (синтетик., аналитик.) көрсетеді. Синтетик тип іштей екіге ажыратылады: 1) Ра — түбірлердің таза ішкі флексияға жататыны семит тілдері; 2) аРа — ішкі және сыртқы флексияның болуы, үндіеуропа және ежелгі тілдер жатқызылады. Аналитик типке роман тобындағы тілдер мен ағылшын тілі жатады. Бұл тілдердің негізгі ерекшелігі — түбір флективтілігі мен жалғамалылық, көмекші сөздердің қосылуы. Америка ғалымы Э.Сепир тілдердің типологиясы туралы негізгі граммат. түсініктерді 4 топқа бөлген: 1) негіз туралы түсінік; 2) деривациялық; 3) нақтылы-реляциялық; 4) таза реляциялық түсінік. Флективті тілдердің өзіне тән белгілері сөз мағыналарының, тұлғаларының өзгеруі ішкі және сыртқы флексиялар арқылы жүзеге асады; бір аффикс бірнеше граммат. мағынада әр түрлі қызмет атқарады; бір граммат. мағына әр түрлі тұлғалармен беріледі; аффикстер (префикс, инфикс, суффикс) сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында қолданылады.
Аналитикалық тілдер — сөйлем құрамындаѓы сөздер бірімен бірі өзара шылаулардың көмегімен немесе сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы байланысатын тілдер тобы. Дүниедегі тілдер екі жікке бөлінеді: бірі — синтетикалық тілдер, екіншісі — аналитикалық тілдер. А. т. тобына ағылшын, француз, дат, болғар, парсы т.б. тілдер жатады. Дүниедегі тілдер грамматикалық құрылымы жағынан осылайша екі топқа бөлінгенімен, таза аналитик. және таза синтетик. тілдер кездеспейді. Мыс., синтетик. тілдер тобына жататын қазақ тілінің грамматикалық құрылымында А.т-дің нышаны мол кездеседі. Қазақ тіліндегі сөздердің ешбір жалғаудың көмегінсіз, сөйлем құрамындаѓы орын ыңғайына қарай байланыса алатыны — соның айғағы. Мұндай құбылыс алтын сағат, күміс қасық, азу тіс деген тіркестердегі анықтауыш сөз бен анықталушы сөздің, ақырын жүр, тез кет деген тіркестердегі пысықтауыш пен баяндауыштың өзара ешбір қосымшасыз байланысуынан анық көрінеді. Аналитикалық тілдер — сөздердін грамматикалық мағыналары синтетикалық тілдердегідей сөз формалары арқылы емес, атауыш сөздердін орын тәртібі, оларға тіркескен көмекші сөздер, интонация арқылы берілетін тілдер. Мысалы: ағылшын, француз, итальян,т.б. тілдер. Тілдерді топтастырудың морфологиялық принципімен қатар синтаксистік принципінің қалыптасуы, яғни тілдерді топтастыруда сөздердің тіркесімділігіне сүйену Аналитикалық тілдерді анықтауда маңызды рөл атқарады. Ф.Шлегель. А. Шлейхер. В. Гумбольдт. Дж. Х. Гринберг. Э. Сепир т.б. енбектерінде бұл салаға көп көніл белінген. Аналитикалық тілдерге жатқызылып жүрген тілдерге синтетикалық тәсілдер де жат емес. Мысалы, түркі. (қазақ) тілдерінде сөзтіркесім тәсілімен жасалған сөз формалары мол кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет