1. Жалпы мәлімет



бет69/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Интонация – фразаға байланысты құбылыс. Интонация – латынның intonare – қатты айту, қаттырақ дауыс тап айту деген мағыналы сөзінен алынған термин. Интонация – сөйлеудің ритмикалық-мелодиялық жағына қатысты құбылыс; сөйлемде синтаксистік мағына білдіруші және сөйлемге эмоционалды-экспрессивті рең беруші құралдардың бірі. Интонация сөйлеудің мелодикасына, ритміне, шапшаңдығы мен сөздігіне, темпі мен тембріне, фразалық және логикалық екпінге байланысты болып келеді. Интонация – сөйлемнің басты белгілерінің және сөйлемге тән ерекшеліктердің бірі, сөйлемді қалыптастырушы, былайша айтқанда, сөйлемді сөйлем етіп құрастырушы құралдардың бірі. Интонация түрлі-түрлі болады: хабарлау, сұрау, бұйыру, санамалау, салғастыру, түсіндіру, шақыру, қыстырмалау т.б. интонациялар болады. Интонация (лат.іntono) – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс: Мелодия, Ритм, Темп, Қарқындылық, Тембр
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалық амалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі. Интонация сұлбасы (фр. contour кескін, сұлба) — интонацияның деңгейі, қалпы. Сөйлеу интонациясының құрамы күрделі, оған әуен, ырғақ, қарқын, логикалык екпін т.б. кіреді.
Буынға тән негізгі белгілер: 1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс. 2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат (түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік жалғау. 3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі. 4. қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары екі дауыссыздан басталмайды. 5. тіліміздің байырғы сөздерінің соңында еліктеуіш сөздерден басқа екіден артық дауыссыз дыбыс келмейді. Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді: Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы: спорт, пункт, спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе фонема. Буынның түрлері Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. Жеке дауыстыдан болған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға бітетін буын ашық буын деп аталады. М-ы: а-ға, ба-ла... Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын тұйық буын деп аталады. М-ы: ат, ақ, ін...Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буын бітеу буын деп аталады. М-ы: жоқ, зор, бұлт.. Сөз құрамындағы буындардың барлығы бірдей айтылмай,біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады.Мұндай қасиетке екпін түскен буын ие болады.Осыған орай бұл буын екпінді буын деп аталады. 1.Буынның біруі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы лебізді немесе динамикалық екпін деп аталады.Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны буынның күшімен байланысты болады.(славян,герман,түркі т.б.тілдерге тән) 2.Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді.Екпінің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады (қытай,корей,жапон,литва). 3.Квантитативті екпін (количество). Басқа буынның ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады.
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай; күн-делікті, күнде-лікті, күнделік-ті, т.б. Санаулы сөздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады. Мысалы, ау-ыл, бу-ын, қи-ыр, жи-ын, т.б.
Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т.б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т.б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А.Құнанбаев, М.Әуезов, С.Торайғыров, Г.Дулатова, т.б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз, 70 км, 52 кг, 120 г, т.б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет