1. Жалпы мәлімет



бет88/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

Синтетикалық тілдер орыс. синтетические языки — грамматикалық мағыналары сөздің өз ішінде, яғни сөз арқылы берілетін тілдер. Оңда аффикстік тәсіл мен ішкі флекция ең басты грамматикалық тәсілдер болып табылады. Бірақ аналитикалық құрылысқа тән элементтер де (көмекші сөздер, сөздің орын тәртібі, дауыс ырғағы) орын алады. Синтетикалық құрылыс грек, латын, санскрит, ескі славян сияқты көне еуропалық тілдерге және осы күнгі Литва, неміс, славян тілдерінің көпшілігіне тән. Кейбір ғалымдар оған жалғамалы (түркі) тілдерді де жатқызады.
Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі — тіл білімінің шығу тегі бір тілдерді зерттейтін саласы. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі салыстырмалы-тарихи тәсіл негізінде туыс тілдердің дамуын, салыстырмалы-тарихи грамматика және этимол. сөздіктерді қарастырады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі синхрондық нормативті жүйеде жалпы тіл біліміне қарсы қойылады. Барлық табиғи өзгерістерден тарихи заңдылықтарды іздеу бұл кезеңде елеулі орын алады. Түркі тіл білімінде салыстырмалы-тарихи тәсіл қолданысы М.Қашқаридың “Диуани лұғат-ат-түрк” еңбегінен басталған. Ескерткіште түркі тілдері мен диалектілері жинақталып, тілдердің лексикасы, фонетикасы, грамматикасы салыстырмалы түрде берілген, алғаш тілдік карта жасалған. Салыстырмалы-тарихи әдісті түркі тілдеріне қолдану нәтижесінде түркі тілдерінің фонетикалық жүйесін жинақтап, талдап қорытқан үш еңбекті айырықша атауға болады. Бұларға – В.В.Радлов, А.Дж. Эмре және М. Рясянен зерттеулері жатады.
Тілдер туыстығы туралы мәселе – лингвистикада өзекті мәселелердің бірі. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің қалыптасуына тіл туыстығы деген ұғымды анықтаудың тікелей қатысы бар. Тарихқа көз жүгіртсек, тіл туыстығы туралы ұғым ең алғаш рет Қайта өрлеу дәуірінен басталады. Мәселен, 1583 жылы француз гуманисі Гв. Постелл «Еврей тілі мен тайпасының ежелгілігі немесе шығуы жайы және тілдер туыстығы» атты еңбегін бастырып, тілдерді топтастыру туралы өз ойларын ортаға салды. 1583-1588 жылдар аралығында Индияда тұрған итальян жиһангезі Ф. Сассети «қасиетті брамин тіліне» (яғни санскритке) назар аударады. «Индиядан хаттарында» Сассети үнді тілінің еуропа тілдерімен жақындығы бар екен деген қортындыға келіп, кейбір тілден кейбір сөздерді мысалға келтіреді. Мәселен, санскритше - два, итальянша – дуе, санскритше - три, итальянша – тре, санскритше – сарпа, итальянша – серпе (жылан) т.б. 1599 жылы Голландия философы И .Ю. Скалигер «Еуропалықтардың тілі жөнінде қысқаша ойлар» атты кішкентай еңбегін жазып шығарады. Оның бұл кітапшасы өзі қайтыс болғаннан кейін, 1610 жылы, Францияда басылып шығады. Мұнда Скалигер Европа тілдерін негізгі 11 топқа бөліп қарастыруды ұсынады: «ата тілге» (язык матери - проязык). Оларды былайша атайды: 1. грек – ата тілі, 2. латын – ата тілі, 3. герман – ата тілі, 4. славян – ата тілі (чех, словен, сервиялықтар), 5. ефротия яғни албан тілі, 6. татар(түркі тілдері), 7. венгер, яғни мадьяр тілдері, 8. фин, 9. ирланд, 10. бретон тілі. Бірақ, Скалигерше, бұл топ тілдері арасында ешқандай туыстық қатынас жоқ. Қате пікір. Өйткені, Скалингерден 50 шақты жыл бұрын, Сассети біраз еуропа тілінің Санскритпен ортақ екендігін дәлелдеген болатын. Сол сияқты (1615 жылы, литван ғалымы Михалло Литуан; 1666 жылы негізі Хорватиядан шығып кейін көп уақыт, Ресейде өмір сүрген Ю. Крыжанич; 1700 жылдардың аяқ кезінде тілдер классификациясын жаңаша қарастырған ғалымдардың бірі – атақты философ Лейбниц; 1749 ж. армян ағартушысы Мхитар Себастаци; неміс филологы Ф. Рунг; 1755 ж. орыс ғалымы Михаил Василевич Ломоносов; испандық миссионер Л. Эрварс-и-Пандуро; И. Добровский(1792ж.); ағылшын шығыстанушысы Уилиям Джоунз (1786); австрия ғалымы Паулино Вездин(1798);. дания ғалымы Расмус Раск; 18 ғ-дың 1-жартысында швед ғалымы Ф.И. Страленберг; голланд ғалымы Л.Тен-Кате; В.Джонз; Ф.Бопп; Я.Гримм; А.Х. Востоков; Ф.Диц, Ф.Миглошич, А.А. Потебня, Г.Пауль, К.Бругман, Б.Дельбрюк, Бодуэн де Куртенэ, Ф. де Соссюр, И.К. Аделунг, Ф.Ф. Шлегель, Гумбольдт, А.Мейе, А.А. Шахматов, В. Виноградов, М.Томанов, Ә.Құрышжанұлы, Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Б.Сағындықұлы, Е.Қажыбеков, М.Оразов, Ә.Нұрмаханова т.б.) ғалымдар еңбектері жайлы мәлімет негіздері.
Тілдердің генеалогиялық классификациясы салыстырмалы-тарихи деректері мен жетістіктеріне сүйене отырып, дүние жүзіндегі тілдерді олардың шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстастығына қарай әр түрлі тілдік семьяға, топтарға бөліп топтастырады. Туыстас тілдердің топтарына қатысты «семья» деген термин биологиялық (антропологиялық) ұғымды білдірмейді. Семья деген термин тілге қатысты қолданылғанда, шығу тегі бір, біртектес тілдердің бірнеше топтарының жиынтығы дегенді білдіреді. Түркі тілдері өзара туыстас тілдер дегеннен, олардың жалпы түркілік бір негізден – латын тілінен шыққан. Тіл – биологиялық құбылыс емес, қоғамдық-тарихи құбылыс. Шығу тегі жағынан жақын тілдерді туыстас тілдер деп атайды. Туыстас тілдердің дыбыстық жүйесінде, лексикасында, грамматикалық құрылысында – қысқасы, тұтастай тілдік құрылымы мен жүйесінде ортақ жайлар көп болады. Мәселен, қазақ, қырғыз, татар, башқұрт т.б. – туыстас тілдер. Сондықтан қазақша – тау, қырғызша – тоо, түркіменше, әзербайжанша – тағ, дағ; қазақша – бидай татар, башқұртша – бұғдай, бойзай; қазақша, қырғызша – барамын, өзбекше – барың, келің, алың т.б. – туыстас тілдерді фонетикалық ортақтығының бір белгісі ғана. Туыстас тілдердің бір-бірімен арақатысы бірдей болмайды. Туыстас тілдердің ішінде грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздің қоры және фонетикалық жүйесі жағынан бір-біріне өте жақын, ортақ белгілері көп тілдер де, керісінше, айырым жақтары молырақ, демек ортақ белгілер азырақ тілдер де болады. Генеалогиялық классификация бойынша дүние жүзіндегі тілдер тіл білімінде былайша топтастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет