1. Жалпы мәлімет



бет89/118
Дата04.09.2022
өлшемі3.28 Mb.
#460215
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   118
Тіл біліміне кіріспе-кешен

І.Үндіеуропа тілдерiЕуразиядағы ең ірі тіл шоғырының бірі. Үндіеуропа тілдері тарихи кезеңдерге байланысты Еуропаға, Иран мен Үндістанға, Алдыңғы Азия мен Орталық Азияға, Кавказға, кейін Оңтүстік пен Солтүстік Америкаға, Сібірге, Австралия мен Африканың кейбір бөліктеріне тараған. Үндіеуропа тілдерін жақындастыратын негізгі белгілері басқа тілдермен салыстырып қарайтын тарихи әдіс арқылы анықталады. Мұның өзі тілдің жеке бөліктерін құрайтын әр деңгейдегі формальды элементтерінің жүйелі түрдегі сәйкестігін көрсетеді. Үндіеуропа тілдерінің ұқсастығы тіл шоғырының әуел баста баба тілден бастау алғанын, сондай-ақ басқа тілдердің даму барысында өзара жақындасып, типология құрылымда ортақ белгілерінің қалыптасуынан пайда болған деген жорамалға негізделген. Кейбір еңбектерде барлық тіл бір кезде біртұтас ностра тілдері шоғырына біріккен деген болжам да бар.
Үндіеуропа тілдерінің құрамына туыстас тілдердің төмендегі топтары мен жеке тілдер енеді: 1. Индия тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: бенгали тілі (Индия мен Пакистанда), маратхи тілі (Индияда), пенджаби тілі (Индия мен Пакистанда), лахнда тілі (Индияда), синдхи тілі (Индия мен Пакистанда), сингаль тілі (Цейлонда), непали тілі (Непал мен Индияда), бихари тілі (Индия мен Непалда), ория тілі (Индияда), ассам тілі (Индияда), кашмир тілі (Индияда), цыған тілі. Кейде хиндустани деп аталатын әдеби тілдің екі түрі бар: оның бірі – урду (Пакистанның мемлекет тілі, жазуы араб алфавитіне негізделген), екіншісі – хинди (Индияның, мемлекет тілі). Индия тобына санскрит, пали, пракрит деп аталатын өлі тілдер де енеді.
2. Иран тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: фарсы тілі (Иранның мемлекет тілі, жазуы араб алфавитіне негізделген), пушту тілі (Ауғанстанның мемлекет тілі), балучи тілі (Пакистан, Ауғанстан, Индия мен Иранда және Түркменияның кейбір аудандарында), тәжік тілі (Тәжікстанда, Өзбекстанда, Ауғанстанда), курд тілі (Туркияда, Иранда, Иракта, Сирияда, Армения, Азербайжан, Грузия және Туркменияның кейбір аудандарында), осетин тілі (Солтүстік Осетин АССР-інде, Оңтүстік Осетин автономиялы облысында), тат тілі (Иранда, Азербайжан мен Дағыстанда) , талыш тілі (Азәрбайжанда, Иранда) , ягноб тілі (Тәжікістанда), Памир тілдері (шугнан, рушан, бартанг, сарыколь, язгулем, ишкам, вохан тілдері). Бұл тілдерде саны жағынан өте шагын этникалық топтар сөйлеседі. Этникалық бұл топтардың тілдері шугнан-раушан тілдерінің топтары деп те аталады (СССР, Ауғанстан және Қытайда). Иран тобына қолданылудан қалған, тек жазба ескерткіштер арқылы танылатын мынадай өлі тілдер енеді: ежелгі фарсы тілі, авести тілі, миди тілі, скиф тілі, алан тілі, парфян тілі, согди тілі, хорезм тілі, бактри тілі.
3. Славян тобы. Тілдердің славиян тобы өз ішінде кіші үш топқа бөлінеді: а) шығыс славян тобына енетін тілдер: орыс тілі (РСФСР-де және СССР-дің басқа республикаларында, Полша, Чехословакия, Румыния, Венгрия, Югославия, Амирика Құрама Штаттары және Канадада), белорус тілі (Белоруссияда және СССР-дің басқа республикаларында, Полшада); ә) оңтүстік славян тобына енетін тілдер: болгар тілі (Болгарияда, Югославияда және СССР-ді), македон тілі (Югославияда), сербохарбат тілі (Югославияда; сербтердің жазуы орыс алфавитіне, хорбаттардың жазуы латын алфавитіне негізделген), словен (немесе словин) тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Югославияда, АҚШ-та); бұл топқа көне славиян тілі де (өлі тіл) енеді; б) батыс славиян тобына енетін тілдер: чех тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Чехословакияда, АҚШ-да); словак тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Чехословакияда, АҚШ-да), поляк тілі (жазылуы латын алфавитіне негізделген; Польшада, Францияда, АҚШ-та, Канадада, СССР-де), кашуб тілі (Польшада), серболужиц тілі (ГДР-де); бұл топқа енетін өлі тілдер: полаб тілі мен помор диалектілері
4. Балтық тобы. Бұл топқа енетін тілдер: литва тілі (Литвада, АҚШ-да), латыш тілі (Латвияда), прус тілі (өлі тіл).
5. Герман тобы. Тілдердің герман тобы өз ішінде кіші үш топқа бөлінеді: а) солтүстік герман (скандинав) тобына енетін тілдер: дат тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Данияда, АҚШ-да), швед тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Шведция, Финляндия және АҚШ-да), норвеж тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Норвегия, АҚШ-ды және Канадада), исланд тілі (жазылуы латын алфавитіне негізделген; Исландияда), феррер тілі (Атлант мұхитындағы Феррер аралдарында); ә)батыс герман тобына енетін тілдер: ағылшын тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Великобритания, АҚШ-та, Канада, Оңтүстік Африка Одағы, Оңтүстік Родезия, Австралияда және т.б.) – халық аралық тілдердің бірі, голланд тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Голландия, Канада, АҚШ-та), неміс тілі (ГДР, Батыс Берлин, ФРГ, Румыния, АҚШ-да, Канада, Браазилия және СССР-де), идиш (жаңа еврей) тілі; б) шығыс герман тобына енетін өлі тілдер: вестгот тілі, остгот тілі.
6. Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Францияда, Алжир және АҚШ-да), прованьсал тілі (оңтүстік-шығыс Франциядағы (Прованс) аз ұлттардың тілі), итальян тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Италия, Франция, Швейцария, АҚШ-да, Аргентина, Канада, Африка, Австралияда), испан тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Испания, Франция, Аргентинада және т. б.), каталан тілі (Испания, Францияда және т.б.), португаль тілі (Португалия, АҚШ- да, Бразилияда және т. б.), румын тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Румынияда, АҚШ-да, СССР-де), молдаван тілі (жазуы орыс алфавитіне негізделген; Молдавияда), аромун тілі (Югославияда, Греция, Албанияда), рето-роман тілі ( Швейцарияда), латын тілі (өлі тіл).
7. Кельт тобы. Тілдердің бұл тобы өз ішінде кіші үш топқа бөлінеді: а) гаэль тобына енетін тілдер: ирланд тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Ирландия, Великобритания, АҚШ-да, Канадада), шотланд тілі (Великобритания, АҚШ-да, Канадада); ә) бритт тобымен енетін тілдер: бретон тілі (Францияда), уэлсь тілі (Великобританияда); б) галль тобына галлль деп аталатын өлі тіл енеді.
8. Грек тобына жаңа грек тілі (ХІІ басталады; Греция, Кипр, Түркия, СССР, АҚШ-да), көне грек тілі (өлі тіл) мен византи тілі (өлі тіл) енеді.
9. Албан тобына албан тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Албания, Югославияда).
10. Армиян тобына армиян тілі (Арменияда, Сирия, мен Иранда) енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   118




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет