2.Синдром поражения плевры. Плевраның қабынуы дегеніміз плевра беттеріне фибрин талшықтарынң шоғырлануымен, нем. плевра қуысында қабыну сұйығының жиналуымен сипатталатын ауру. Ауру жылқылар мен шошқаларда жиі кездеседі. Себептері бойынша басалқы және қосалқы, барысына қарай жіті және созылмалы, орналасуына байланысты шектелген және кіріккен, қабыну процесінің сипаты жөнінде құрғақ және эксудатты болып жіктеледі. Жалпы белгілері ретінде: жабығу, әлсіреу, азыққа зауқының жоқтығын, дене қызуының бірде көтеріліп, бірде төмендеп тұруын келтіруге болады. Ауру мал құрсақ қуысы арқылы басымырақ дем алады, ентікпенің аралас түрі байқалады. Құрғақ плевритте малда жөтел п.б, сипалағанда ауырсынғандық , тыңдағанда дем алыс қимылдарымен сәйкес келетін үйкеліс шуылы естіледі. Эксудатты плевритте үстіңгі шекарасы түзу сызыққа сәйкес күңгірттенген ошақ анықталады. Ол сызық дене қалпының кеңістікиегі өзгеруіне байланысты болмайды. Тыңдаған кезде кеуденің зақымдаған жағында тыныс, жүрек дыбыстары бәсең естіледі. Жылқыларда бұзауларда соңғы артқы жағында сызықша п.б. Ол дем алудың қиындағандығының белгісі.
3.Индиканурия. Диагностическое значение. Бүйректің қабынуы- бұйректердің қан тамырларының қатты қабынуының салдарынан жарақаттанып, бұйрек қызметінің жеткіліксіздігін тудыратын созылмалы процесс. Бүйрек шумақтарынығ ұзақ уақыт қабынуы оларда жүретін сүзілу және секрет бөлу процестерін нашарлатады. Қанда мочевина, зәр қышқылдары, креатин, кенет азот қалдықтары көбейеді. Қанда жиналған улы заттар ішкі бездер мен ас қорту жұйесі арқылы бөлінеді. Олар асқазан мен ішек кілегей қабықтарын тітіркендіріп, қабындырады оларда индол, индикан, скатол, тб. Улы заттар шоғырлануына себеп болады. Ауру кейде асқанып, кейде клин.қ белгісіз өтеді. Несеп тығыз, мөлшері аз, құрамында белок, цилиндр, қан. Несепте индикна аз, керісінше ол қанның сары суында көп. Сол сбепті қанның азюяның гипохромды түрі, эритроциттер мен гемоглобин аз, нейтрофильді лейкоцитоз солға ығысқан. Егер бүйрек бүрісе бастаса, малдың толық жазылуы мүмкін емес.
№23
1.Беткейлі және терең сезімталдықты тексеру (тексеру нәтижесін бағалау). Беткейлі рефлекстер:Шоқтық рефлекс.Құрсақ рефлексі (алдыңғы, ортаңғы, артқы).Құйрық рефлексі.Аналь тесігінің рефлексі.Тұяқтың рефлексі.Кремастер рефлексі (еркек жануарларда).Кілегей қабаттарының рефлекстері. 1. Кеңіредектің алдыңғы сақиналарын басқанда пайда болатын жөтелу рефлекс 2.Мұрынның кілегей қабатын тітіркендіргенде болатын түшкіру рефлексі.3.Корнеалдық рефлекс-көздің мүйізді қабатына жұмсақ затпен тигізгенде байқалады.Тереңдік рефлекстер:1.Тізе рефлексі - тізе ұршығының тік байланысынан балғашықпен ақырын соққы жасағанда байқалады 2. Ахиллов рефлексі – ахиллов сіңірінен балғашықпен ақырын ұрғанда болады. Қимыл жүйесін тексеру 1.Көру, сипалау арқылы дененің, аяқтарының және бұлшық ет топтарының бұлшық еттерінің напряжениесін анықтау. Гипотония мен гипертонияның бар, жоқтығына назар аудару керек. 2.Көру арқылы жануардың жүрісіне, жүру кезінде қатысатын бұлшық еттер мен мүшелерге назар аудару қажет.Статситикалық және динамикалық атаксияның бар-жоқтығына назар аудару.3.Жүректің артқы шекарасы, бауыр, қабырға асты және омыртқа жотасы аймағын нұқу арқылы бұлшық еттердің жоғары қозғалғыштығын анықтау. Ол кезде ауырсыну, тынышсыздану,ыңырсу байқалады. 4. Көру арқылы жануарда салдануының, гиперкинез, тремор, тик, мүшелердің тартылуының бар-жоқтығына назар аударады.
2.Бронх қабынуының синдромы. Бронхылардың қабынуы- бронх қабықтарының қабынуы болып табылады. Жас төлдер, әлсіреген кәрі малдар жиі ауырады. Ауру мал жабырғаңқы, азыққа тәбеті нашар, дене қызуы көтеріңкі, не жоғарғы деңгейде, жүрек соғысы жиілеген, бастапқы кезде құрғақ, артынан ылғалды жөтел, қатаң естілетін везикулярлы дыбыс. Тыңдағанда майда, не ірі көпіршіктенген дымқыл сырыл естіледі, аурудың сипатына қарай танаудан әртүрлі ақпа ағады. Мұндай өзгерістер ірі бронхылар қабынғанда да байқалады, қолайлы өткен жағдайда ауру мал жазылып кетуі де мүмкін. Ал майда бронхылардың қабынулары ауырырақ өтеді. Онда малдың жағдайы күрт нашарлайды, дене қызуы көтеріледі. Булықпа құрғақ жөтел, әсіресе малдың демалысынан кейін байқалады. Кілегей қабықтары, кейде терілері көгерген, дем алу қиындап, дем шығару ентікпесі п.б.
3.Рентгендік түтік және рентгендік сәуленің түзілу механизмі. Сәуленің көп мөлшерде өтіуін анықтаудың бірнеше тәсілдері бар: ауадағы мөлшер, тері, интегральді доза, гонаданы сәулелендіру дозасы, қан айналу мүшелерге зерттеу. Кезінде гонадалық мөлшер, аяқ саусақтарын зерттегенде тері мөлшері әсер еткен. Дозаны өсіру физико – техникалық параметрімен анықталады, ол үшін жұмыс атқарушы адамның квалификациясы қажет.Пациенттің сәулені қабылдауы рентгеноскопия және рентгенография кезінде рентгендік түтікшедегі тоқтың кернеуіне, сәулелендіру фильтрациясына, кернеудің қосылу уақытына түтікшіден зерттелетін объектінің қашық тұруы, экран және рентгендік пленка сапасына байланысты.Бейненің сапасы түтіктегі тоқ кернеуінің жоғарылауына байланысты, бұл экспозицияның төмендеуі кезіндегі бөлшектер санын жоғарылатса сәулелендіру кезеңін төмендетеді.Түтіктегі ток кернеуі 100 – 120 кВ(мах) рентгенография кезінде 60 – 80 кВ- ң орнына қолданылса, онда пациенттің сәулелену мөлшері 30 – 45% -ке төмендейді.
№24
1. Физикалық факторлардың организмге әсері.
Физикалық факторлар мал организміне терінің және кілегей қабықтың рецепторлары арқылы әсер етеді.// қандай физикалық факторларды алмасаңдарда оларда белгілі бір энергияның қоры болады. ол энергия мал оргнаизміне беріледі; энергия организмге сіңірілгенде тітіркену пайда болып рефлекс құбылысы іске қосылады. Теріге әсері. Тері астына жиналған сары сулардың (эксудат, трансудат) ж/е ісіктің таралуына үлкен әсер етеді. Жүрек-қан тамырларына әсер етеді: суықты жүрек тұсына қолданғанда жүректің соғуы сиреп, күші ұлғаяды; ал жылулық керісінше әсер етеді; Б/еттерге әсері: аз уақыт әсер еткенде қоздырады, көбірек әсер еткенде әлсірейді. Невралгиялық шаншуларда ыстық пен суықтың осы әсері пайдаланылады. Қанның құрамына әсері: қан эл-рі мен гемоглобин көбейеді, жылулықтың әсерінен А.Д-лер жақсы түзіледі де, ал суық оны әлсіретеді. Тыныс жолына әсері: суықтық аз уақыт әсер еткенде дем алу ұзаралы, дем шығару толығырақ болады.жылулықпен ұзақ уақыт әсер еткенде дем алыс үстіртін ж/е жылдам болады. Зат алмасуына әсері: суық қалыпты жағдайды әсер еткенде организмде хим-қ энергия түзілу процесі жылдамдайды, ал жылулық әлсіретеді. Газ алмасуы жақсарады. Тер шығару мен зәр шығаруға әсері: тер су ваннасында 40С-та, су буында одан да жоғарырақта, жарықта 50-60С-та, құрғақ ауала 60-70С-та жақсы шығады. Бұдан жоғары температурада тер шығу азаяды. Ыстық пен суықтың әсерінен зәр шығару уақытша молаяды.
2.Жүрек қан-тамырлары жүйесінің ауруларына жалпы сипаттама. Жүрек-қан тамырларының қандай аурулары болмасын ол жүйенің қызметтерінің жеткіліксіздігін тудырады. Оны екі топқа бөлуге болады: 1.Жүректің өз қызметтерінің жеткіліксіздігі; 2. Қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздіктері. Ал өз кезегінде жүректің өз қызметтерінің жеткіліксіздігі: сол жақ қарыншақтың жет-сіздігі; оң жақ қарыншақтың жет/гі; аралас жет-тер болып жіктеледі. Жүрек қан тамырлары қызметінің жеткіліксіздігі дегеніміз –ол жүрек пен қан тамыр аппаратттарының патологиялық жағдайда ағзалар мен тіндерді қанмен толық толық қамтамасыз ете алмауы. Негізгі себебі жүрек етінің жиырылғыштық функиясының әлсіреуі. Жүрек қан тамырлары қызметтерінің жеткіліксіздігінің бастапқы белгілері: демікпе; орталық және шеткі аймақтардың көгеруі; Тахикардия; ісіктер.
Жүрек қан тамырларының жеткілііссіздіктерінід үш сатысын анықтауға болады:
1. Жеткіліксіздіктің бастапқы белгілері қалыпты жағдайда тыныш тұрған малда жоқ - білінбейді.
2. Ондай белгілері малға жеңіл түрде күш түсіргенде біліне бастайды.
З. Үшінші сатысында жеткіліксіздікгің бастапқы белгілері калыпты жағдайда тыныш тұрған малда байқалады.
Жеткіліксіздіктің үшінші сатысында емдеудің нәтижесі жоқ, ондай ауру малды уақытында шығысқа шығару керек.
Жүрек-қан тамырлары ауруларьшың негізгі белгілерін төмендегідей синдромдарға топтастыруға болады:
1.Қан айналысының жеткіпіксіздіктері.
2.Аритмиялар - қан тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздіктері.
3. Жүрек шуылдары.
Қан айналысының жеткіліксіздікгері түбінде жүрек пен қан тамырларының қызметтерінің жеткіліксіздіктеріне апарып соғады да, жоғарыда келітірлген өзгерістермен сипатталады.
Қан тамырларының кызметтерінің жеткіліксіздіктері көбінесе тамырлардың тонусының әлсіреуінен пайда болады. Ондай жағдайда қордағы (депо) қанның мөлшері көбейіп, айналымдағы қанның мөлшері азаяды.
Аритмияның негізгі белгілеріне:
-жүрек соғысының жиілігінің өзгеруі;
-жүрек соғысының күшінің әлсіреуі;
-жүрек соғысының реттілігінің бұзылуы жатады.
Мұндай жағдай көбінесе жүректің өткізгіштік функциясы бұзылғанда пайда болады. Олар: 1.Синус түйінінде автоматизм өзгергенде. 2.Миокардтың кейбір белігінде белсенді аймақтар пайда болғанда. 3. Жүректің жүрекшесінен қарыншасына немесе қарындардын өз ішіндегі импульстардың өтуі бұзылғанда пайда болады.
Себептері: миокардит, кардиофиброз, кардиосклероз, миокардиодистрофия, індетті аурулар және т.б. патологиялық процестер.
Жүрек шуылдары жүректің барлық қабаттарының ауруларыңда да кездеседі. Оларды перикардиальды, эндокардиальды, плевроперикардиальды деп жіктеуге болады.
Жүрек-қан тамырларының аурулары төмендегідей жіктеледі:
1. Жүректің сыртқы қабының аурулары (перикардит-жарақатты ж/е жарақатсыз; гидроперикардит).
2.Жүректің ет қабының аурулары (миокардит, миокардоз, кардиофиброз, кардиосклероз, кардиомиопатия - жүрек куыстарының кеңеюі, жүрек гипертрофиясы).
3. Жүректің ішкі қабының аурулары (эндокардит - сүйелді және жаралы; жүрек ақаулары - туа біткен және жүре пайда болган).
4. Қан тамырларының аурулары (артрит, тамырларының тромбозы, артериосклероз).
3.Аурудың дамуы және негізгі себептері мен ветеринариялық іс шаралар. Мал дәрігерлерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алуы тиіс. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты – организмнің біртұтастығын ескеру. Қандай дерт болмасын, патологиялық процеске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады.Ауру малды нәтижелі емдеп, ойдағыдай сақтандыру үшін ауруды белгіленген нақтылы жоспар арқылы, жүйелі түрде, егжей-тегжейіне жете зерттеу қажет. Ондай жоспар төмендегідей болғаны жөн:Аурудың белгілерін анықтау үшін малды клиникалық тексеруден өткізу; Организм қызметінің өзгергенін нақтылы анықтау үшін лабораториялық зерттеулер жүргізу;Ауруды тудырған себептерді анықтау (этиология); Аурудың даму процесіне көңіл аудару (патогенез); Тексеру барысында анықталынған ауру белгілерін (семиотика, симптомотология, синдроматика) талдау; Алынған нәтижелерге сүйене отырып аурудың диагнозын анықтау; Аурудың өту барысына сүйене готырып оған болжам жасау (прогноз); Ауруға ем тағайындау (терапия); Аурудан сақтандыру шараларын ұйымдастыру (профилактика).Жануарларға тексеру жүргізу үшін клин.қ тексерудің жоспарын міндетті түрде білу қажет
№25
Тыныс алу жүйесін аурулардан сақтау шаралары: мал түрлерінің, шар-қ бағытының, табиғат-климат жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі; малды бағып-күтудегі зоогигиеналық қалыптылықты сақтау; сапалы азықтандырумен қамтамасыз ету; ұйымдастыру, малдәрігерлік-сан/қ іс әрекеттерді қадағалау; мал қораларын саларда оның орнын дұрыс таңдау; қора микроклиматын тұрақтылықта ұстау. Оны ғылыми тұрғыдан малдың жасына, тұқымына, өнімділігіне сәйкес реттеу: мал қораларында, әсіресе шошқа қораларында ылғ-тың артық болмауын қадағалау; канлизация жүйесінің жұмыстарын реттеу; цементті едендерге төлдерді төсенішсіз жатқызбау; малды жазда, әсіресе ыстық күндері көлеңкеде, ауа жақсы алмасатын қорада ұстау; шаңды болдырмауға тырысу (көгалдандыру, ағаш егу), малды шаңды жолмен айдамау, сусымалы жемді ылғалдап беру; шөп ұныны гранула түрінде беру; малдарды тасымалдағанда стресске қарсы әрекет жасау (автокөлікпеп тасымалдау 5 сағаттан аспау керек); жаңадан келген малды мұқият тексеруден өткізу; мал қораларын, әсіресе жас төлдерге арналған, «барлығы бос-барлығы бос емес» ережесін сақтай отырып пайдалану; жаз айларында аналық малды төлдерімен бірге лагерьде ұстау; организмді суыққа шынықтыру; төлдерді уақытында серуендетіп отыру, ультракүлгін сәулесімен қамтамасыз ету; организмнің жалпы иммунобиологиялық тұрақтылығын жақсарту жолдарын тиімді пайдалану (сапалы азық, вит-р, мин/з-р, гамма-, полиглобулиндер, лизоцим, иммуномодуляторлар, гидролизиндер, т.б заттар); жоспарлы түрде диспансеризацияны уақытында, сапалы түрде өткізіп отыру.
Бронхылар мен өкпе ауруларынан с/ш-ры: Зоогигиеналық қалыптылықты сақтау; суқ тигізетін факторларға, дем алатын ауаның микроорганизмдермен ыластануына тиімсіз газбен шаңның шоғырлануына жол бермеу; төлдердің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін арттыру (серуендету, салқын ауада ұстау, уақытында уызға тойдыру, УК сәулесімен, витаминді-минералды заттармен қамтамасыз ету. //Өкпенің қанмен керенелуін және ісінуін с/ш-ры: малдардың, оның ішінде жылқы малын, жұмысқа дұрыс пайдалану; спорт бабындағы жылқыларды жаттықтыру ережелерін қатаң сақтау; малдарды күн сәулесінің, ыстықтықтың тікелей әсерінен қорғау.
Өкпе эмфиземасын с/ш-ры: малдарды жұмысқа шегуді реттеу, спорт аттарын жаттықтыру ережелерін сақтау, бронхылардың қабынуы уақытында дұрыс анықтап, дер кезінде емдеу мәселелерін ұсынған жөн.
Бронхопневмонияны с/ш-ры: аналық малдың жатырында өсе бастаған ұрыққа қалыпты жағдайды туғызудан бастау керек. Организмдегі жас кезінен шынықтырудың маңызы зор. басқа да қолданылатын ш-р: мал ұстайтын жерде зоогиг.-қ қалыптылықты қадағалау, уақытында дезинфекция жүргізіп отыру; жоспарлы түрде диспансерлік тексеруді жүргізу; аналық малдың, әсіресе буаз малдардың күімін жақсарту; төлдерді дұрыс өсіру ережелерін сақтау.
Өкпелердің крупозды қабынуын с/ш-ры: малдарды күтіп-бағуды жұмысқа пайдалануды реттеу; мал организміне кенетен, қатты әсер ететін факторларды болдырмауға тырысу; мал тұратын жерлерді уақытында зал-п отыру; малдардың сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына күні бұрын, жастайынан үйрету.
Ателектазды қабынудың с/ш-ры: малдарда жүрек-қан тамырларының ауруларының болдырмауын қадағалау және уақытында серуендетіп отыруды ескеру керек.
Метастазды қ/у-ң с/ш-ры: дәрілерді берудің, зондты қолданудың ережелерін қолдануды қатаң сақтау; суымаған ыстық азықты (әсіресе шошқаларға) бермеуді қадағалау; көмейдің, жұтқыншақтың, бронхылардың ауруларын асқындырмай дер кезінде емдеу.
Плевраның қабынуын с/ш-ры: малға суық тигізбеуге және өкпе ауруларын дұрыс емдеп жазуға бағытталады.
Пневматоракстан с/ру үшін малдарды әр түрлі жарақаттардан сақтандыру керек.
2.УКС-рефлекторлы және гуморальды жолдармен мал организміне жан-жақты әсері. Ішкі ағзаларға әсері рефлекс арқылы және гуморальды түрде тарайды. Ол үшін ішкі ағзаларға иннервация жасайтын нерв талшықтарының тұсына сәулемен әсер ету керек (Захарьин-Хед аймақтары). УКС – рефлекторлы және гуморальды жолдармен мал организміне жан-жақты әсер етеді. Иммунобиологиялық қабілетін және ауруларға төзімділігін арттырады. Организмде, кетон денешіктерінің мөлшерін азайтып, қышқылдануын басады.Белоктардың алмасуын үдетеді, ол несеп арқылы азот пен фосфордың көп шығуынан білінеді; жалпы белоктың және - глобулин фракцияларының санын көбейтеді, иммунобиологиялық реакцияларын сергектендіреді. Қандағы қант санын азайтады, ол бауырда көп мөлшерде жиналады. Минералды заттардың алмасуларын реттейтін жеті дегидрохолестериннің қызметін арттырады. Майлардың алмасуларын үдетеді. Артерия қысымын төмендетеді. Асқазан сөлінің бөлінуін (тауықтарда) көбейтіп 25-30% азықтық сіңуін арттырады. Мезгілдік қан аздығы болатын малдардың қанында эритроциттердің, лейкоциттердің сандарын көбейтіп, Hb мөлшерін арттырады. Организмде кетон денешікерінің мөлшерін азайтып, қышқылдануын басады. Қысты күндері малды жасанды ультракүлгін сәулелермен сәулелендіруді ұйымдастырудың маңызы зор, қазіргі уақытта екі типті лампалар пайдаланылады: аргонды, сынапты-кварцты лампалары (АРК) тікелей сынапты лампалар (ПРК) Сынап буында доға разряды пайда болған кезде лампаның ішіндегі қысым қоректі шекке дейін көтеріледі де аргон электрондары сынап буының молекулаларымен соқтығысып, сынап молекулалары ионданады, қозады да, жарқырай бастап ультракүлгін сәулелерін шығарады.
3. Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін әр ағзалардың, жүйелердің және жалпы организмнің күй-жайын анықтау. Мал шаруашылық өнімдерін нәтижелі пайдалануды малдарды аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұйымдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар, ауру малды жекелей және топтап емдеуді ары қарай дамытып жетілдіру арқылы іс жүзінде асыруға болады.
Ауруды ғылыми негізде емдеу үшін әр ағзалардың, жүйелердің және жалпы организмнің күй-жайын анықтайды. Ауруды анықтау және болжау үшін, дұрыс емдеу әдісін таңдау мақсатында аурудың белгілерін тексерудің /семиотика/ маңызы өте зор. Сондай-ақ, ауру белгілерінің жиынтығын /синдроматика/ анықтау қажет.
Негізгі белгілер болып саналатындар:
Соңғы жылдардағы мал өнімдерінің деңгейі;
Мал салмағының тұрақсыздығы;
Төлдер ауруларының жиілігі;
Ұрғашы малдар арасындағы бедеуліктің көбеюі;
Малдан алынатын өнімнің сапасының төмендеуі.
Ветеринария дәрігерлерінің жұмысында малды аурудан сақтандыру шаралары басты орын алуы тиіс. Оның негізі ретінде жалпы биологиялық заңдылықты – организмнің біртұтастығын ескеру.
Қандай дерт болмасын, патологиялық үрдіске жалғыз ауырған ағза ғана емес, белгілі бір дәрежеде басқа да ағзалар мен жүйелер қоса қатысады. Тексеруге мұндай тұрғыдан келу, ауруды анықтауды жеңілдетеді. Сонымен қатар, ауруды анықтарда – ауру малдың дербестік ерекшеліктерін ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |