1. Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері



Pdf көрінісі
бет1/49
Дата04.10.2023
өлшемі1.14 Mb.
#479778
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
ЖТБ сессия ЖАУАПТАРЫ



1.
Жалпы тіл білімі пəні: нысаны, мақсаты, міндеттері.
Жалпы тілдер білімінен бұрын жеке тілдер білімі пайда болды. Алайда ол
уақытта тілдер ешбір ортақ қасиетсіз, əрқайсысы өз алдына дербес дамыды.
Ал лингвистика атты үлкен тіл біліміне «жалпы тіл білімі» деген пəн тек ХІХ
ғасырда енді, бұл кезде аталмыш пəннің теориялық негіздері қалана бастады.
Жеке тіл білімінде мүлдем қарастырылмаған тілдердің өзара туыстас
болатыны, екі бөлек тілдердің бір-біріне ұқсастығы, тіл атаулының жалпы
адамзат баласына тəн құблыс екендігі жалпы тіл білімінде қарастырыла
бастады.
Пəннің негізгі деп танылатын мақсаты – білім алушыларды тіл біліміндегі ең
негізгі теориялармен жəне олардың маңызды мəселелерін оқыту.
Лингвистика деген ғылымдағы тарихи теориялық деректерді саралау, жалпы
тіл білімінде жүргізілген теориялық жəне практикалық зерттеулерден
қорытынды тұжырымдар жасау.
Пəннің негізгі деп танылған нысаны – жалпы тілдік құрам, адам баласының
дыбыстық тілі, тілдің дамушы заңдылықтары мен ауқымы кең жүйелік
сипаты, дыбыстық тілдің қалай шыққандығы жайындағы теория, жалпы
лингвистикадағы түрлі əдістер мен тəсілдер, кез келген тілдің басқа
қоғамдық ғылымдармен арақатынасы, тіл біліміндегі теориялық тарихи
саналатын мектептер мен бағыттар, тілдегі семиотикалық сипат жəне т.б.
Жалпы тіл білімі пəнінің негізгі міндеттері мынадай: тіл біліміндегі
қалыптасқан зерттеу əдістемелері мен тəсілдерін оқыту; тілдік теориялардың
жалпы тіл білімінің басқа салалармен байланысын жəне олардың өзіндік
орындарын анықтау; жүйелік сипаттағы тілдің құрылымдық бөлшектерінің
бір-бірімен қатынасын оқыту.
2.
Тіл білімі қарастыратын ортақ жəне өзекті мəселелер
Жалпы тіл білімі деп аталған пəннің өзі жалпы лингвистикадағы тілдерді бір-
біріне ортақ деп танылған универсалийлерін, олардың ортақ мəселелерін
қарастырады. Жекеге қарағанда жалпы тіл білімі қарастыратын тілдердің
ортақтық тұстары өте көп. Мəселен, еғ алдымен, тілдің қай-қайсысы болсын
адамдардың бір-бірімен қатынас құралы ретінде қолданылады; кейіннен
өзіміз білетіндей тілдің əрқайсысында дыбыс болатыны белгілі, қала берді
тіл атаулының өзіне тəн сөз тіркестері мен сөйлемдер, олардың
грамматикалық формалары бар, яғни жалпы тіл білімінде құрамдас жағынан
элементтерінің бөлшектенуі біртектес болып келеді; оған қоса тіл қоғамдық
құбылыс болуына байланысты қоғам дамыған сайын ол да бір орында
тұрақталып қалмайды, дамуға ұшырап отырады. Осы санамаланған қатардың


əрқайсысы жалпы тіл білімінің теориялық тұрыдан да, практикалық жағынан
да қарастыратын ортақ əрі ең басты проблемалары болып табылады.
Осындай ортақ деп көрініс тапқан тақырыптар мен жүйелердің, заңдылықтар
мен сан түрлі теориялар түбінде тілдердің бəріне болмаса да, жалпы
көпшілігі қолдана алатын тілдік деңгейдегі теориялар болып саналады.\


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет