1 Жердің жалпы мінездемесі және оның бағалауы


ЖЕР БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет4/6
Дата15.01.2023
өлшемі488.5 Kb.
#468415
1   2   3   4   5   6
dip -zher-baqylau-men-zherdi-bagalau-zholdary

2 ЖЕР БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Жер бақылау қажеттілігі, түрлері және әдістемелері

Жер мониторингі бір-бірімен тығыз байланысты биосфералық, биоэкологиялық–санитарлы; геоэкологиялық–табиғи–шаруашылық болып үш түрге бөлінеді. Мемлекет жер комитетінде геоэкологиялық мониторинг жер мониторингісінің негізгі құрамды бөлігі болып табылады.


Жер мониторингісіне негізгі жүйесіне бір-бірімен ішінара қайнастағы жер басқару ресурстары кіреді: жер орналастыру, жер кадастры, ақпаратты және техникалық мониторингі. Жер мониторингісіне Қазақстан Республикасының барлық жер қорлары кіреді, жер мониторингісінің жерге иеленушілік, құқықтық тәртібіне және уақыт пен пайдалану құқығына байланыссыз. Жер мониторингі жер бақылау жүйесі жер қорларында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оларды бағалау процесстерін жүргізіп отырады.
Республикамыздың жер қоры жердің әртүрлі категорияларымне түрлерін құрайды. Жер категориялары әр түрлі мақсатқа бағытталған жер түрлерінен тұрады.

  • ауылшаруашылық бағытындағы жерлер.

  • жергілікті жерлер (қалалар, жұмысшы, ауылдар, колхоздар);

  • өндірістегі, көліктік, байланыс, қарулы күштер және басқа бағыттағы жерлер.

  • табиғаттық қрғаудағы, денсаулық сақтау, тарихи мәдениеттік бағытындағы жерлер;

  • орман қорының жерлері;

  • су қорының жерлері;

  • қордағы жерлер.

Жер түрлері шабындықтармен және әр түрлі басқа жер пайдалану мінездемелеріне бөлінеді:
-суландырылатын егістіктер, тамыр жақсарту, шабындық жерлер, ормандар, көп жылдық егіндіктер, бақтар, жүзімдіктер, иеленушіліктегі қызметтік жерлер, бақшалар.

  • қалалық жерлер, аулалар, тротуарлар, тұрғылықты үйлердің алдындағы аулалар.

  • (радиактивті қалдықты көметін жерлер), түрлі қоқыстарды төгетін қөзін жоятын жерлер.

Жер мониторингінің міндеттері мен мазмұны.

    1. Жер мониторингі Республикадағы бақылау мен талаптардың біртұтас жүйесі арқылы жүргізіледі және бірқатар міндеттердің шешілуін топшылайды;

    2. Жер қоры құрылысындағы өзгерістердің уақтылы айқындалуы;

    3. Жер мониторингісінің жұмыстары мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі: ғылыми-әдістемелік, әдістемелік ақпараттық техникалық.

    4. Ғылыми әдістемелік бағыт: топырақ пен өсімдіктің стационарда, жартылай стационарда, экологиялық алаңдағы, полигондағы эталонды учаскелеріндегі, бастаулардағы зерттелуі әдістемлік және топырақты картаға түсірудің ақпаратты техникалық жұмысы үшін жемге қолданылатын өсімдіктер топырақ пен жемдік өсімдіктің бонитировкасына , жемдің динамикалық заңдылықтарын анықтау үшін қолданылады.

    5. Әдістемелік қолданбалы бағытты: топырақтық және геоботаникалық тексерілу мен қарастырудың материалдарын толықтырып жүйелеу жемдік өсімдіктермен топырақ классификациясының жасалуы;

    6. Жемге пайдаланатын және сапалы экономикалық, экологиялық бағасының әдістемелік қатынасының жасалуы; жұмыстың барлық түрінің жаңа әдістемесін жасалуы; жемдік пайдалы жер жүктемесінің нормасын анықтау;

    7. Қолданбалы бағыт: Картографиялық материалдардың корректировкасы мен қайта тексерілуі, сәйкес келетін карталардың жердің жағдайын, сапасын, санын көрсететін жерді қолданушыларға берілуі, картографиялық материалдарды геоботаникалық және топырақтық тексерілуінің талдануы, бақылау үшін аудандық және облыстық картасын құрастыру қазіргі жағдайдың картасы, экологиялық, эталонды, анықтау, табиғи қорғау кепілдемелері, топырақты–мелиоративті, табиғи құнарлығы׃жер қорының рационалды қолданылуның кепілдемесі үшін жер кадастрінің жер жағдайының бақылауының нәтижелерінің ақпаратпен қамтамасыз етілуі; ұсыныстардың жасалып, жергілікті органдарға; экология және биоресурстар комитеттеріне, жыртқыштыққа қарсы қолданылатын санкциялар, немесе жерді қорғаудің рацоналды шаруашылығының мадақтаулары және т.б.

    8. Ақпараттық–техникалық бағыты: мониторингтің автоматтандырылған ақпараттық базасын құру; программа пакетін жасау, Республикадағы жер қоры мониторингінің мәліметінің өңделуі мен жүйесі, берілген ақпараттың қолданылуы, талдануы, сақталуы үшін.

Бонитет балдарын қолданып шаруашылықтардың жұмыс нәтижесін бағалауға болады. Мысалы: №15, 18,20 шарушылықтарда бірдей өнім алынады, бірақ олар бірдей жақсы нәтижеге қол жеткізеді ме? Оны білу үшін алған өнімдерін топырақтың бонитет балына бөлеміз. Сонда әр бонитет балға №15 шаруашылық 22кг, №18 – 19,7кг, №20 – 17,5 кг өнім алғанын көреміз, яғни бірдей өнім алғанына қарамастан алғашқысы жерді жақсы пайдаланған, екіншісі–орташа, соңғысы–нашар пайдаланған болып шығады.[6, 33 б]
Балл бонитеттерін пайдаланып ауыл шаруашылық кәсіпорындарының нәтижесін бағалауға болады. Мысалы: ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құнын шаруашылықтың пайдалануындағы жерлердің орташа боните балына бөліп шарушылық нәтижесін бағалауымызға болады. Сондай-ақ есептеулерде таза табыс, өнімдердің өздік құны, т.б. экономикалық көрсеткіштерді қолдануымызға болады. Бірақ бонитет балдарының қолдану ауқымы экономикалық бағалаудан әлдеқайда тар.
Құн заңына сәйкес жер өздігінен жаңа құн тудырмайды. Әр турлі жерден өнім алуға бірдей еңбек жұмсалған болса, ол өнімдердің санына қарамай жалпы құны бірдей болуы керек. Яғни бірдей еңбек жұмсай отырып, саны, сапасы әр түрлі өнім алатын болсақ, олрадың жалпы құны тең болады. Бірдей жерден бірдей еңбекпен неғұрлым көп өнім алсақ, оның әрқайсысының бағасы соғұрлым төмен боладыжәне керсінше.
Топырақтың құнарлылығы жаңа құн тудырмайтын болса, ол қосымша құн да әкелмейді, яғни жер рентасына айналатын қосымша табыста жоқ. Ал шындығында жердің құнарлылығынан қосымша өнім, сол арқылы қосымша табыс, рента алынады. Бұл жерде біз құн мен тұтыну құнының, тауардың құны мен бағасының қайшылықтарын көреміз. Осы қайшылықтарға сәйкес үш түрлі жағдай болуы мүмкін.
Жерді әр түрлі мақсатта пайдаланғанда бір белгіге сүйеніп бір әдістеме бойынша бағалау керек пе, болмаса әр-түрлі бағалана ма? Осы мәселе бойынша да қарама-қарсы көзқараста бар. Біреулер жердің бағасы әрқашан бірдей және бір белгіге қарап бір әдіспен анықталады десе, екіншілері–ауыл шаруашылығында пайдаланғанда балл көрсеткіші бойынша бағаланады, ал оны басқа мақсатқа алғанда абсолюттік бағалау қолданылады дейді. Алғашқыларының дәлелі ауыл шаруашылығында жерді салыстырмалы бағалау жеткілкті және оны техника–экономикалық есептеулерде қолдануға жарамайды, ал жер басқа мақсатқа алынғанда ғана ақшалай құнын анықтау қажет.
Жерді ренталық қағида бойынша, дифиференциалдық рентаның негізінде бағалау туралы ізденістер жүріп жатыр.
Жерді экономикалық бағалау туралы экономистердің арасында да бірнеше көзқарастар белгіл. Оларды негізгі екі: шығындық және ренталық деп екіге бөлуге болады.
Баға тұтыну құнына сәйкес белгілегенде әр түрлі болғандықтан бірдей өнімге еңбектің жұмсалу шамасы да бірдей емес, сондықтан жер рентасы пайда болады.
Жердің құндылығы барлық қоғамда оның тұтыну құнын өндіретіндігімен анықталады. Сондықтан жерді экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын есептеу болып табылады. Жердің тұтыну құндылығын бір жағынан оның тіршілік орны екендігі және өнім беретіндігі анықтаса, екінші жағынан, оның ауданының шектелуі екендігі қалыптастырады.
Дифференциялдық рента бірдей еңбек жұмсап нашар жерді пайдаланумен салыстырғанда сондай мөлшердегі тәуір жерден қанша артық тиім (пайда) алуға болатынын көрсетеді. Сондай-ақ ол жақсы жер жеткіліксіз болып, сапасы одан нашар жерді пайдаланғанда немесе пайдаланатын жердің сапасы нашарлағанда қаншама зиян болатынын көрсетеді. Оны қарапайым мыслмен көрсетуге болады. Түсімі 40ц/га жалпы шығыны 20 мың теңге бидай өндірілетін жер ауыл шарушылығынан алынды делік. Қалған жердің өнімділігі 10ц/га. Жоғалтқан өнімді алу үшін ондай жерлердің төртеуін игеру немесе қосымша шығын жұмсап жердің өнімділігін арттыру керек. Сондай бидай өндіруге жұмсалатын шығын 10 мың теңгеге артады. Егер сапасы нашар жерлерді игермей, оның орнына сапасы бұрынғы жердей жерді тапқан болсақ, оның халық шаруашылық тиімі 10 мың теңге болған бролар еді. Яғни сапалы жердің құндылығы сапасыз жерден 10 мың теңгеге артық деген сөз. Жаңадан игеретін сапалы жердің экономикалық бағасы да 10 мың теңге .
Былайша айтқанда, экономикалық бағалау негізіг дифференциялдық тиім болады.Мысалдан байқағанымыздай, халық шаруашылық зиян шамасы пайдаланудан шығырылған жерден алынатын өнім немесе таза табыс шамасына емес, дифференциялдық табысқа немесе нашар жер мн тәуір жерге жұмсалатын шығындардың айырмашылығына тең. Мұндай жағдайда жердің құндылығын шеткі шығын мен дербес шығынның айырмашылығымен есептелген жер рентасымен анықтайды.
Жер мәңглілік өндіріс қажеті, оны дұрыс пайдаланғанда өнімділігі сарқылмайды. Жерден өнімді жылда алуғу болады. Былайша айтқанда, жер шексіз жылма-жыл ренталық табыс береді. Жер мәңгі пайдаланатын боғандықтан, осы жылдардағы жалпы табысты білу үшін жылдық табыстарды қосу керек. Сонда ғана жердің нақты құндылығын анықтаймыз.
Ақшалай қаржының (оған сатып алуға болатын игіліктердің) нақты құндылығы осы қаржымен өндіріс ұйымдастырып, өндірістен пайда табуға болатындығында. Бірақ бұл материалдық өндіріс құруға болатын потециалды мүмкіндік қана, жұмыс істеп тұрған нақты өндіріс емес. Ол нақты мүмкіндікке айналу үшін әлі біраз шаруалар істелі керек–қаржы жинақталып, материалдық игілікке айналып, құрылыс салынып, өндіріс іске қосылу керек. Сондықтан ақшалай қаржының құндылығы сондай ақшаға бағаланатын кез-келген өндірістің құндылығынан кем болады.
Айтылғаннан шығарылатын қорытынды–банк капиталының өсімін тиімділік нормасымен ешқашан теңестіруге болмайды.
Көп уақыт ғылыми ізденістер жүргізіліп келе жатқанымен жерді экономикалық бағалау мәселесі елімізде әлі толық шешімін тапқан жоқ. Мұны тек мәселенің күрделігімен түсіндіру жеткіліксіз. Негізіг нәрсе теориялық ізденіске іс тәжірбиелік қолданыстың (сұраныстың) болмауында.
Жер–тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығы, материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай. Жердің бағасы оған табиғи тән нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда болады. Сондықтан жердің бағасы тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің тұтыну құндылығының көрінісі. Жеке жер бөлімшелерінің сапасының әр түрлілігіне байланысты ол жерлерде өндірілген өнімдердің құны да әр түрлі болады. Сапалы жерлерден нашар жерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну құны өндіріледі. Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне қарамастан, жерге шарушылық нысаны ретінде әрқашан монополия болады. Былайша айтқанда жерге монополия болуына байланысты дифференциялдық рента туындайтын алғышарт бар. Дифференциялды рентаның алғышарттары– бір жағынан монополия болса, екінші жағынан жердің сапалық өзгешеліктері, сондай-ақ тауарлы өндірістік қоғамдық қарым қатынастар.
Жердің шексіз ұзақ пайдалануға болатындықтан аз ғана жылдық табыстың өзі үлкен шамаға айналуы мүмкін, яғни жердің құндылығы шексіз шамаға айналады. Әрине бұл ақылға симайды, срндықтан жылдық тиімдерді белгілі мерзімде ғана қосу керек. Сондықтан, 50 жылдық тиімді қосу ұсынылады. Әрине бұл цифр ешқандай ғылыми дәлелденбеген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет