1 Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері Республикалық бюджетке «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінен аударымдар»



Дата04.03.2016
өлшемі310.88 Kb.
#41219
1. Республикалық бюджеттің 2015 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша орындалу қорытындылары туралы

1.1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері

Республикалық бюджетке «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінен аударымдар» 201101 коды бойынша 2015 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 634,3 млн. теңге түсті, ол есепті кезенге жоспарланған соммадан 301 490,0 мың теңгеден 210,4 % құрайды.

Аударымдардың асыруы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен 2014 жылдың қорытындысы бойынша аванстық төлемдерді аударуға байланысты.

1.2. Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер және республикалық меншіктегі заңды тұлғаларда қатысу үлесіне табыстардың түсуі

2015 жылдың бірінші тоқсаны бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидвентердің түсімі жоспарланбаған, сонымен бірге іс жүзінде 67 217,0 мың теңге түсті. Аударымдардың асыруы келесі акционерлік қоғамдардың 2014 жылдың қорытындысы бойынша аванстық төлемдерді аударуға байланысты: «Қазконтент» АҚ, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, ««Оқ-Жетпес санаториі» АҚ.

2015 жылдың бірінші тоқсаны бойынша республикалық меншіктегі заңды тұлғалардағы қатысу үлестеріне табыс жоспарланбаған, іс жүзінде 140 016,0 мың теңге түсті. Аударымдардың асыруы келесі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің 2014 жылдың қорытындысы бойынша аванстық төлемдерді аударуға байланысты: «Авияцылық оқу орталығы» ЖШС, «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС.

1.3. Республикалық мемлекеттік меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер

Республикалық бюджетке республикалық мемлекеттік меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер есепті кезеңіне 335 393,0 мың теңге сомасында жоспарланған, іс жүзінде 438 264,0 мың теңге немесе, жоспарына 130,7 % түсті.

Республикалық бюджетке жоспарланған аударымдардың асыруы әскери мүлікті жалға беруден 14 394,24 мың теңге және тұрғын үйді жалға беруден 56 000 мың теңге соммасында түскен түсімдер негізінде құрылды.

1.4. Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдер

Есепті кезеңде республикалық бюджетке республикалық меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсім 297 424 мың теңгені құрады, оның ішінде:

- 301101 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түскен түсім» бюджет сыныптамасы коды бойынша 165 590 мың теңге немесе бір жылға жоспарланған 150 000 мың теңге соманың 110,4 %-ы.

Болжамды көрсеткіштердің артық орындалуы 2014 желтоқсанда жылы сатылған объектілерден түскен түсім республикалық бюджетке, 2015 жылдың қантар айында түсті.

- 601101 «Республикалық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын сатудан түскен түсім» бюджет сыныптамасы коды бойынша 119 451 мың теңге немесе есепті кезеңде жоспарланған 200 000 мың теңге соманың 59,7 %-ы.

- 601104 «Мүліктік кешен ретінде республикалық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан түскен түсім» бюджет сыныптамасы коды бойынша 12 382,5 мың теңге немесе есепті кезеңде жоспарланған 2 800 мың теңге соманың 442,2 %-ы.


2. Мемлекеттік мүлікті басқару

Республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттерін (мемлекеттік үлестерін) басқару

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 494 «Республикалық меншіктің кейбір сұрақтары туралы» қаулысын орындау үшін Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 68 «Республикалық меншіктің кейбір сұрақтары туралы» бұйрығымен «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге жылжыйтын мүліктер:



  • КАМАЗ 65115 негізінде аспалы жабдығымен (иілмелі толығымен бұрылатын қайырма, құмшашқыш, артқы сыпыратын щетка) ЭД405А маркалы құрамалы жолмашинасы,

  • 2013 жылы шығарылған «Беларус-82.1» тракторы доңғалақты тартқыш санатты 1,4 тн жабдығымен (фреза, фрезалық-роторлық қар тазартқыш, шөп шабатын машина, щетка, жүктиегіш) берілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 494 «Республикалық меншіктің кейбір сұрақтары туралы» қауылысын орындау үшін Комитеттің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 51 «Республикалық меншіктің кейбір сұрақтары туралы» бұйрығымен «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге жылжымалы (автожолдардың сапасын бақылау және күтіп-ұстау бойынша көпфункционалды машина) мүлік берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы қаңтардағы № 348 «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері» қауылысын орындау үшін Комитеттің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 53 «Республикалық меншіктің кейбір сұрақтары туралы» бұйрығымен «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің жатақханасын салу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы берілсін (кідіріс Қоғаммен қосымша эмиссия акциялар шығарылуы іс шараларын уақытылы өткізбегендікке байланысты).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1190 «Республикалық меншіктің кейбір сұрақтары туралы» қауылысын орындау үшін Комитеттің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 458 «Республикалық меншіктің кейбір сұрақтары туралы» бұйрығымен «Азаматтық авиация орталығы» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге жылжымайтын келесі мүлік берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 105 «Бурабай даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру туралы» қаулысы жүзеге асыру мақсатында қазіргі уақытта құрылатын серіктестікке жарғы капиталын төлеуге берілетін мүлікті бағалау іс-шаралары жүргізілуде.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 21 «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының «Қазтелерадио» акционерлік қоғамының 7595 дана жай акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке беру ұсынысын қабылдау туралы» қауылысын орындау үшін кәзіргі уақытта республикалық меншікке қабылданатын «Қазтелерадио» АҚ мемлекеттік пакеттерін бағалау жұмыстары жүргізілуде.

«Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 1177 қаулысын орындау мақсатында Комитет 2015 жылғы 12 ақпандағы № 171 «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының орналастырылған акцияларын төлеуге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы орталығы» және «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемелерінде бекітілген республикалық жылжымайтын мүлік берілді.


«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1330 қаулысын (бұдан әрі - №1330 Қаулы) орындау үшін келесі шаралар қабылданды.

№ 1330 Қаулының 1-тармағына сәйкес «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Комитеттің 2015 жылғы 12 қаңтарындағы № 19 бұйрығымен «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚазҰТЗУ КеАҚ) құрылды.

№ 1330 Қаулының 3-тармағына сәйкес «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг», «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы, «Ғылым орталығы» және «Ұлттық сейсмологиялық қадағалау және зерттеу орталығы» акционерлік қоғамдарының және «Сейсмологиялық тәжірибелі-әдістемелік экспедициясы» жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің кейбір сұрақтары туралы» Комитеттің 2015 жылғы 11 наурызындағы №257 бұйрығымен «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» (бұдан әрі - «ҒТО» АҚ), «Ғылым орталығы» (бұдан әрі – «Ғылым орталығы» АҚ) және «Ұлттық сейсмологиялық қадағалау және зерттеу орталығы» (бұдан әрі – «ҰСҚжЗО» АҚ) акционерлік қоғамдарына бөліну жолымен «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Парасат» АҚ) қайта ұйымдастырылды.

Аталған компаниялар әділет органдарында 2015 жылды 30 наурызында тіркеуден өтті.

Бұл орайда, «ҰСҚжЗО» АҚ- ның жарғылық капиталы №1330 Қаулының 7-тармағының 2-тармақшасын орындау мақсатында «Сейсмологиялық тәжірибелі-әдістемелік экспедициясы» жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің 100% нарықтық бағамен есептелген мемлекеттік қатысу үлесімен құрылды.

№ 1330 Қаулының 5-тармағына сәйкес «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» акционерлік қоғамын құру туралы» Комитеттің 2015 жылғы 11 наурызындағы № 261 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚазҰТУ» АҚ) құрылды. Әділет органдарында 2015 жылды 30 наурызында тіркеуден өтті.

№ 1330 Қаулының 6-тармағының 1),2) және 3) тармақшаларына сәйкес Комитеттің бұйрықтарымен Комитетпен құрылған барлық акционерлік қоғамдардың жарғыларын және қоғамдардың атынын мемлекттік тіркеуден өткізетін, қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асырытын уәкілетті адамдар бекітілді.

Құрылған компанияларды бағалау аяқталған соң («ҒТО» АҚ, «Ғылым орталығы» АҚ, «ҰСҚжЗО» АҚ және «ҚазҰТУ» АҚ) және Комитет бұйрықтарына сәйкес:



- «ҒТО» АҚ және «ҰСҚжЗО» АҚ жүз пайыздық мемлекеттік пакеттерінің акциялары ҚазҰТЗУ КеАҚ орналастырылған акцияларын төлеуге берілетін болады;

- ҚазҰТЗУ КеАҚ –на «Ғылым орталығы» АҚ мен «ҚазҰТУ» АҚ қосу қайта құрылатын қосымша хабарлаймын.

Осыдан кейін, №1330 Қаулының 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ҚазҰТЗУ КеАҚ-ның акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарыь Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берілетін болады.
Меншіктің мемлекеттік мониторингі

І тоқсанға қойылған міндеттерге сәйкес 2015 жылы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жоспары қалыптастырылды. Осы жоспардың шеңберінде 2015 жылы базалық кешенді зерттеуге жататын объектілерінің тізбесі бекітілді. Тізбеге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысымен бекітілген Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде бар 26 объект кірді, ал аффиирленген тұлғаларды қамыту есебімен зерттеуге 51 объект жатады.

Сондай-ақ міндеттерге сәйкес және аталған мониторинг жоспарды жүзеге асыру барысында 14 меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыс топтардың құрамдары қалыптасып бекітілді. Осы топтардың жұмыстары шеңберінде қазіргі уақытта мониторинг бағдарламаларын әзірлеу және бекіту бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Бұдан басқа, меншіктің мемлекеттік мониторингі Электрондық деректер қорына 2015 жылдың ақпараттарды енгізу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып туралы Шарт жасалды.


Мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингі

«Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 қаулысын орындау мақсатында және 2015 жылға арналған Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қантарында Комитетпен мүделлі мемлекеттік органдар атына комиссия құрамына кандидатуралар ұсыну және техникалық ерекшеліктің жобасын келісу жөнінде хат жолданды (№ КГИП-3/72-И от 12.01.2015ж.).

Ағымдағы жылдың ақпанында Техникалық ерекшелікті әзірлеу бойынша мүделлі мемлекеттік органдардың қатысуымен ведомствоаралық комиссия құрылды (Комитет Төрағасының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 192 бұйрығы), Мүделлі мемлекеттік органдардың қатысуымен комиссия кеңесі өткізілді және мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу бойынша консалтингтік қызметтер көрсетуге электрондық конкурс жарияланды. Ағымдағы жылдың наурызында өтінімдерді ашу хаттамасы жарияланды.
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекелестікке қабілеті бар кәсіпорындарды сауықтыру)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекелестікке қабілеті бар кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес Бағдарлама қатысушыларын оңалту (сауықтыру) жоспарын жүзеге асыру мониторингі, жыл сайын жүзеге асырудың екінші жылынан бастап оңалту (сауықтыру) жоспарын жүзеге асыру мерзімінің ішінде өткізіледі.

Ағымдағы жылда мониторингті 37 компания - Бағдарлама қатысушылары бойынша өткізу жоспарланып отыр. Мониторинг 2 этапта жүргізіледі.

Есеп кезеңінде кешенді және жүйелі Бағдарлама қатысушыларын оңалту (сауықтыру) жоспарын жүзеге асыру мониторингінің бірінші кезеңін жүргізу үшін электрондық конкурс тәсілімен консалтингілік қызметтерді мемлекеттік сатып алу (25 Бағдарлама қатысушылары енгізілген 12 лот бойынша) наурыз айында жарияланды.


Сенімгерлік басқару

2015 жылдың 1 қаңтарына Комитеттің орталық аппаратының бақылауында республикалық меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беру 10 шарты болды.

«Республикалық меншіктегі ұйымдарды оңтайландыру жөніндегі» Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары Б.Т. Сұлтановта өткен 2014 жылғы 15 мамырдағы № 17-5 кеңесінің хаттамалық тапсырмаларға сәйкес «Жезқазғансирекмет» РМК-ны сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыс өткізу тапсырылды.

25 ақпанда «Жезқазғансирекмет» РМК-ның міліктік кешенін сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер тек қана бір өтінім болғандығына байланысты өткізілмеді деп танылды. 18 наурызда қайта өткен тендерінің нәтижелері бойынша жеңімпаз болып «RONSON-2000» танылып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК мүліктік кешенін бес жыл мерзімге кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру туралы 2015 жылғы 26 наурыздағы № 2/5 шарт жасалды.

Осылайша, 2015 жылдың 1 сәуір жағдайы бойынша 11 сенімгерлік басқару шарт әрекет етеді.

ММЖК-ның 2014 жылға арналған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың бекітілген Жылдық жоспарына сәйкес наурыз айында жалпы сомасы 5 017,6 мың тенгені құрайтын 5 сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі консалтингілік қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша электрондық конкурс өткізілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жоспары қараудан өтті және оған кепілдік төлемін беріліп жатқан мүліктің құнының 3 % дейін төмендету бойынша ұсыныс енгізілді.
Концессия

Есепті кезенде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің мәселелері бойынша келісуге келіп түскен мынадай жоба қаралды:



  • «Концессионер (концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған құқықтық мирасқор немесе заңды тұлға) концессия шарты бойынша концеденттен алатын, тіркелген активтердің бастапқы құнын, сондай-ақ концессия шарты тоқтатылған кезде концессионер тіркелген активтерді концедентке беру кезінде концессионер топтарының құндық теңгерімін азайтатын құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы.

Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр беру желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімге концессия мерзімін 2030 жылына дейін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізу туралы Қосымша келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы.
Мемлекеттік кәсіпорындар

2015 жылдын 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 268 республикалық мемлекеттік кәсіпорын оның ішінде жедел басқару құқығындағы (РМҚК) – 132 және шаруашылық жүргізу құқығындағы (РМК) – 136 есептеледі.



2015 жылдың 1 тоқсандағы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен мынадай шешімдер қабылдады:

қайта ұйымдастыру туралы:

біріктіру (бірігу, қосылу) жолымен қайта ұйымдастыру туралы:

- 2 РМК-лар («Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» және «Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы») және 18 РМҚК-лар («Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Шығыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Жамбыл облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Батыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Қарағанды облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Қостанай облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Павлодар облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Солтүстік Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Оңтүстік Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы», «Орал қалалық дезинфекция станциясы», «Петропавл қалалық дезинфекция станциясы», «Алматы қаласының дезинфекция станциясы», «Шымкент қалалық дезинфекция станциясы») Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-сына қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;



АҚ–на қайта құру жолымен:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті" РМК–сы - қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті» акционерлік қоғамына;

қайта атау туралы:

- 4 РМК-лар («П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі», «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі», «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі», «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі») Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің («П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі», «А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі», «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі», «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі») 4 РМҚК-ларға;

- 19 РМҚК-лар («Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Республикалық спорт колледжі», «Спорттық медицина және оңалту орталығы», «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы», «Олимпиадалық даярлау орталығы», «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы», Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» , Өскемен қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы», «Бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы», «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы», «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы», «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы», «Атыс спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы», «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі», «Сарыарқа» республикалық велотрегі», «Қазіргі бессайыстан және су спорты түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы», «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы») және «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» РМК Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 19 РМҚК-ларға және «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» РМК-ға;

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» РМҚК - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» РМҚК-сына;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» РМҚК - «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы» РМҚК-сына;

- 2 РМҚК-лар («Ұлттық тестілеу орталығы» және «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы») Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2 РМҚК-ларға («Ұлттық тестілеу орталығы» және «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы»);

- «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» РМК - «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Қазақавтожол» РМК-сына;

- Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазаэронавигация» РМК - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» РМК-сына;

- 3 РМК-лар («Жезқазғансирекмет», «Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы», «Ұлттық технологиялық болжау орталығы») Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 3 РМК-ларға («Жезқазғансирекмет», «Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы», «Ұлттық технологиялық болжау орталығы»);

- 2 РМК-лар («Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)», «Қазақстан метрология институты(ҚазМетрИн) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2 РМК-ларға («Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)», «Қазақстан метрология институты(ҚазМетрИн);

- 2 РМК-лар («Қазақстан Республикасы Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы», «Мамандандырылған гравиметриялық кәсiпорын») Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің 2 РМК- ларға («Қазақстан Республикасы Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы», «Мамандандырылған гравиметриялық кәсiпорын»);

- 3 РМК-лар («Мемлекеттік техникалық қызмет», «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Талдау және ақпарат орталығы») Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің 3 РМК-ларға («Мемлекеттік техникалық қызмет», «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Талдау және ақпарат орталығы»);

- 2 РМК-лар («Инфракос», «Ғарыш-Экология») Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің 2 РМК-ларға («Инфракос», «Ғарыш-Экология»);

- 8 РМҚК-лар Семей су жолдары кәсіпорны», «Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорны», «Павлодар су жолдары кәсіпорны», «Орал су жолдары кәсіпорны», «Атырау су жолдары кәсіпорны», «Іле су жолдары кәсіпорны», «Балқаш су жолдары кәсіпорны», «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі») Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің 8 РМҚК- ларға Семей су жолдары кәсіпорны», «Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорны», «Павлодар су жолдары кәсіпорны», «Орал су жолдары кәсіпорны», «Атырау су жолдары кәсіпорны», «Іле су жолдары кәсіпорны», «Балқаш су жолдары кәсіпорны», «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі»);

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» РМҚК - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» РМҚК-сына;

тарату туралы:

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 5 мемлекеттік мекемелерін - оқу орталықтарын (Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстардың Ішкі істер департаменттерін);


II. Бұдан басқа, 2014 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғыларының және Қазақстан Республикасының Үкіметімен қауларының мынадай шешімдер жұзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілді:

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 883 Жарлығы:


Тарату туралы:
  1. Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.


2. «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы № 933 қаулысы:

Тарату туралы:

1)Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті;



III. Сондай-ақ, 2014 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен мынадай шешімдер қабылданған жұзеге асыру бойынша одан әрі жұмыс жүргізілді:

қайта ұйымдастыру туралы:

РМҚК-сына қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру:

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» РМҚК-сына;

біріктіру (бірігу, қосылу) жолымен қайта ұйымдастыру туралы:

- 2 РМҚК-лар («Республикалық естуді түзеу орталығы», «Республикалық эксперименттік протездеу орталығы») Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК-сына;

- 16 РМҚК-лар («Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы», «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы») - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-сына біріктіру (бірігу, қосылу) жолымен қайта ұйымдастыру;

қосу жолымен:

- 2 РМК-лар («Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының асханасы» және «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы») - «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК-сына қосу жолымен қайта ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 16 Сот актiлерiн орындау департаменттерiн (Ақмола облысының, Ақтөбе облысының, Алматы облысының, Атырау облысының, Шығыс Қазақстан облысының, Жамбыл облысының, Батыс Қазақстан облысының, Қарағанды облысының, Қызылорда облысының, Қостанай облысының, Маңғыстау облысының, Павлодар облысының, Солтүстiк Қазақстан облысының, Оңтүстiк Қазақстан облысының, Астана қаласы бойынша, Алматы қаласы бойынша) қосу жолымен - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 16 Әділет департаменттерiне;



қайта атау туралы:

- 21 РМҚК-лар («М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» «Құдыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» «Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» «Республикалық неміс драма театры» «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы» «Сирек кездесетін қияқты саз аспаптарының мемлекеттік коллекциясы» «Республикалық кітап мұражайы» «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы» «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» «Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі» «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры» «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі») және «Қазқайтажаңарту» РМК Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 21 РМҚК-ларға және «Қазқайтажаңарту» РМК-ға;

 - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» РМҚК - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тiлдердi дамытудың республикалық үйлестiру-әдiстемелiк орталығы» РМҚК-ға;

- 2 РМК–лар («Геофизикалық зерттеулер институты», «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы») Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Атом энергиясы комитетінің - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгiнің 2 РМК-ларға («Геофизикалық зерттеулер институты», «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы»);



- «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК-ға;

тарату туралы:

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

* РММ, ММ - республикалық мемлекеттік мекемелер
Республикалық мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.

ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті төрағасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1368 бұйрығымен бекітілген 2015 жылы акциялардың мемлекеттік пакетін және ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестерін, республикалық меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне сәйкес 2015 жылдың 3 айында Комитет және оның аумақтық бөлімшелері АО-ның 1 мемлекеттік акциялар пакетінін 1 және ЖШС-тағы 3 мемлекеттік үлесін, сондай-ақ республикалық меншіктегі 384 құрылысы аяқталмаған объектіні, жылжымайтын мүлікті, машина, құрал-жабдықтар, көлік және өзге де объектілерді сауда-саттыққа қойды және оның 160 объектісі сатылды.


Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберіндегі жұмыс

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы және «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне стратегиялық емес объектілерді жекешелендірудің екінші толқынын өткізу тапсырылды.

Елбасының осы тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 қаулысымен кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің қатысуын қысқартуға бағытталған іс-шараларды қарастыратын Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілді, сондай-ақ 2014-2016 жылдарда Жекешелендіруге жататын ұйымдар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілді.

Жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде республикалық меншік бойынша 2015 жылы 20 квазимемлекеттік сектор объектісі сатуға жатады.

Осыған байланысты аталған объектілер Комитеттің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1368 бұйрығымен 2015 жылы республикалық меншік объектілерін Сауда-саттықа шығару Кестесіне қосылды.

Қазіргі күнде жекешелендірудің екінші толқыны объектілері бойынша 2015 жылы 2 объекті сатылды: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, «Нұрбанк» АҚ.

Сонымен қатар, мемлекеттік меншікті жекешелендіруді жүргізу барысында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында республикалық меншікті жекешелендіру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс комиссиясының құрамына Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан өкілдері енгізілді және Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаттары енгізілді.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері жүргізетін жекешелендіруден кейінгі бақылау.

2015 жылдың 1 қаңтарына ММЖК-ың орталық аппаратының бақылауында мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу-сатудың 14 шарты болды.

ММЖК-ның тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың Жылдық жоспарына сәйкес наурыз айында сатып алу-сатудың шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы сомасы 2 915 мың тенгені құрайтын шарт жасалды.

2015 жылғы 1 қантарда Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бақылауында мемлекет меншігіндегі объектілердің 10 сатып алу-сату шарты болды.

Есепті беру кезеңінде міндеттемелері орындалып жатқан 1 сатып алу-сату шарты бойынша Байқоныр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен инвестициялық және басқа да, міндеттемелердің орындалуын тексеру жүргізілді.

2015 жылғы 1 сәурдегі жағдай бойынша жекешелендіруден кейінгі бақылауда 10 сатып алу-сату шарты бар.


Мемлекеттік мүлікті есепке алу

1. 2015 жылдың 1 тоқсаны бойынша Мемлекеттік мүлік тізілімі (бұдан әрі - Тізілім) қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратын ұсынуға міндетті Тізілімнің 418 есепке алу объектілерінен:

- 44 объекті 2014 жылға арналған даму жоспарларын орындау жөніндегі Есептерін;

- 368 объекті 2012-2016 жылдарға арналған даму Жоспарларын ұсынды (2014-2015 ағымдық жоспарланағн жылдар) .

2. 2015 жылдың 1 тоқсаны жағдайы бойынша 261 орталық және жергілікті атқарушы органдарының 736 қызметкерлеріне ведомстволық бағынысты ұйымдары, соның ішінде олардың қаржы ақпараты жөніндегі ақпаратын қарау мақсатында (www.gosreestr.kz) веб-порталы арқылы Тізілімге қол жеткізу ұсынылды.
Жалға беру.

2015 жылдың 1 тоқсаны жағдай бойынша республика бойынша республикалық меншіктегі жалпы алаңы 213,14 мың ш.м. үй-жайларды жалға берудің 2 710 шарты және жабдықтарды жалға берудің 37 шарты әрекет етеді.



Сенімгерлік басқару.

2015 жылдың 1 тоқсаны жағдай бойынша сенімгерлік басқарудың қолданыстағы 98 шарты бар, олардың ішінде 16 шарт 2015 жылдың 1 тоқсанында жасалған.

98 шарттың ішінде: акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларын төлеуге мүлікті беру сәтіне дейін 27 шарт, 2 шарт мүлікті коммуналдық меншікке беру сәтіне дейін, 67 шарт анықталған әрекет ету мерзімдерін көрсетумен, 2 өзге шарт жасалды.
Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін мүліктік жалға беруді және пайдалануды ұйымдастыру

2015жылдың1 тоқсанында 144 республикалық мемлекеттік заңды тұлғада мүлікті мақсатты пайдалануға тексерулер жүзеге асырылды, бір жылға жоспарланған олардың жалпы санынан 32,7%-ды құрады, олардың нәтижелері бойынша артық пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын 3144 объекті (жылжымайтын мүлік – 22, көлік - 33 және өзге мүлік – 3089) анықталды, олардың ішінде 5-ін жарғылық мақсатта іске қосу (4 жылжымайтын мүлік, 1 өзге), 9-ын басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың арасында қайта бөлу (5 – жылжымайтын мүлік, 4 – өзге), -ін мүліктік жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру (жылжымайтын мүлік), 19-сын жекешелендіруге беру (3 – жылжымайтын мүлік, 16 – көлік), 3108-ін есептен шығару (7 – жылжымайтын мүлік, 170 – көлік, 3084- өзге) ұсынылды.


«Байқоңыр» кешені бойынша

Комитетінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық органдарының басшыларының қатысуымен 2015 жылғы 25-26 ақпандағы кеңесінің Хаттамалық шешімінің 4.1 тармағын орындау бойынша Комитет Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп 2015 жылы «Байқоңыр» кешенінің объектілері мен мүлкіннің сақталуын және пайдалану шарттарын бақылау бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жоспарын (бұдан әрі-Жоспар) әзірледі.

Қазіргі уақытта Комитет 2015 жылғы 20 наурыздағы № КГИП-7/930-И хатымен Жоспарды Ресей Федерациясының Федералдық ғарыш агенттігіне қол қойю үшін жіберді.

Жоспарға сәйкес «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген объектілерінің сақталуына және пайдалану жағдайларына бақылау жөніндегі Қазақстан Республикасының арнайы ведомствоаралық комиссиясының (АВАК) отырысын өткізу 2015 жылғы 29 мамырына жоспарланған.


Мемлекеттік жылжымайтын мүлікке тексерудің қорытындылары.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 01-7.1(ХТ) Кеңес хаттамасының 2-тармағының 5.1-тармақшасын орындау үшін мемлекеттік жылжымайтын мүлікке жүргізілген тексерудің қорытындылары бойынша Квазимемлекеттік сектор субъектілерін және мемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2013 жылғы 10 қазандағы № 17-5/И-803 Хаттамасымен 460 мың ш.м. (республикалық меншік 88 мың ш.м. және коммуналдық - 372 мың ш.м.) анықталды, оның ішінде:

262 мың ш.м.-дан 84,2 мың ш.м. (республикалық – 23,6 мың ш.м. және коммуналдық – 60,6 мың ш.м.) жекешелендіруге берілді

107 мың ш.м.-дан 29,9 мың ш.м. немесе 28 % (республикалық – 4,8 мың ш.м. және коммуналдық – 25,1 мың ш.м.) әлеуметтік объектілерге берілді;

91 мың ш.м.-дан 66,8 мың ш.м. немесе 73% (республикалық – 30,5 мың ш.м. және коммуналдық – 36,3 мың ш.м.) мемлекеттік заңды тұлғаларды оңтайлы орналастыру үшін берілді.
Біріңғай теңгерім ұстаушысы бойынша пилоттық жоба

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1012 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды іске асыру жөніндегі 2014 – 2015 жылдарға арналған жол картасының 16 тармағымен 2015 жылдың желтоқсан айы мерзімімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өңірлік құрылымдық ведомстволары базасындағы жобаны іске асыру қорытындысы бойынша кейін оларды күтіп-ұстау бойынша функцияларды жеке кәсіпкерлік субъектілеріне бере отырып, құқық қорғау органдарын қоспағанда, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелеріне бекітілген ғимараттар мен автокөлік құралдарының бірыңғай теңгерім ұстаушылары ретінде ММЖК-нің аумақтық бөлімшелерін айқындау бойынша мәселені пысықтау көзделген.

Жол картасының 16 тармағын іске асыру мақсатында Қаржы министрі Б.Т. Сұлтановпен 2014 жылғы 25 желтоқсанында 25 іс-шараны көздейтін Жол картасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспары бекітілді, оның шеңберінде алаңдарды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын 1257 штаттан тыс қызметкерлер қабылданды (еңбек шарттары жасалынды), МКД-дан 128 мемлекеттік қызметкер санын беру келісілді, еңбекақы төлеу қоры, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің (ММЖД) штаттық кестесі мен құрылымы бекітілді.

2015 жылдың 1 тоқсанында Ақтөбе ММЖД-сімен келесі жұмыс атқарылды.

Коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен жалпы сомасы 31 млн. теңгеге шарттар жасалынды.

Ақтөбе қаласында орналасқан аумақтық бөлімшелердің ғимараттарын күзету бойынша, ғимараттарына шаруашылық қызметтер көрсету бойынша қызметтерді конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілді.

5 аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының әкімшілік ғимараттарын жылыту үшін 30 700 литр көлемінде дизель отыны сатып алынды.

Қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығаруға, дабыл сигнализацияларына техникалық қызмет көрсетуге, газ құбырларына техникалық қызмет көрсетуге шарттар жасалынды.

Электротоварлар, шаруашылық товарлар, автокөлік құралдарына бензин, ЭҚАБЖ үшін сервер, мемлекеттік тулар сатып алынды.

Мұғалжар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өрт сигнализациясын монтаждауға жобалау-сметалық құжаттамасын құру бойынша жұмыстар сатып алынды және ол ғимаратта жергілікті есептеуіш желіні монтаждау бойынша жұмыстар, Әйтеке би аудандық қазынашылық басқармасының ғимаратында жергілікті есептеуіш желіні монтаждауға жобалау-сметалық құжаттамасын құру бойынша жұмыстар өткізілді.

Хромтау мен Мартұқ аудандық қазынашылық басқармаларының ғимараттарын күзету бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алуға конкурстар жарияланды.

ҚК, ҚБК, ҚМК-тінен ММЖД-ға ғимараттарды күтіп ұстауға 1 365,3 мың. теңге сомасындағы шығыстар берілді.

ММЖД-мен байланысты шығыстар бойынша сомаларды қайта бөлуін ескерумен 2015 жылға міндеттер мен төлемдер бойынша дербес қаржыландыру жоспарлары бекітілді.

Жалпы алаңы 137,4 мың шаршы метр 290 үй-жайлар мен ғимараттар ҚК, ҚБК, ҚМК аумақтық бөлімшелерінің теңгерімдерінен ММЖД теңремідеріне берілді.

Бұл ретте, ММЖД-мен алаңдарды күтіп ұстау бойынша қызметтерді жеке кәсіпкерлік субъектілерінен заңнамамен белгіленген тәртіпте сатып алынатын болады.

Бұдан басқа, жоба шеңберінде жедел-іздестіру шараларына жұмылдырылғандарды қоспағанда МКК-нің аумақтық бөлімшелерінің автомашиналарв, сонымен бірге ҚК, ҚБК мен ҚМК аумақтық бөлімдерінің автомашиналары берілетін болады.

«Орталық атқарушы органдардың құқық қорғау органдарын қоспағанда, Ақтөбе облысы бойынша аумақтық бөлімшелерінің жылжымайтын мүлкі мен көлік құралдарының бірыңғай теңгерім ұстаушысын айқындау және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына толықтыру енгізу туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасы жасақталды, ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде (ПМК-ға 21.01.2015ж. № КГИП-7/733-И хатымен енгізілді, 11.02.201ж. № 20-37/П-61 түзету үшін қайтарылды, түзетілді және ПМК 16.03.2015ж. № КГИП-7-7086//20-37/П-61-3603 хатымен қайта енгізілді).
2015 жылдың 2-ші тоқсандағы міндеттер


  1. Жекешелендірудің 2014 - 2016 жылдарға арналған кешенді жоспарына, сондай-ақ хаттамалық тапсырмаларға сәйкес республикалық мүліті сенімгерлік басқаруға беру бойынша дайындық шаралар.

  2. Меншіктің мемлекеттік мониторингін өткізу бойынша консалтингілік қызметтерді электрондық мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізу.



IІI. Қазақстан Республика Үкіметі отырысының хаттамалық шешім жобасына ұсыныстар

Алдағы Қазақстан Республика Үкіметі отырысының хаттамалық шешім жобасына ұсыныстар жоқ.


IV. Министірдің жоспар баяндамасына ұсыныстар

Министірдің жоспар баяндамасына ұсыныстар жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет