1. Жіктеу есімдігін табыңыз



бет2/2
Дата08.11.2023
өлшемі23.71 Kb.
#482714
1   2
Етістік Есімдік

Туған ел

Туған жер қандай көркем мөлдіреген,
Желегі жермен бірге желбіреген.
Аралап күндіз – түні жүрсем - дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
Ыстық – ау бүлдіргенді өзендерің,
Саянда сайрап өскен өрендерің.
Мен едім соның бірі – қарыздармын,
Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.
Қашан да қарыздармын, елім, саған,
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махаббатын,
Туған ел, берерім көп менің саған.

2-тапсырма.Семантикалық карта

Мысалдар

Есімді тіркес

Етісті тіркес

Қалың ой







Адамгершілігі мол







Жақсы қасиет







Сарай салғызды







Ананы құрметтеу







Жақсы оқиды







Арман қала







Астықты егу







Ауылдың баласы







Жылдам жүгіру









1 - жаттығу «Кім жылдам?» сабақты етістік пе, салт етістік пе? анықтап жаз.

1- топ

2- топ

Айт –сабақты,

Кел – салт,

Айтқанға көн – салт

Сабақты біл – сабақты

Аспанға қара – салт

Мектепке кір- салт

Алысқа жүгір – салт

Мақаланы жаз-сабақты

Нәтижеге қуан- салт

Онынан тұр-салт

Биді биле – сабақты

Тамақты жаса

Біліммен жарыс – салт

Үйге кір- салт

Жұмысты аяқта –сабақты

Ойынды баста – сабақты

Мақсатқа жат- салт

Жерде жатыр-салт

Ойыңды жасыр- сабақты

Жұмысынды тапсыр- сабақты

Кітап оқы

Төрде жатыр



2 - жаттығу «Семантикалық карта»



Етістіктің түрлері
Сөз тіркес

Сабақты

Салт

Болымды

Болымсыз

Ағаш кесілмеген













Шөпті баспа













Егін салдық













Білімін толықтырды













Тіл қатпады













Жерге төкті













Ауылдан көшті













Сөзді













Үйге жүгірме













Сабағын оқыды















2 - жаттығу Берілген үзіндіден етіс түрлерін тауып, түрлеріне ажыратып жаз. Оларға морфологиялық талдау жаса.
1 Ашуланып падиша
Әр жерден ұста алдырды,
Енділігі жеті кез,
Темір үйді салдырды.
Шұбар атты кіргізіп,
Ашықтырып жегізіп.
2.Жайықтың бойы қамыс-ты,
Батырлар қылды намысты.
Ырғай сапты сүңгімен
Ырғай, ырғай салысты,
Итерісіп тұрысты,
Ат тізесін бүгісті.
3. Ән үзіліпті. Таңертеңнен бері ортадағы кең дастарқан
бойында үш жерден сапырылып отырған қымыз аздан
бері ішілмей, іркіліп қалған-ды.Ән толастаса болғаны,
үй іші жапырлап, әр тұстан сөйлесіп, күбірлесіп, күлісіп жатыр.

4-Тапсырма Семантикалық карта:



Мысалдар



негізгі

туынды

болымд ы

болымсыз

есімше

көсемше

өздік

өзгелік

ырықсыз

ортақ

тұйық

Орындамау


































Келе жатыр


































Шақырмады


































Көрген жоқ


































Төлепті


































Естілді


































күлімсірейді




































5- тапсырма Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті теріп жазып, талдаңыз.
Адам баласының достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында.

5- тапсырма Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті теріп жазып, талдаңыз.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам баласының тыныс- тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы адам баласының бір-біріне мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.


5- тапсырма Мәтіннен етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті теріп жазып, талдаңыз.
«Әке мен бала» әңгімесі
Қытай жұртында ескі заң бар екен : біреуді алдағандығы расталса, алдаған кісінің қолын кесетін. Бір төре осындай іспен күнәлі болып, әлгі айтылған жазаны алуға тұрғанда, жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін депті. Сөйтіп, қызды патшаға алып келіпті. - Тақсыр , патшам,-деді қыз,- менің әкем жазаға лайық болғаны рас. Сол үшін қолынан айрылуы керек болды. Мінеки , тақсыр , әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтереді.-Бұл қол да жазықты болған әкемнің қолы, бірақ мұнымен бала-шағасын асырауға шамасы келмейді. Тақсыр, әкемнің осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарайтын, бала -шағасын асырайтын қолын аман қалдыруға бұйырыңыз. Патша қыздың әкесіне деген мұнша мейірімділігіне рақымы түсіп, төренің күнәсін кешті дейді. Осылайша қыз баланың батырлығы мен мейірімділігі әкесін жазадан аман алып қалыпты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет