1.тақырыбы: жедел және созылмалы гломерулонефриттер
1. Гломерулонефрит:
a) бүйрек тостағаншалары мен түтікшесінің қабынуы
б) қуықтық қабынуы
в) бүйректің нефрондарының жайылмалы қабынуы
г) зәр бөлу жолдарының қабынуы
2. Гломерулонефриттің этиологиясы:
a) стафилококк
б) β- гемолизді стрептококк- А тобы
в) пневмококк
г) токсикалық заттармен улану
3.Гломерулонефрит ауруында жүргізілетін негізгі лабораториялық тексеру:
a) жалпы қан талдауы
б) зәрді Реберг әдісімен тексеру
в) зәрді Зимницкий әдісімен тексеру
г) зәрді бактериоскопиялық тексеру
4. Гломерулонефритпен ауыратын науқастарды аспаптармен тексеру әдісі:
a) рентгендік тексеру
б) ультрадыбыспен зерттеу
в) цитоскопия,биопсия
г) урография
5. Гломерулонефрит ауруының асқынуы:
a) қан айналымның жетіспеушілігі
б) өкпе жетіспеушілігі
в) бүйрек жетіспеушілігі
г.жүрек жетіспеушілігі
6. Гломерулонефритті алдын алу шаралары:
a) инфекциялық ошақтарды емдеу
б) диетаны сақтау
в) вакцинация
г) жағымсыз қылықтарды жою
7. Созылмалы гломерулонефрит ауруымен ауыратын науқастың биохимиялық қан талдауында өзгереді:
a) билирубин
б) қант
в) азот қалдықтары
г) холестерин
8. Созылмалы гломерулонефрит ауруының жіктелуі, тек біреуінен басқалары:
a) жасырын
б) нефротикалық
в) гематуриялық
г) астеникалық
9. Созылмалы гломерулонефритпен ауырған науқастың зәр талдауында анықталынады:
a) лейкоциттер
б) зәрдің тығыздығы төмендейді
в) тәулік диурез көбейеді
г) зәрде эритроциттер көбейеді
10. Созылмалы гломерулонефритпен ауырған науқастың несеп бөлуінің өзгеруі:
a) түнгі зәр көлемі көп
б) жалпы диурез азаяды
в) жалпы диурез көбейеді
г) күндізгі диурез көбейеді
11. Созылмалы гломерулонефрит ауруында Зиминцкий тәсілімен несепті тексеру мақсаты :
a) тәулік диурезді, несеп тығыздығын анықтау
б) зәрдегі қант құрамын анықтау
в) 1 мл несепте бөліп шығарылатын пішінді элементтерді анықтау
г) бүйрекпен 1 тәулікте бөлініп шығатын пішінді элементтерді анықтау
12. Созылмалы гломерулонефритпен ауырған науқастарда ісінудің пайда болуы:
a) таңертең, дененің жоғарғы бөлігінде
б) кешке қарай дененің төменгі бөлігнде
в) түсте бет әлпеттің ісінуі
г) ісіну болмайды
13. Созылмалы гломерулонефрит ауруында ісінудің бүкіл денеге жайылуы:
a) эмпиема
б) асцит
в) анасарк
г) экзема
14. Созылмалы гломерулонефритпен ауырған науқасқа тағайындалатын диеталық столдың ерекшілігі:
a) құрамында ақуыз көп тағамдарды шектеу
б) тәулігіне 800 мл сұйықтық ішу
в) тәулігіне 7 гр аз тұзын қолдану
г) жануар майын қолдануды шектеу
15. Созылмалы гломерулонефритің гематуриялық түріне тән өзгеріс:
a) зәрдің көлемнің көбеюі
б) зәрдегі белоктың көбеюі
в) зәрдегі эритроциттің пайда болуы
г) зәрдегі лейкоциттердің көбеюі
16. Қандай ауру ісіктердің пайда болуымен, олигуриямен, протеинуриямен, зәрде эритроциттердің көбеюімен басталады:
а) пиелонефрит
б) созылмалы гломерулонефрит
в) цистит
г) бауыр ауруларында
Достарыңызбен бөлісу: |