1 Тақырыбы:тиреотоксикоз.Эндемиялық зоб
1.Тиреотоксикоз:
а) қалқанша безінің гиперсекрециясы, жүйелермен, мүшелердің қызметінің бұзылуы
б) қалқанша безінің некроздануы
в) қалқанша безі тиреотроптық гормондарды аз бөлуі
г) қалқанша маңы безінің гиперсекрециясы
2.Тиреотоксикоздың этиологиясы.
а) адинамия
б) ас тұзын көп қолдану
в) ұйқы безінің секрециясының өзгеруі
г) гипофиз безінің секрециясының өзгеруі
3. Тиреотоксикоз ауруында жүргізілетін диагностикалық көз симптомы:
а) Кера
б) Ортнера
в) Грефе
г) Захарин-Геда
4. Тиреотоксикоз ауруында пальпация жүргізгенде анықталынатын терідегі өзгеріс.
а) тері жұмсақ, нәзік, дымқыл
б) тері қатты, қабыршықтанған
в) тері суық, дымқыл
г) теріде геморрагиялық бөрпелер
5.Тиреотоксикоз ауруының асқынуы:
а) Квинке ісігі
б) анафилактикалық шок
в) гипергликемиялық кома
г) тиретоксикалық криз
6.Тиреотоксикоз ауруының жүктілікке әсері:
а) жүктілікке әсері жоқ
б) мезгілінен ерте босану
в) босанудан кейінгі қан кету
г) кеш босану
7.Тиреотоксикоз ауруымен ауырған науқасты қарағанда анықталатын өзгеріс,тек біреуінен басқа:
а) терінің түсінің өзгеруі
б)қолының дірілдеуі, тез қимылдау
в) көз алмасының сыртқа шығуы
г) ұйқышылдық, ешнәрсеге қызықпаушылық
8.Тиреотоксикоз ауруының жалпы симптомдары:
а) дауысының қарлығуы, жөтелу
б) тұншығу, ентігу
в) ашушаңдық, тершеңдік
г) ұйқышылдық, аз сөйлеу
9.Тиреотоксикоз ауруында жүргізілетін зертханалық диагностикасы:
а) зәрді қантқа тексеру
б) қандағы тиретроптық гормонның деңгейін анықтау
в) қандағы билирубин деңгейін анықтау
г) лабораториялық тексеру жүргізілмейді
10. Эндемиялық зобтың этиологиясы:
а) ас тұзын көп қолдану
б) жиі диетаны бұзу
в) организмдегі йодтың жетіспеушілігі
г) организмдегі темірдің тапшылығы
11. Эндемиялық зобпен ауырған науқастың терісі:
а) жылы, нәзік,жұмсақ
б) құрғақ, күс-күс, қатты
в) дымқыл, суық, жұмсақ
г) жылы,дымқыл, қатты
12. Эндемиялық зобта қалқанша безінің өсу дәрежесін анықтайтын тексеру әдісі:
а) пальпация жүргізу
б) перкуссия жүргізу
в) анамнез жинау
г) лабораториялық тексеру жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |