|
тақырыбы: перикардиттер, миокардиттер, эндокардиттер
|
бет | 11/35 | Дата | 04.04.2024 | өлшемі | 236.77 Kb. | | #497664 |
| 1. Жіті жне созылмалы бронхиттер3.тақырыбы: перикардиттер, миокардиттер, эндокардиттер.
1.Кардиомиопатиялардың қабыну процесіне байланысты жіктелуі, тек біреуінен басқа:
a) гипертрофиялық
б) дилятациялық
в) рестрикциялық
г) атрофиялық
2. Эндокардиттің этиологиясы, тек біреуінен басқалары:
a) жасылдаушы стрептококк
б) алтын сары стафилококк
в) энтерококк
г) микобацилла
3. Эндокардиттің клиникалық ерекшелігі:
a) дене қызуының өте жоғары көтерілуі, терісі «сүт қатқан кофе» тәріздес, геморрагиялық бөртпелер
б)ентігу, жөтеліп іріңді қақырық тастау, терісі диффузды цианоз, дене қызуы субфебрильді
в)жүрек тұсының ауырсынуы, аяқта ісік пайда болады, бауыр ұлғаюы
г) жүрек ритмінің өзгеруі, ентігу, мөлдір ал қызыл көбікті қақырық тастау
4. Инфекциялық эндокардиттің ІІІ- дәрежесінде талдауындағы өзгерісі:
a) ЭТЖ – 56 мм/сағ.
б) ЭТЖ – 30 мм/сағ.
в) ЭТЖ – 16 мм/сағ.
г) ЭТЖ – 4 мм/сағ.
5.Эндокардиттің ең тиімді емі:
a) витаминдер, глюкокортикоидтар, жүрек гликозидтері
б) үлкен дозада антибиотиктер, антикоагулянттар, дезинтоксикациялық терапия
в) физиотерапиялық ем, витаминдер, санаторлық-курорттық ем
г) антоцидтер, вазодилятаторлар,жүрек гликозидтері
6.Эндокардиттің асқынуы:
a) пневмония
б) миокард инфаркты
в) тромбоэмболия
г) стенокардия
7. Жүрек бұлшық етінің инфекциялық қабынулары тек біреуінен басқалары:
a) перикардит
б) эпикардит
в) эндокардит
г) плеврит
8. Миокардит басталады:
a) инфекциялық аурудан кейін 2-3 аптадан
б) миокард инфарктының 4-ші аптасынан
в) вирусты гепатиттің 9 – шы айынан
г) пневмонияның 1 – ші аптасынан
9. Миокардиттің асқынуы:
a) анафилактикалық шок
б) миокард инфаркты
в) гипертониялық криз
г) аритмиялық өзгерістер
10. Перикардиттің жіктелуі, тек біреуінен басқа:
a) құрғақ
б) эксудатты
в) инфекциялық
г) токсикалық
11Құрғақ перикардиттің клиникалық белгілері, тек біреуінен басқалары:
a) жүрек тұсының сыздап, түйіліп, тырнап ауруы
б) науқас өзіне ыңғайлы жағдай жасайды
в) аускультацияда жүрек тұсынан перикард үйкелісі естіледі
г) жұтынудың қиындауы
12.Эксудатты перикардиттің құрғақ перикардиттен айырмашылығы, тек біреуінен басқасы:
a) ауырсынудың сипаттамасы
б) перкуссияда жүрек шекараларының ұлғаюы
в) аускультацияда жүрек тондарының баяу естілуі
г) үйкеліс шуы жүректің нағыз тұйықтығының бетінен естілуі
13. Эксудатты перикардиттің рентгенографиядағы көрінісі:
a) жүрек пішіні аортальді
б) жүрек пішіні митральді
г) «қалқыған жүрек » белгісі
в) жүрек пішіні «шар тәріздес»
15. Эксудатты перикардитте диагностикалық және емдік мақсатта жүргізілетін тексеру әдісі:
a) ультрадыбыспен тексеру
б) рентгендік тексеру
в) перикардқа пункция жасау
г) биопсия жасау
16. Миокардиттерде қолданылатын дәрілер, тек біреуінен басқасы:
a) вибрамицин 0,1г
б) преднизолон 30 мг
в) агапурин 0,2г
г) омез 20 мг
17. Перикардитке әкелетін себепші аурулар:
a) туберкулез, ревматизм, мерез
б) ларингит, бронхит, пневмония
в) бауыр циррозы, холецестит, холангит
г) бронх демікпесі , пиелонефрит, гломерулонефрит
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|