1 Жүргізуші: Табақ бас табақ, орта табақ, сый табақ, аяқ табақ деп төртке бөлінеді. Тағы да төменде беріліп отырған табақтың түрлері бар. Әр қайсысы табақ иелеріне қарай жасалады.
2 Жүргізуші: Ет пісіп дайын болған соң, ет бөлуші кісіге қай қонаққа табақ тарту керектігін айтады. Табақ жасаушы кісі қамыры салынған дайын табаққа қадірлі қонаққа арнап бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе, әсіпті бөліп-бөліп, адам санына қарап жасап береді. Табаққа жылқы, сиыр, қой еттерін араластырып салады.
Мұрат: Қазақ халқының қонақ келсе, ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақы ет. Қазақтың сыйлы қонағына мал басын ұсынып, табақ-табақ ет тартатыны белгілі. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала) сәйкес келуі керек.
Құда табаққа – жылқы, сиыр, қой еттері кіреді. Мүше еттерден тоқпан жілік, жамбас, омыртқа салынады. Құдаларға құйрық-бауырды жеке дайындайды. Бауыр мен құйрықты тілшелеп кесіп, пияз, қаймақ, айран араластырып жасайды.
Құдағи табаққа – жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік, жылқы, сиыр, қой еттерін салады. Қазақ халқы малдың жағын құдағидың сыбағасы деп береді.
Жеңге табаққа – асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, қазы-қарта, құйрық, өкпе, үлтабар салынады. Ұлтабар – келіндердің сыбағасы. Ұлды қастерлейтін қазақ халқы осы мүшені ұлдың анасы келіндікі деп бөлген.
Беташар табаққа – сүбе, төс ет, қарын, ащы ішек, құйымшақ, мойын омыртқа кіреді. Мойын омыртқа – жас келіннің сыбағасы.
Күйеу табаққа – төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, жылқы қазысы, қарта, жауырын, қой еті кіреді. Төсті қазақта күйеу сыбағасы дейді. Күйеу болып қайын жұртына бірінші рет келген күйеу жігіт «Күйеу табаққа» ақы беріп сатып алатын салт бар.
Қыз табаққа – құйымшақ, тоқпан жілік, беломыртқа, құйрық, қабырға, жылқы, сиыр, қой еттері кіреді. Тағы да қыздарға жүрек, тіл, бүйрек салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |